Мұның бірнеше тамшысын саусағыңызға тамызып, көп терлейтін аймаққа жағып шығыңыз.
Шілденің аптабында адамдар еріксіз терлейді. Ал тер иісі әрине жағымсыз, ыңғайсыздық туғызады. Дені сау адамның өзінде денеден тер бөлінгенде иіссіз болады деген түсінік бар. Дегенмен, аптап ыстықтағы тершеңдік бактериялар санын көбейткендіктен, ол мүлдем иіссіз болмайды. Әсіресе қолтықтың терлеуі өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де көптеген қолайсыздықтар туғызуы мүмкін.
Сондықтан, тердің иісінен құтылу үшін мамандар дезодарант, антиперспиранттар ойлап тапты. Алайда олар да барлық адамға бірдей көмектеспейді. Ондай жағдайда халық емінің көмегіне жүгінген дұрыс. Яғни, үй жағдайында қолтықтың тершеңдігінен арылуға болады.
1. Сода ерітіндісі
2 шай қасық соданы бір стақан жылы суда ерітіңіз. Осы ерітіндімен қолтық астын сүрту керек. Мүмкіндігінше душ қабылдағаннан кейін, таза теріге қолдансаңыз жақсы.
Сонымен қатар соданың өзін де пайдалануға болады. Ол үшін душтан кейін денеңізді құрғатып алған соң, қолтық астына құрғақ соданы жағып, жеңіл уқалау керек.
2. Апельсин
Апельсин - тердің иісінен тез арада құтылуға көмектесетін жемістердің бірі. Апельсиннің бірнеше тамшысын саусағыңызға тамызып алған соң, алдын ала тазаланған қолтыққа жағып шығыңыз.
3. Шай саңырауқұлағының тұнбасы
Шай саңырауқұлағы (чайные грибы) табиғи дезодарант саналады. 2-3 ас қасық шай саңырауқұлағының тұнбасын 1 литр қайнаған суға салып, араластырыңыз. Душқа түсіп шыққан сайын денені осы тұнбамен шайыңыз. Шай саңырауқұлағының тұнбасы сабын қалдықтарын кетіріп, жағымсыз иіс шығуының алдын алады.
Сонымен қатар бұл тұнба аяқтың тершеңдігін де емдей алады. Ол үшін бір айлық тұнбамен аяқты таңертең және кешке жуу керек.
Шай саңырауқұлағының дайындалу жолын интернеттен қарап көрсеңіз де болады. Ал мен сізге ең қарапайым тәсілін айтайын:
3 немесе 5 литрлік шыны банканы тазалап жуып, тұнба дайындауға кірісеміз. Су ыстық емес, жылы болуы керек. 80 гр түйіршіктелген қант қосып 1 шай қасық қара шай салыңыз. Минералды су қолдансаңыз да болады, қанттың орнына бал қоссаңыз да керемет. Ал кәдімгі қара шайдың орнына кофе қолдануға да болады.
Шай тәтті болуы тиіс. Ал шай саңырауқұлағын алу үшін енді мұны біра уақыт күту керек. Тұнба дайындалған банканың қақпағын жаппайсыз, оның орнына ішіне таза ауа кіріп тұратындай етіп, дәкені үш-төрт қабат етіп, ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Күн сәулесі тікелей түспейтін, бірақ жарық, ауасы кең бөлмеде сақтаңыз.
Бірнеше күннен кейін ыдыстың бетінде «саңырауқұлақ өсіп шығады». Түсі сарғыш-қоңыр. Кемінде 9-10 күн керек.
фото: woman.bg
4. Майлар қоспасы
Әрқайсысы 1 ас қасықтан сәлбен, қарағай және эвкалипт майларын араластырыңыз. Дайын қоспаны кішігірім бөтелкеге құйып, суға 3-4 тамшысын қосып, жуыныңыз.
5. Түймедақ
3 ас қасық түймедақ жапырақтарын 1 литр қайнаған суға қосып, 1 сағаттай жабық ыдыста тұндырыңыз. Оған 1 ас қасық ас содасын қосып, тершең жерлерді сүртіп шығыңыз.
6. Асқабақ
3 ас қасық шикі асқабақ езбесі, 1 ас қасық қант, 2 ас қасық өсімдік майы мен ванилинді араластырып, қоспа дайындаңыз. Аяққа уқалап жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
7. Лимон
Аяқтың тершеңдігінен құтылу үшін ұйықтар алдында лимон шырынымен жуынуға болады.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Перманетті макияж бен татуаждың айырмашылығы бар - тәжірибелі маман