ҚАС ТАТУАЖЫ: Қай түрін жасатқыңыз келеді?

0
10 756

Дұрыс таңдалған қас пішіні көзқарасты өзгертеді және әйелді тартымды ете түседі.


ҚАС ТАТУАЖЫ: Қай түрін жасатқыңыз келеді?

Әрбір қыз баласы, әйел заты қалың, қиылған қасты армандайтын шығар. Біреуде мұндай қас табиғи болса, кейбірінде қастың сиректігі көңіл-күйін түсіруі мүмкін.

Алайда қазіргі кезде қаламмен емес, татуаж жасату арқылы шешімін табуға болады. Шынында да дұрыс таңдалған қас пішіні көзқарасты өзгертеді және әйелді тартымды ете түседі.

Сұлулық индустриясындағы жаңа технологиялардың дамуының арқасында кез-келген мәселеңіздің шешімі табылады.


ТҰРАҚТЫ макияж

Яғни, қастың үнемі әдемі пішінде болуы үшін инесі бар кәсіби машинаның көмегімен терінің жоғарғы қабатына бояуды енгізу. Мұның тиімді тұсы - ұзақ уақытқа жарамды, өзіңізге қажетті ұзындық пен енін таңдап ойыңыздағы татуировканы жасата аласыз.

Татуировканың алдында қасқа түзету жасалады. Артық қастар теріліп, қажетті форманы жасап алады.


ҚАС татуировкасы, қандай түрлері бар?

* Шаш әдісі

* Көлеңкелі техника

* Микроблейлинг

* Ұнтақты қас

* Хна татуировкасы

* Акварель әдісі


ШАШ ӘДІСІ

Шаш әдісі - сирек қасты арулардың таңдауы. Табиғи келбетін барынша сақтағысы келетін қыздар осы әдіске жүгінеді.

Дегенмен, тым майлы теріге бұл әдіс қолданылмайтынын білгеніңіз жөн. Себебі метаболизм процестері жылдамдайды, соның әсерінен бояу татуировканы қолданғаннан кейін бірнеше айдан кейін тері жылтырап, қасыңыз ұсқынсыз көрінуі мүмкін.

Татуаждың бұл түрі де екі түрлі: шығыс және еуропалық.

* Шығыс татуировкасын жасау қиындау, өйткені қас түктерінің ұзындығы әртүрлі болады. Соған қарамастан, сіз шығыс татуировкасының көмегімен табиғи көрініске қол жеткізе аласыз;

* Еуропалық қас түктерінің ұзындығы бірдей.


фото: mymammy.info


Көлеңкелі техника

Бұл әдіс неғұрлым бай және тартымды көрінеді. Көлеңке техникасының да 3 түрі бар.


1."Шотирование". Қасты қарындашпен бояған секілді әсер береді. Мұндай татуировка қас терісінің астына үздіксіз контурмен енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ескірген әдіске жатады сондықтан, қазіргі уақытта өте сирек қолданылады.


2.Көлеңкелі бояу (теневое растушевка). Оның көмегімен қас түктерінің белгілі бір аумақтарын «қараңғылауға» болады. Яғни, қас тұтастай біркелкі етіп боялмайды. Бұл әдіс табиғи әрі әсем көрінеді және кез-келген тері үшін жарамды.


3. Жаймалаудың жұмсақ әдісі. Бұл әдіспен бояғыш зат түктер арасындағы бос орындарға енгізіледі, сондықтан қастың тығыз көрінуіне мүмкіндік береді.


АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Көлеңкелі әдістің артықшылығы - өте ұзақ уақытқа жарамды. Тиісті күтім көрсетсеңіз, 2-3 жыл бойы өзгеріссіз сақталады. Бірақ жылына бір рет түзету қажет. Шаш техникасынан айырмашылығы, көлеңкелеу жиектерді табиғи, айқын және әдемі етеді.


ҰНТАҚТЫ ҚАС

Салыстырмалы түрде алғанда табиғилыққа жақын. Бірегей техниканың арқасында қасқа тозаңдату пигменті арқылы әдемі көрініс сыйлайды. Мұқият, үңіліп қарасаңыз да «ұнтақты қастың» боялғаны байқалмайды. Шамамен 3 сағат уақытта жасалатын бұл татуировка түрі ауыртпай жасалады, жағымсыз әсер сыйламайды.

3 жылға дейін сақталады.


Микроблейлинг

Бұл әдіс косметологияда енді ғана еніп келеді. Сондықтан оны барлық салондарда жасай бермейді және тек қажетті білімді алған білікті шеберлер ғана жасайды. Бұл әдіспен көлемді үлгіні қолдану арқасында қастардың нақты көшірмесі жасалады.

Басқа әдістерден айырмашылығы, микротатуаж жүзі бар арнайы тұтқамен жасалады.

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: Максималды табиғи көрініс. Сырттай сызылған қастар мүлдем байқалмайды.


фото: aliexpress.ru

ХНА татуировкасы

Бұл әдіс инеден және жағымсыз ауырсынудан қорқатын әйелдерге арналған. Хна татуировкасы нәтижесінде өте әдемі және ұқыпты жиектер (контур) пайда болады.

Тек қана алты айға дейін жарамды. Хна татуировкасын жасаған соң, 3 күнге дейін қасқа су тигізбеу қажет.


Акварель техникасы

Ерекшелігі - қас жиектерінің айқын болмауы. Бояу пигменті қастың ішкі кеңістігіне ғана енгізіледі, бұл табиғи форманы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пигменттің түсін бет әлпетіңіздің жаратылысына, тері ерекшелігіне байланысты және жеке қалауыңыз бойынша таңдалады.


АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

* Таңертең боянуға уақытты жоғалтпайсыз.

* Татуировкадан соң қасқа қарындаш немесе тушь қолданудың қажеті жоқ.

* Табиғи өң берілген қастың сізге сенімділік сыйлағанын сезесіз.

* Мұндай қас суға түскенде жойылып кетпейді, бояуы ағып кетеді деп алаңдамайсыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ШУГАРИНГ: Үйде АУЫРТПАЙ жасауға болады


BB, CC, DD, АА КРЕМДЕРІ - кімге қандай түрін жағу керек?