"​ШАМПАННЫҢ" арқасында ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР сұлу бола түседі

0
2 593

Ол үшін шампанның сапалысын қолданыңыз және мөлшері де бар...


Жаңа жылдың алғашқы аптасының басталғанына да аз ғана уақыт болды. Жаңа жылдық мерекеде көпшілік дастарханда міндетті түрде шампан болады.


Ал, осы шампанның мерекелік дастархан сәні ғана емес, сұлулыққа да айтарлықтай үлес қоса алатынын біріңіз білсеңіз, біріңіздің хабарыңыз жоқ шығар.


Сондықтан, алкогольді сусыннан да түрлі маскалар жасап, сұлулығыңызды арттыруға болатынын айтқымыз келеді.


ШАШқа арналған шайғыш (ополаскиватель)

Шампан - шашқа арналған керемет құрал бола алады. Ол шашыңызды жылтыр, жібектей етеді және айтарлықтай көлем береді. Сонымен қатар, шаштың түбін нығайтады.


Қолдану үшін таза жуылған шашты шампаский қосылған таза сумен шаю керек. Алкогольдің иісі шығады деп алаңдауыңызға да негіз жоқ. Себебі, шампанскийдің құрамындағы спирттің иісі бірнеше минуттан соң жойылып кетеді.


Бар-жоғы екі минутта шайғышты дайындап, уақытыңызды да тиімді пайдалануға мүмкіндік мол.


1:1 қатынасында, яғни, 100 мл жылы суға 100 мл шампанды теңдей етіп араластырыңыз. Қақпағы тығыз жабылатын плстик бөтелкеге құйып, жақсылап шайқаңыз. Нәтижесінде көпіршіктер пайда болады. Дайын болған қоспаны сулы шашқа жағып, соңынан 5 минут өткеннен кейін жуып тастаңыз.

Мұндай қоспаны шашты жумастан бұрын пайдалануға да болады. Ол үшін осы қоспаны шашқа жағып, (басыңызды салқындатып алмас үшін, сыртынан жылы орап қойсаңыз да болады) 20-30 минутқа қалдырыңыз. Соңынан жуып тастаңыз.


Шашқа арналған МАСКА

Егер ұзақ мерзімді нәтижеге жеткіңіз келсе, масканы жұмыртқаның сарыуызынан да дайындауға болады. Дайындау уақытына 5 минутыңызды ғана арнайсыз.

Ол үшін 1 дана жұмыртқаның сарыуызы, 2-3 шай қасық шампан сусыны қажет. Таза, жуылған шашқа осы қоспаны жақсылап араластырып алған соң бірден жағып шығыңыз. Соңынан басыңызға целлофан қалтасын орап, сыртынан сүлгімен орап қойыңыз. Бұл маска шашта 15 минут тұруы керек.


Бет күтіміне арналған тазартқыш (ТОНИК)

Бұл тоник майлы тері иелеріне қолайлы. Өйткені, шампанның кептіргіш қасиеті бар. Сонымен қатар, шампан бетті керемет сергітеді және бет терісінің серпімділік қасиетін арттырады. Тазартқыш (тоник) жүзім шарабынан дайындалады және ол қартаюға қарсы күреседі, бос радикалдармен күресетін антиоксиданттарға бай.

Тоникті дайындау үшін 2 ас қасық шампан шарабы, 2 ас қасық таза су. Ингредиенттерді ыдысқа құйып, біркелкі араластырыңыз. Дайын болған сұйықтыққа мақта дискісін батырып, көздің айналасына жақындатпай, бетіңізді сүртіп шығыңыз.


Бетке арналған ДЕТОКС-МАСКА

Бұл маска бет терісін сергітіп қана қоймай, балшық арқылы оны тазалайды.

Кез-келген дәріханада сатылатын, қолжетімді бағадағы балшықты алып, шампанмен араластыру(1: 1 қатынасында) арқылы маска жасап алыңыз.

Балшық терідегі барлық зиянды заттарды, ластану мен уыттарды өзіне сіңіреді. Пайдалы заттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қабынуға қарсы әсері бар, ағартқыш қасиеті жоғары.


Лаванда майы қосылған маска

Лаванда майының әсері қызару мен қабыршақтануды жояды.

Лаванда майының 2-3 тамшысын шампан шарабының аздаған бөлігіне тамызып, араластырыңыз. Бұл масканы тазартылған бет пен мойын терісіне жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Белгілі уақыт өткеннен соң, жылы сумен жуып, құрғатып алған соң, нәрлендіргіш крем жағып қойыңыз.


Шампан ВАННАсы

Шампан ваннасын қабылдағыңыз келді ме? Көп ойланудың қажет жоқ, бүкіл денеңіздің босаңсып, рахат күйге бөленгіңіз келсе, қазір-ақ қабылдаңыз.

Ваннаны әдеттегідей жылы суға толтырып, 1 шөлмек шампан, 250 мл сүт, 500 мл теңіз тұзы (морской соль) немесе 5 ас қасықпен өлшеп салсаңыз да болады. Алдымен, аталған ингредиенттерді араластырып алған соң ғана сұйықтықты ваннаға толтырылған жылы судың үстіне құйыңыз. Сонда араластыру оңайға түседі. Қажет деп тапсаңыз, сүйікті гүлдеріңіздің жапырақтарын қосуыңызға болады.

Хош иіспен қоса, керемет көңіл-күй сыйлайтынына күмәніңіз болмасын.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

  • Шампанды пайдаланудың ерекше әрі керемет болуына қарамастан, оның алкогольді ішімдікке жататынын естен шығармаңыз! Өйткені, бұл сіздің теріңізге қалай әсер ететіні белгісіз.
  • Егер сіз соған қарамастан, эксперимент жасап көруді жөн деп тапсаңыз, шампанның сапалысын қолданыңыз және аз мөлшерде.
  • Барлық косметикалық құралдардың да өзіндік ерекшеліктері, әр адамның терісіне әртүрлі әсер ететіндігін ескерсек, шампан да дәл солай. Сіздің теріңіздің сезімталдығы өте жоғары немесе аллергияға бейім болса, мейлінше сақтықпен қолданыңыз.
  • Оның үстіне, әсіресе, шампан ваннасын қабылдауда мұқият болыңыз. Себебі, алкогольдің шын мәнінде ақыл-ойды белгілі бір деңгейде жоғалтуға қабілетті екендігін ескерсек, адамның мас болу қаупі де жоқ емес.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Көзді ӘДЕМІ етіп бояудың ӘДІСТЕРІ


Косметикалық құралдарды МҰЗДАТҚЫШҚА салып тұру керек - НЕ ҮШІН?