BB, CC, DD, АА КРЕМДЕРІ - кімге қандай түрін жағу керек?

0
6 987

Айырмашылығы жоқ секілді көрінеді, бірақ...


BB, CC, DD, АА КРЕМДЕРІ - кімге қандай түрін жағу керек?

Бұл кремдердің әрқайсысы несімен ерекшеленеді және оларды қалай және не үшін пайдалану керек?

Сұлуларға әлі де мұның сыры түсініксіздеу болса, біле жүргеніңіз артық болмас.


фото: alibaba.com


ВВ КРЕМІ (beauty balm)

Алғашқы ВВ кремі нарықта пайда болғанына он жылдан астам уақыт өтті. Мұның артықшылықтары бірнеше косметикалық құралдардың қосындысы болуында. Ең алғаш рет Кореяда пайда болған ВВ кремінің құрамы осыған дейін қолданылып келген бет әрлеуші косметикалық құралдардың баламасына теңесе алды. Өйткені, ылғалдандырғыш компонеттер, сарысу, праймер, тональды өнімнің орнына ВВ кремін ғана пайдалану тиімдірек емес пе?

Әсіресе дамыған компаниялар «1-еуінде 5», тіпті «1-еуінде 10» деген атау беріп үлгерді. Дегенмен, мұны да ұмытпауымыз керек, ВВ кремі ылғалдандырғыш пен сарысудың орнын толықтай баса алмайды.

Ал майлы тері иелеріне бұл крем өте танымал болғанын жасырмаймыз. Өйткені, макияждың мейлінше табиғи шығуына керемет мүмкіндік берді.

Майлы теріде макияж «қалқып» тұрады деп қорықпауға, кемшіліктерді жасыруға көмектесе алды. Сонымен қатар, құрғақ тері иелері де ВВ кремін жоғары бағалады. Өйткені, крем тональды кремдерге қарағанда теріні құрғатпайды, есесіне жұмсарта түседі.

Бұл өнімнің ең басты артықшылығы теріні күннен қорғау қасиеті бар.


фото: ismy.kz


СС КРЕМІ (color correction)

ВВ мен СС кремдердің арасындағы айырмашылық мынада:

ВВ кремі - тоналды құралдардың жетілдірілген нұсқасы болса, СС кремі - тоналды әсері бар жетілдірілген түзеткіштер. Яғни, СС (color correction) түсті түзету дегенді білдіреді. СС кремі тональды әсерден басқа, терінің өңін түзетеді, қызарудың, пигментацияның, безеудің және тамырлы торлардың әсерін азайтады.

Майлы теріге де өте жақсы әсер етеді. СС кремінің консистенциясы мен құрылымы ВВ кремімен салыстырғанда жеңілірек.Оны «қауырсындай жеңіл», « судай мөлдір» және «перде сияқты жұқа» деп теңеу берсек те болады.

Маңыздысын естен шығармау керек, СС кремдері түзеткіштерді алмастырмайды, тек оларға өз міндеттерін орындауға көмектеседі. Оның негізгі міндеті-ылғалдандыру, жеңіл реңк беру.


фото: ahapa.ru


DD КРЕМІ (daily defence)

DD күнделікті қорғаныс деген сөзден шыққан (daily defence). Бұл құралдардың негізгі мақсаты - теріні сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғау. Мысалы, түтін, пайдаланылған газ, күн радиациясы және улы заттар осының барлығы да тері үшін зиянды. Теріні тез қартайтып, тоздырады. Сондықтан, осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін DD кремін пайдаланыңыз.

Қартайған теріні қалпына келтіруге, жасартуға қауқарсыз, дегенмен, оның алдын алуға көп көмектеседі.


AA КРЕМІ (anti-age)

Мұндай крем түрі бар екенін естігенсіз бе? Иә, кремнің мұндай да түрі бар екен, мүмкін мұны қолданып та жүрген боларсыз?

АА кремі - (anti-age- антивозрастные) қартаюға қарсы деген мағынаны білдіреді. Міне, бар құпия осында!

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ӨНДІРІЛГЕН БИДАЙ шырыны теріні АҒАРТАДЫ


КӨКТЕМге дайындықтың 5 ҚҰПИЯсы