Күннен қорғайтын КРЕМДІ теріңізге қарай ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

0
3 306

Күн сәулесінен ҚОРҒАНУ үшін не істеу керек?


Күннен қорғайтын КРЕМДІ теріңізге қарай ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК

фото: maroshka.com

Әдемі тері адамның өзіне деген сенімділігін арттыратыны да, сұлулықты еселей түсетіні де белгілі. Сол үшін көптеген адамдар тері күтіміне мән береді. Әсіресе қыз-келіншектер. Бет күтіміне мән бермейтін қыз-келіншек өте аз десек те, қалай күтінуді білмейтіндер баршылық. Көктемнің жанды жадыратар жылулығына алданып, күн астында жүріп, терісін «күйдіріп» алып жататынын байқамай жататын жандар да жетерлік.

Сондықтан күн көзіне қыздырынудың да мөлшерін, уақытын білген дұрыс және дұрыс күтім жасай білу де маңызды.


Күн сәулесінің адамға тигізер пайдасы орасан зор. Соның ішінде ағзаға қажетті Д дәруменінің бөлінуін арттырады. Ал бұл дәрумен өз кезегінде сүйектің, тістің, тіпті тырнақ пен шаштың да мықты болуына әсер етеді. Өйткені Д дәрумені ағзаға қажетті кальцийді өндіреді.

Солай бола тұра, күн көзінен аулақ болатын кезең де бар. Ол күндізгі сағат 12 мен 3-тің арасы. Осы уақыттар аралығында күн көзінен аулақ болған жөн. Тіпті маңызды шаруамен күн астында жүру керек болған жағдайда арнайы кремдерді жағып, қорғану керек.


Ал күннен қорғайтын арнайы кремді теріңізге қарай дұрыс таңдау керек.

Кремнің құрамында мырыш оксиді, титан диоксиді мен авобензон болуы керек. Бұл заттар бет терісін ісіну мен күйіп кетуден қорғайды. Сондай-ақ крем сыртында міндетті түрде SPF-фильтр саны көрсетіледі. Ол әдетте 15-тен 50-ге дейін барады. Теріңіздің күйіне қарай фильтр саны да өзгере береді. Мысалы теріңіз неғұрлым нәзік болса, соғұрлым фильтр саны жоғары болуы керек. Аққұба өңді, терісі жұқа, нәзік, күнге тез күйетін арулар SPF-фильтрі 40-тан 50-ге дейінгі мөлшерді таңдағаны дұрыс.

Ал, бидай реңді, қара шашты қыздарға SPF-фильтрі 15-тен 20-ға дейін болғаны жөн, қара торы, қара шашты аруларға 8 саны бар SPF-фильтрі де жеткілікті.

фото: vedaoils.com

Ультракүлгін сәулеленуден сенімді қорғау үшін санскринді дұрыс қолдану керек:
Құрамында SPF бар крем немесе лосьон күтім өнімдері толық сіңгеннен кейін ең соңында қолданылады. SPF бар құралдың үстіне макияжды жағуға болады, бірақ бұл ультракүлгін сәулесінен қорғаудың тиімділігін біршама төмендетеді.
Күн қорғанысын тек бетке ғана емес, мойын мен декольте аймағына да жағыңыз. Егер сол аймақтар киіммен жабылмай, ашық тұрса.
Кремді тым жұқа емес, аздап қалыңдау етіп жағыңыз. Қолмен ысқылап, бетіңізге сіңірудің қажеті жоқ: ол шамамен 15 минут ішінде сіңеді, содан кейін далаға шығуыңызға болады.
Қорғаныс қабатын әр 2-3 сағат сайын жаңартып отыру керек.

Сақтау ережелері
Кез-келген басқа косметика сияқты, ультракүлгін сүзгісі бар косметиканы өндірушінің ұсыныстарын сақтай отырып сақтау керек. Көбінесе қараңғы, құрғақ, салқын жерде. Бұл жатын бөлмесінде косметикалық сөмке немесе сөре болуы мүмкін.
Жуыну бөлмесінде, көліктің ішінде немесе жоғары ылғалдылық пен ауа температурасы төмен немесе жоғары жерлерде кремдер немесе лосьондарды ұстамаған жөн.

Крем құтысының қақпағын әрдайым мықтап жабу керек, сонымен қатар сақтау мерзімін қадағалау керек.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ЖАСӨСПІРІМдер бет терісіне дұрыс КҮТІМ жасауы керек


Дұрыс жуынбау: денеден ЖАҒЫМСЫЗ ИІС шығуының себебі неде?