Кәдімгі СҮЗБЕДЕН жасалған маска ӘЖІМДІ кетіреді

0
3 286

Оған қоса дақ пен қызарған бөртпелерді де кетіреді.


Кәдімгі СҮЗБЕДЕН жасалған маска ӘЖІМДІ кетіреді

Бұл масканың нәтижесінде беттегі ұсақ әжімдер де жоғала бастайды. Сонымен қатар, қызарған бөртпелер, безеу және әртүрлі пигментті дақтарды кетіруге де қауқарлы.

Бізге қажетті заттар:

Сүзбе, бал, зығыр майы (егер зығыр майы табылмаса, бұл майдың орнына зәйтүн, бадам немесе басқа да майлармен алмастыруға болады).


1) 2 ас қасық сүзбені жақсылап езіп аламыз.

2) Бір шай қасық балды су ваннасында ерітіп (сұйық бал болса, су ваннасын қолданудың қажеті жоқ) оны сүзбенің үстіне саламыз.

3) 1 шай қасық зығыр майын жылытып, осы қоспаның үстіне тағы да құямыз. Барлығын қосып, жақсылап араластырамыз.



Маскамыз дайын. Енді бет терісін лосьонның көмегімен тазартып аламыз. Көздің айналасына бадам майынан аздап жағамыз. Көз айналасына майды жағып болғаннан кейін, бірден масканы беттің барлық тұсына мұқият жағып шығамыз. Сүзбелі маскадан соң, бетіңіздің терісі анағұрлым тартылады. Бұл масканың нәтижесінде беттегі ұсақ әжімдер де жоғала бастайды. Сонымен қатар, қызарған бөртпелер, безеу және әртүрлі пигментті дақтарды кетіруге де қауқарлы.


Теріні құнарландырып, нәрлендіреді. Бет терісін тыныштандырып, терінің тынығуына жағдай жасайды. Теріні жасартады. Бет терісін серпімді етеді. Теріні ағартып, сау терінің иесі болуыңызға көмектеседі.



Бұл масканы аптасына бір рет екі-үш ай бойына үзбей жасап тұрсаңыз, бет терісінің анағұрлым жасаруына септігін тигізеді.


Масканы бетіңізге жаққаннан соң, 20-30 минуттай ұстаңыз. Уақыт өткеннен кейін, масканы сулы немесе қағаз майлықпен сүртіп алыңыз. Қалдықтарын жылы сумен жуып тастаңыз.


Бетіңізді сүртіп құрғатып алған соң, соңынан крем жағып қойсаңыз болады. Крем таңдауда жасыңызға және теріңіздің күйіне байланысты дұрыс таңдау жасауға да мұқият мән беріңіз.


Егер де нәтижеге неғұрлым жылдам қол жеткізгіңіз келсе, бұл масканы аптасына 2 рет пайдаланудың да теріс көрсеткіштері жоқ.


Тұрақты түрде осы масканы үзбей пайдалансаңыз, КЕРЕМЕТ НӘТИЖЕге жете аласыз.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


"ШАМПАННЫҢ" арқасында ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР сұлу бола түседі

Көзді ӘДЕМІ етіп бояудың ӘДІСТЕРІ