​Көз айналасындағы ӘЖІМДІ КАРТОП кетіреді

0
16 832

Көздің айналасына әжім ерте түседі


​Көз айналасындағы ӘЖІМДІ КАРТОП кетіреді

Түрлі мимикалардың әсері бет терісіне айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, көз айналасындағы тері тым нәзік болғандықтан, ең алғашқы ұсақ әжімдер де осы тұстан байқалады.

Ер адамдардың терісі әйелдерге қарағанда қалың әрі әжімге тез беріле қоймайтындығы» себепті, бір жағынан, әйелдер үшін қартаю белгісі өте қорқынышты болғандықтан, мейлінше әжімдердің алдын алып, тосқауыл қойғысы келеді.


Көз айналасына түскен әжім іздерін жою үшін...

1 дана орташа картоп, 1 дана жұмыртқаның сарыуызы және бірнеше тамшы бадам майы (миндальное масло) мен бинт, қайшы қажет.

Бір дана орташа көлемдегі картоптың қабығын аршып, тазартып жуып алғаннан кейін оны үккіштің ұсақ көзінен өткізіп аламыз. Кішілеу ыдысқа 1 дана жұмыртқаны жарып, сарыуызын бөліп алу керек. Сарыуыздың үстіне үккіштен өткізілген картопты салып, оның үстіне бірнеше тамшы бадам майынан тамызамыз.


Барлығын біркелкі массаға айналғанша жақсылап араластырыңыз. Маскамыз дайын.

Енді арнайы дәріханадан алынған бинтті 10 сантиметр болатындай шамалап, екі бөлігін кесіп аламыз. Яғни, екі көзімізге масканы жағу үшін.

Одан кейін бинтті бірнеше қабаттап бүктеп алған соң, үстіне ұқыптап масканы саламыз. Алдымен бетіңізді тазалап жуып алыңыз немесе көз айналасын тоникпен сүртіп алыңыз. Одан кейін маска салынған бинтті көздің үстіне, көз айналасындағы әжімдерді жауып тұратындай етіп жапсырып қойыңыз.

Масканы көз үстіне қойғаннан кейін отыруға немесе тұрып жүруге болмайды, өйткені, көзіңізге қойылған бинт түсіп қалуы мүмкін.

Масканы жиырма минуттай ұстау керек. Жатып демалыңыз. Масканың әсері тез нәтиже берсін десеңіз, көзіңізге қойылған бинттің сыртынан қалың орамалды немесе сүлгіні жауып қоюға болады.


Бұл масканың құрамындағы картоп теріні нәрлендіреді және жасартады. Көз айналасындағы әжімдердің тартылуына, терінің тегіс болуына үлес қосады. Бет терісінің қартаюын тежейді.

*Сепкіл мен пигментті дақтардың пайда болуының алдын алады

*Көздегі шаршауды басады, ісінудің алдын алады

*Көз астындағы қара дақтарды болдырмайды

*Қалталанып тұруын жояды

Жиырма минуттан соң көзіміздегі масканы шешіп алып тастаймыз. Содан кейін алдын ала демделген көк шайдың тұнбасына мақта дискісін батырып, көздегі қалған маска қалдықтарын ақырын сүртіп тастаймыз.

Бұл масканы аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз болады.


Ақжелкен маскасы


Бір шоғыр ақжелкенді (петрушка) ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырыңыз. Бұл маска да оңай жасалады әрі кез келген әйел үшін қолжетімді.

Масканы көз айналасындағы проблемалы аймаққа жағып, жиырма минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы да аптасына 2-3 рет жасауға болады.


Жүзім маскасы


Бұл масканы дайындап әуре болудың қажеті де жоқ. Жәй ғана жүзімнің 3-4 үзімін алып, шырынын сығып көз айналасына жағып қойыңыз. Арнайы сығып, сөлін алудың да қажет жоқ, тікелей бетіңізге жаға бересіз.

Жүзім шырыны көз айналасындағы әжімдерді тегістеуге ғана емес, бүкіл бет теріңізге жақсаңыз, ол теріні нәрлендіреді, нұрландырады.

20-30 минуттан соң жуып тастасаңыз да болады. Немесе жатар алдында жағып жатсаңыз, таңертең жылы сумен жуасыз. Ол да өте тиімді.


Маскамен қатар, МАССАЖ да пайдалы

Сонымен қатар, көз айналасындағы әжімдермен күресу үшін жеңіл массаж жасау да пайда береді.

Ең алдымен, қолымызға азғантай мөлшерде крем жағып алған соң, көздің астыңғы жағынан бастап, қабақтың үстіне дейін саусақтарымызбен жеңіл ғана «ұрғылаймыз». Көз айналасындағы тері бет терісінің басқа бөліктеріне қарағанда жұқа болғандығы себепті, осы маңайға ең алғашқы әжімдер түседі. Сондықтан, жұқа теріні мейлінше мұқият болып, қатты күш салып, басудың қажеті жоқ. Массаж жасағанда да жеңіл ғана уқалаңыз.

Массажды күн сайын жатар алдында 3-5 минут жасау жеткілікті.


Ол үшін...

Көздің сыртқы бұрышына массаж жасаймыз. Себебі, әжімдер осы маңда көбірек болады.

Сол қолымызбен көздің астыңғы жағынан, оң қолымызбен үстіңгі жағын (қабақ тұсын) жәй ғана екі жаққа тартамыз. Немесе астыңғы жағын жәй ғана басып тұрып, үстіне қарай тартсаңыз да болады. Келесі көзімізді керісінше, оң қол астында, сол қол үстінде «жұмыс істейді».

Массажды өте нәзік, жұмсақ әдістермен жасаңыз. Күн сайын жатар алдында 3-5 минут уақытыңызды бөлсеңіз, көз айналасындағы «проблемалардан» азат боласыз.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Шаш майланып кетсе, МЫНАДАЙ дәрумендер жетіспейді


ЖҰМЫРТҚАның ҚАБЫҒЫ 10 ЖЫЛҒА жасартады