Голливудтық косметологтың сұлулық сақтаудағы 8 КЕҢЕСІ

0
2 544

«Тістің теріге қандай қатысы бар?» деген сұрақ туындауы мүмкін...


Голливудтық косметологтың сұлулық сақтаудағы 8 КЕҢЕСІ

Голливудтық жұлдыздардың сұлулығына сұқтанып, таңдай қағатын қыз-келіншектер аз емес. Солардың сеніміне ие болған, терінің сұлулығы жасқа байланысты емес екендігін үнемі айтып жүретін Голливуд докторы Гарольд Лансердің көмегімен атақты акрисалар Дженнифер Лопес пен Скарлетт Йоханссон жыл өткен сайын көркіне көрік қосылуда.


Ендеше барлық жаста да әдемі болудың, барлық жаста да тері күтімін қолға алсақ, жасара түсудің құпиясын ашатын боламыз.



Күнделікті ПИЛИНГ

Доктор Лансер қазіргі күні «теріге күн сайын немесе жиі пилинг жасау теріге зиян келтіреді» деген пікірге қарсы. Оның айтуынша, күнделікті пилинг жасау терінің көркем әрі жас күйінде сақталуына тек қана көмектеспесе, кері әсерін тигізбейді деп есептейді.


60 МИНУТ ұстанымы

Дерматолог ылғалдандырғыш кремді жуынып болғаннан кейін 1 минуттың ішінде теріге жағуды ұсынады. Сол кезде тері де ылғалдылықты өзіне көбірек сақтап қалатын болады.


Бет терісі үшін ШАМПУНЬ

Иә, біртүрлі, ерсілеу естілді ме? Бірақ, доктор Лансер өзінің не дегенін жақсы біледі. Бет терісінің қышуын қайызғаққа қарсы шампунның көмегімен «емдеуге» болады. Өте сезімтал тері үшін де кәдімгі шаш жууға арналған шампунь пайдалы.


ПРАЙМЕРді ұмытпаңыз

Макияждан бұрын теріге жағатын база нейтрал химиялық қоспаларға бай болғандықтан, майлы терідегі безеулердің асқынуынан, қалыпты теріні құрғап кетуден сақтайды.




SPF-ФАКТОР

Атақты дерматолог SPF күннен қорғаушы кремді шектен тыс қолданбауға кеңес береді. Егер ылғалдандырғыш крем ультракүлгін сәулелерден қорғайтын болса, тональді кремнің SPF күнге қарсы қоспалары болмағаны дұрыс. Өйткені, бұл теріге артық күш түсіреді.

Ең дұрысы, күнделікті пайдалануға жеңіл ВВ және СС кремдерін пайдаланыңыз.


БЬЮТИ-ДЕТОКС

Аптасына 1 рет «МАКИЯЖсыз күн» жариялаңыз. Бұл күні сіз тек қана теріні нәрлендіретін және ылғалдандыратын кремдерді ғана пайдаланыңыз.


СУды пайдалану

Мүмкіндігінше суды тұтыну, жуыну үшін бөлме температурасындағы суды пайдалыныңыз. Бұлай жасау терідегі ылғалдылықты сақтап қалуға көмектеседі және терінің тырысып қалуынан сақтайды.


ТІСіңізді таңғы асқа дейін жуыңыз

Сіз тісіңізді осылай тазалайтын болсаңыз, дұрыс жасап жүрсіз. Гарольд Лансердің пайымдауынша, тісіңізді ұйқыдан ояна салысымен жусаңыз, теріңіздің сұлу көрінісі жоғалмайды.

«Тістің теріге қандай қатысы бар?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себебі, тісті таңертең ұйқыдан тұрғанда тазалау түні бойы жиналып қалған бактериялар жеген тамағыңызбен бірге ағзаңызға сіңіп кетпейді.

Ал, ағзаның саулығы, терінің де саулығы екендігін естен шығармаған боларсыз?!

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR. KZ

Тағы да оқыңыз:


МАНИКЮР түріне қарап ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ екеніңізді білуге болады


Асқабақтан СУПЕР МАСКА