​Асқабақтан СУПЕР МАСКА

0
4 266

Теріңіз қандай типте болмасын, асқабақ сізге өте жақсы көмектеседі. Өйткені, асқабақтың құрамы "сұлулық" пен "балғындыққа" толы.


​Асқабақтан СУПЕР МАСКА

Асқабақтан маска жасасаңыз, сіздің теріңіз қандай типте болса да жағымсыз тұсы байқалмайды. Себебі, оның құрамында «сұлулық» пен «жастық» дәрумендері өте мол.

Ең негізгі ЕКІ ДӘРУМЕН

Тері әрдайым барқыттай жұмсақ, үлбіреген жібектей әдемі болуы үшін Е және Т дәрумендерін ұдайы тері үшін қабылдап тұру керек.

Біріншісі, яғни, Е дәрумені терінің жастық қалпын сақтауға үлес қосса, екіншісі, Т дәрумені өлі тері жасушаларының уақытылы жаңарып отыруына жауапты.

Ал, біз айтып отырған асқабақтың құрамында осы екі дәрумен өте мол кездеседі. Сондықтан, асқабақтан ағза үшін, дұрыс тамақтану үшін ғана емес, косметикалық мақсатта да, сұлулыққа үлес қосу үшін де жиі пайдаланған дұрыс.

Бет күтімі үшін кез-келген тері түріне асқабақтан жасалған маска түрі сәйкес келетінін жоғарыда айтып өттік.

Енді әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетсек.


Кез-келген түрдегі тері үшін...

Масканы бетіңізге жағардан алдын, теріңіздегі ұсақ тесіктер ашылып, пайдалы дәрумендер сіңуі үшін бір мезгіл бетіңізге жылы суға малынған сүлгі қойып жатыңыз. 2 ас қасық қайнатылған асқабақты езіп, үстіне 1 дана жұмыртқаның сарыуызын және 1 шай қасық бал қосыңыз. Барлығыны араластырып, жылы күйінде бетіңізге жағыңыз.

10-15 минуттан соң жуып тастаңыз. Жүзіңіздің жасарып, балғын теріге қол жеткізгеніңізді байқайсыз.

Құрғақ тері үшін...

Үккіштен өткізілген асқабақтың 1 ас қасығына 2 ас қасық қайнаған сүт құйыңыз. Екеуін жақсылап араластырып алған соң, су ваннасында 10-15 минуттай булаңыз. Дайын болған қоспаға 2 ас қасық сұлы жармасын (геркулес) қосып, тағы да жақсылап араластырыңыз. Қоймалжың күйге енуі тиіс. Масканы бетіңізге жылы күйінде жағыңыз.

15 минуттан соң, сірке суы араласқан сумен жуып тастаңыз. Жарты литр салқын суға жарты шай қасық сірке суын (уксус) құйып, дайындап алыңыз.


Бетіңіз ісініп кете берсе...

2 ас қасық ұсақтап туралған асқабақтың үстінен аздаған су құйып, бір рет бұрқ еткізіп қайнатып алыңыз. Кейін егер суы көбірек болса, төгіп тастаңыз, қайнатылған асқабақты ботқа тәрізді болғанша езесіз.

Осы ботқаны дәкеге салып, артық суын сырғытып тастап, ісінген бет терісіне немесе қабақ үстіне, көз астына компресс жасап қойсаңыз болады. Компресс қағазымен үстінен жабыңыз (дәріханаларда сатылады).

15 минуттан соң алдымен жылы сумен, соңынан салқын сумен шайыңыз. Ескеретін жәйт, бұл компресс егер сіздің бетіңіз бүйрек, жүрек пен тамыр ауруларының себебінен туындамаса ғана көмек бере алады.

Сепкіл мен пигментті дақтарға қарсы тұратын ЛОСЬОН

Енді бізге асқабақтың дәні керек. Қабығынан тазартылған асқабақ дәнін келімен немесе кофеұнтақтағышпен ұнтақтаңыз.

1:1 қатынасында үстінен қайнаған су құйыңыз. Екі сағатқа бетін жауып, тұндырып қойыңыз. Уақыт өткеннен кейін дәкемен суын төгіп тастап, 2: 1 қатынасында сүт құйып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны лосьон орнына қолдансаңыз да болады немесе одан маска түрінде де пайдалануыңызға болады.

Әр қолданған сайын бұл лосьонның ағартқыш қасиеті көрініс тауып, керемет нәтижеге жеткізеді.

Г.ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«ВВ» немесе «СС» - қайсысы ДҰРЫС?


Бет терісі ҚАЙ ТИПКЕ жатады? (анықтау үшін шағын ТЕСТ)