​ҚОЛыңызға қаншалықты КҮТІМ жасайсыз?

0
2 779

Күнделікті қолға арналған крем емес, пиллинг көмектеседі.


​ҚОЛыңызға қаншалықты КҮТІМ жасайсыз?

фото: tostpost.com

Әрбір әйел қол терісінің сау әрі әдемі болуын қалайды. Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз. Күтім көрген әдемі қол әйелдің көркі. Ал қолыңыздың әдемі болғанын қаласаңыз, күтім жасаудың жолдарын қарастырыңыз. Ол үшін алдымен жеңіл уқалаудан, яғни массаждан бастаңыз. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ, әрбір саусаққа жеңіл уқалау арқылы аздап массаж жасау керек.

Бұның барлығы да көктемнің алғашқы айларындағы әсерлерден, яғни жарылу, өңін жоғалту секілді ыңғайсыздықтардан арылтады. Сонымен қатар, үй жағдайында да қолымызға маска жасап көрейік. Бұл қол терісінің жұмсақ, балғын, аппақ болуына ықпал етеді.

Бізге керегі бал мен жұмыртқаның сары уызы. Балдың теріге берер пайдасын айтпағанда, кез келген адам қолдана бермейтіндей жағдайларын да ескерсек. Өйткені балды қолдануға болмайтын тері түрлері бар. Балды гипертониясы, дене температурасы жоғары, түгі мол адамдарға қолданбау керек. Осы адамдар тек сақтықпен ғана қолдансын, ал басқа адамдарға ол тек пайдасын тигізеді. Ол тері тесіктері арқылы терідегі шлактарды сыртқа шығарып, көңіл-күйіңізді көтеріп, сергектік сыйлайды.


Жұмыртқаның сары уызы теріні керемет ылғалдандырады және оның жалпы жағдайын жақсартады.


Біріншіден, бізге 2 ас қасық бал керек. Сосын, 1 жұмыртқаның сары уызы. Екеуін жақсылап араластырып, қолға жағу керек. Масканы қолға жағып болғаннан соң, 20 минут күтесіз. Соңынан жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл әдіс күнделікті крем жағып жүрген қолыңыздан айырмашылықты көрсетеді. Қол терісі күнделікті қолға арналған кремді жағып жүргеннен емес, осындай аптасына бір рет маска жасағаннан жұмсарады.

Егер сіздің тәттіге, яғни балға аллергияңыз бар болса, мұны қолданбағаныңыз жөн. Мүмкін балдың орнын басқа өніммен алмастырсаңыз болады.

Бұл рецепт тек қол терісіне ғана емес, бет терісіне де пайдалы. Теріңізді сергітіп, беттегі безеу, әжімдерден арылуға көмектеседі. Сондықтан қол мен бетке бірдей жасалынатын әмбебап масканы кез келген адам жасай алады.

фото: temperaturka.com

Сонымен қатар, күнделікті ескере жүретін әдеттер де бар. Соларды ескере жүріңіз:

*Ыстық суға әуестенбеңіз. Ыстық су терінің майын шайып, оны құрғақ әрі қатқыл етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз.
*Ультракүлгін сәулелері де теріні құрғақ етеді және тері жасушаларын бұзады, сондықтан күннен қорғанатын кремдер жағып жүріңіз.
* Шынтақтың терісі де ерекше күтімді қажет етеді. Ол қатты әрі қатпарлы болмауы үшін күнбағыс немесе зейтүн майын аздап жылытып, оны мақтаға сіңіріп, шынтаққа басыңыз.
Шомылған кезде, шынтағыңызды ысқышпен ысқылап жуып, артынан крем жағуды әдетке айналдырыңыз.
* Қолыңызға сүйел шықса, жылы ванна жасаңыз. Ол үшін 1 литр суға 1 шай қасық ас содасын, 2 шай қасық нашатыр спиртін, 1 шай қасық сабын ұнтағын (сабынды үккіштен өткізуге болады) қосыңыз. Сол суға қолыңызды салып, 15-20 минут ұстаңыз, артынан орамалмен сүртіп, құрғатып болған соң қырғышпен ептеп үйкелеңіз.
* Арзан немесе иісі тым өткір сабынды қолданбаңыз. Тек қана жұмсақ сабынды қолданыңыз. Бұл ретте балаларға арналған сабын жақсы үйлеседі.
* Қол жуғаннан кейін крем жағуды ұмытпаңыз.
* Аптасына бір немесе екі рет қол терісіне арналған пилинг жасап тұру қажет. Ол өлі терілерден тазартады, нәтижесінде ылғалды кремдердің теріге тереңірек енуіне мүмкіндік береді. Ол үшін бетке арналған пилинг әсері бар кремдерді қолдануға болады.

Егер ол табылмаса, қарапайым тәсілдермен теріні өлі жасушалардан арылта аласыз.
* Қол жуғаннан кейін, оны қатты орамалмен сүртіңіз. 1 шай қасық шекерге 2 шай қасық күнбағыс майын қосып, араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 1 - 2 минуттай уқалаңыз. Содан соң, қолыңызды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуыңыз.
* Қолыңызға аздап тұз сеуіп, оған су бүркіп, теріңізге үйкеңіз.
Жоғарыда айтылған пилингтерден кейін, міндетті түрде крем жағу керек.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КҮЙЗЕЛІС – теріні ТЕЗ қартайтады


Күннен қорғайтын КРЕМДІ теріңізге қарай ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК