Қайызғақтан құтылудың қарапайым жолдары

0
20 895

Мәліметтерге сенсек, ғаламшар тұрғындарының тең жартысы дерлік қайызғақтан зардап шегеді екен. Бұл жайсыздықтан құтылудың өзі біраз уақытты талап етеді, бірақ халық емдерін қолдану арқылы оны мәңгіге жоюға болады.


Қайызғақтан құтылудың қарапайым жолдары

Қайызғақ – бұл эстетикалық ғана емес, медициналық да мәселелердің бірі саналады. Бастың шаш бөлігінде қабыршықтардың түлеуінен болатын тері ауруының бір түрі.

Қайызғақтың пайда болуының негізгі себептері:

  • Жеке гигиенаны ұстамағандықтан;
  • Дұрыс таңдалмаған сусабындар;
  • Қатты күйзеліс;
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Зат алмасудың бұзылуы;
  • Ағзаға дәрумендердің жетіспеуі;
  • Гармондардың бұзылуы.


Бүгін қайызғақты жоюдың халық арасында кең тараған жолдарын ұсынамыз. Бірақ бірден нәтиже көремін деу бекершілік, жақсы көрсеткішке жету үшін бірнеше апта жүйелі түрде емдеу қажет.

Алма сірке суы – қайызғақты кетіруге, қышынуды басуға сірке суының пайдасы зор. Оны пайдалану үшін суға аз мөлшерде араластырып, шашқа бес минуттай массаж жасау керек. Онан соң басыңызды 40 минут жылы ұстаңыз, артынан құрамында сульфат жоқ сусабынмен жуыңыз.

Шәй ағашының майы – табиғи антисептик. Шәй ағашының жапырағы эфир майына бай, оны қолдану арқылы екі аптада қайызғақты кетіруге болады. Бірақ процедураны бір айға жалғастырған ләзім. Екі ас қасық сусабынға он тамшы май тамызып, шашыңыздың ұшына дейін жағасыз. Тек 3 сағат өткен соң, жылы сумен жуып тастайсыз. Қайызғақтан арылған соң да, шашыңызды жуғанда екі тамшы шәй ағашының майын қосып отырсаңыз пайдасы мол болмақ.

Ас содасы – бактерияға қарсы жақсы көмектеседі. Ол терідегі жансызданған жазушаларды кетіріп, қайызғақтың азаюына ықпал етеді. Оны шашыңызды жуған кезде сусабынға араласытырп қолдансаңыз жеткілікті. Көп ұзамай жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

Аспирин – дәріханаларда сатылатын ацетилсалицил қышқылын косметологтар жиі пайдаланады. Аса қымбат тұрмайтын дәрі терідегі аурулар мен қатар, қайызғақты да емдей алады. Ол үшін бірнеше талетканы ұнтақтап сусабынға қосасыз, оны ылғал шашқа жағып он минуттан кейін жуып тастауға болады.

Насыбай гүл (базилик) – ас үйде көп қолданылатын бұл шөп, медицинада да қажетке жарайды екен. Шаштағы қайызғақты құрту үшін, насыбай гүлді блендерден өткізіп маска дайындау керек. Езілген шөпті шашқа жағып, жарты сағаттан кейін ыстық сумен жуасыз. Бұл тәсілді де бірнеше рет қайталаған абзал.

Фото: Ladyinlife.ru

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ