​ҚЫЗАНАҚтың «сиқыры» қыз-келіншекті СҰЛУ етеді

0
4 205

Қызанақ жасартады.


​ҚЫЗАНАҚтың «сиқыры» қыз-келіншекті СҰЛУ етеді

Қыздардың көпшілігі терісінің таза әрі теп-тегіс, жастық нұрын шашып, жарқырап тұрғанын қалайды ғой.

Ол үшін дәл қазіргі мезетте сіз үшін ең қолжетімді, тиімді әдістердің бірі қызанақ маскасын жасау көмекке келеді.

Қызанақ маскасы сізге жан-жақты көмектеседі. Таза піскен 1 дана қызанақтың шырынды, етті бөлігінен сиқырлы құрам дайындап, бетіңізге жағыңыз.

Жарты сағаттай күтіп, кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бір рет жасағаннан-ақ нәтижесі байқалады.


Қызанақтың ағартатын қасиеті бар

Егер сіздің уақытыңыз тығыз болып, бірақ тез арада бетіңіздің әдемі көрінісін жасағыңыз келсе, жаңа піскен қызанақты жуып, жұқа тіліктерге кесіп алыңыз. Осы бөлшектерді бетіңізге қойып, 15-20 минут жату керек. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.

Мұндай әдісті қолыңыз бос уақытта да жасай беріңіз. Екі жұмада бір рет, яғни он күнде бір рет жасауға болады.


Қызанақты сепкілге қарсы қолдану

Сепкіл мен басқа да пигментті дақтарды кетіруге қауқарлы, қызанақ пен сүттің қоспасынан керемет нәтиже көруге болады.

Ол үшін көлемі кішірек бір дана қызанақтың шырынын (езбесін) 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Барлығын блендермен езіп алсаңыз болады.

Осы қоспаны таза теріге, мойынға және декольте аймағына жұмсақ дәке немесе мақтамен жағып шығыңыз. 15 минут өткеннен кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Бұл әдісті екі апта бойы күн сайын ұйқыға жатар алдын жасап жатсаңыз, көз сүйсінетіндей нәтиже көресіз.


фото: zen.yandex.ru

Қызанақ әжімге қарсы

Мұндай маска терінің күйін жақсартуға көмектеседі. Өйткені қызанақтың құрамына кіретін пайдалы заттар эпидермистің жоғарғы қабатын нәрлендіреді және ылғалдандырады.

Мұның әсерінен тері сұлулық және балғындыққа бөленіп қана қоймай, терідегі әжімдердің де ізі жоғала бастайды. Сонымен қатар, беттің контуры да айқындалады.

1 дана қызанақты бірнеше бөліктерге бөліп, блендерге салыңыз. Үстінен 1 ас қасық крахмал, 1 дана жұмыртқаның сарысын қосып араластырып алыңыз.

Біркелкі массаға айналғанша күтіңіз. Дайын болған қоспаны бет, мойын және декольте аймағына, тіпті иықтарыңызға да жағып шығуыңызға болады.

15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл әдісті 10 күнде бір рет қайталаңыз.


ЕСКЕРТУ: Қызанақ маскасын жасамас бұрын, аллергияға тест жасатып көріңіз. Немесе өзіңіз үйде қызанақтың кішкене бөлігін шынтағыңыздың ішкі бөлігіне (теріңізге) жағып көріңіз. 20 минут күтіңіз. Егер теріңізде ешқандай реакция байқалмаса, қызанақтан жасалатын кез-келген масканы қорықпай қолдана беруіңізге болады.


Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


АНТИПЕРСПИРАНТ көмектеспей ме? ТЕРдің иісінен құтылатын ӘДІС бар


Перманетті макияж бен татуаждың айырмашылығы бар - тәжірибелі маман