​КҮН САЙЫН қолдануға болатын 7 ЭФИР МАЙы

0
6 583

Эфир майлары терінің күйін жақсарту, оған серпімділік пен жарқын түс беру үшін қолданылады.


​КҮН САЙЫН қолдануға болатын 7 ЭФИР МАЙы

Эфир майы сізге тек қана сергектік сыйлап қана қоймай, жадыңыздың, яғни есте сақтау қабілетіңіздің жақсаруына, күн тәртібіңізді жолға қоюға және ұйқыңызды реттеуге, тіпті өз эмоцияларыңызды басқаруға да айтарлықтай көмек көрсетеді.

Эфир майларын қолдану ежелгі Египеттен бастау алады. Қазіргі күнде де ароматерапия физикалық және психикалық денсаулығыңызды жақсарту үшін қолданылатын тәсіл. Ал косметологияда эфир майлары терінің күйін жақсарту, оған серпімділік пен жарқын түс беру үшін қолданылады.

Эфир майларының кейбірі сұлулықтың басты құпиясы деп те саналады. Сондықтан сұлулығыңызды арттыра түсетін 7 түрлі эфир майларымен таныс болыңыз:


1.РАУШАН

1 литр раушан майын алу үшін кем дегенде 40 центнер раушан гүлінің күлтелері (жапырақтары) қажет. Мұндай эфир майын өндіру косметика өндірушілерге тіимсіз болғандықтан, нақты майдың орнына синтетикалық алмастырғышты да қосып жүргендері бар. Бірақ оның иісі керемет болғанымен, емдік қасиеттері жоқ болғандықтан, сізге дәріханада сатылатын раушан майын сатып алып, оны косметикаға қосуға кеңес береміз. Бұл косметика саласында ғана емес, медицинада да қолданылып жүр. Оның түсі жоқ, бірақ оның хош иісі сізді таңқалдырады. Раушан майы жастығыңызды, жасушаларыңызды қалпына келтіреді, терінің күйін жақсартады, тері серпімділігін арттырады.

Раушан майы бар ең танымал косметика-бұл бетке арналған тониктер, сусабындар, сонымен қатар массаж құралдары. Раушан майы бар косметика антисептикалық қасиеттерге ие. Ол теріні сергітеді және микрокректерді тегістейді.

Раушан майының тағы бірнеше пайдалы қасиеттері:

* ұйқыны жақсартады және мазасыздықты азайтады;

* әйелдердің жатыр жолдарын емдейді;

* етеккір кезінде ауырсынуды азайтады

* жүрек соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді;

* бұзылған гормоналды тепе-теңдікті қалпына келтіреді;

* эндокриндік бездердің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді

Сонымен қатар, раушан майы антисептикті алмастыра алады. Ол микробтармен күреседі және жараларды емдейді. Тағы бір раушан майы тыныштық пен үйлесімділіктің қайнар көзі болып табылады


2.Шай ағашы

Шай ағашы эфир майы- бөртпелермен күресуде ең тиімді мүмкіндік. Бөртпе немесе безеуді жою өте қиын болғанына қарамастан, әлемдегі мамандар, көптеген модельдер шай ағашы майын безеумен күресуге көмектесетін нағыз эликсир деп санайды. Ол дезинфекциялық, бактерияға қарсы және тыныштандыратын қасиеттерге ие. Құрал тері тесігіне терең енеді, қабыну орнын дезинфекциялайды және оны құрғатады. Нәтижесінде асқынған қызыл бөртпе немесе безеулер «дами» алмайды.


Шай ағашы майын үш түрлі мақсатта қолдануға болады

Антисептик ретінде

Бетіңізді әдеттегідей тазалаңыз, тері тесігін ашу үшін жылы суды қолданыңыз. Күндізгі бет креміңізді жағыңыз, ал қызарудың үстіне бір тамшы шай ағашы майын жағыңыз. Назар аударатын жайт майды бүкіл бетке жағудың қажеті жоқ.

Ылғалдандырғыш ретінде

Шай ағашы майын күндізгі креммен араластырып, бет массажын жасау.

Жууға арналған құрал ретінде

Құрамында майлары бар кішкентай құтыдағы лосьонға 1 тамшы шай ағашы майын тамызып, жақсылап араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 30 секунд бойы жеңіл уқалаңыз, содан кейін бөлме температурасындағы сумен жуып тастаңыз. Бұл процедураны үнемі орындау безеу проблемасын жеңуге көмектеседі.


3.Жасмин

Егер сіздің көңіл-күйіңіз түсіп, депрессияны жеңуге, стрессті жеңілдетуге көмектесетін құрал қажет болса, онда жасмин майынан бастаған дұрыс. Кәдімгі денеге арналған кремге бірнеше тамшы жасмин майын қосыңыз немесе ұйықтар алдында хош иісті ванна қабылдаңыз. Майды тікелей суға емес, ваннаға қолданатын тұзға тамызу маңызды. Әйтпесе, өнім суда ерімейді және дем алған кезде өкпеге енуі мүмкін.


4.Лимон

Лимон майы психосоматикадан туындаған ауруларды жеңуге көмектеседі деп саналады. Аромотерапевтер оны қуат беретін және көңіл көтеруге көмектесетін құрал ретінде пайдалануды ұсынады. Хош иісті шамға бірнеше тамшы лимон майын қосыңыз ұйқысыздық, гипертония және шаршаумен қош айтысасыз. Массаж кезінде де осы майды қолдануға тырысыңыз-бұл жаттығудан кейін және варикозды тамырлардан кейін бұлшықет ауырсынуына көмектеседі.

Алайда лимонды кез-келген цитрус майы сияқты жазда жағажайда немесе қалада қолдануға кеңес берілмейді. Өйткені цитрустық жемістерде теріні қорғайтын компоненттер бар, дегенмен оны күн астына шыққан кезде, мысалы жағажайда қолданған қауіпті. Ол күн сәулесімен әрекет етеді, бірақ улы реакция тудырады. Теріде қызару, пигментация және тіпті күйік пайда болуы мүмкін. Сондықтан сарапшылар цитрустық эфир майларын немесе құрамында цитрусы бар косметиканы күн шыққанға дейін бір күн бұрын пайдалану керектігін айтады. Сіз түнде ылғалдандыратын цитрус маскасын жасай аласыз, бірақ оның да шегін білгеніңіз жөн.


5.Лаванда

Лаванда майын қолдану-демалуға, стрессті жеңілдетуге және ұйқыны жақсартуға жақсы әсер береді. Сарапшылар ақыл-ой денсаулығын сақтау үшін әр кеш сайын лаванда хош иістерінен ләззат алуды ұсынады. Айтпақшы, лаванда майы биорецепторларға кейбір ұйықтайтын таблеткалар сияқты әсер етеді.

Бетіңіге маска жасаңыз, хош иісті ванна қабылдаңыз, бірақ әр қолданғаныңызда 5-7 тамшыдан асырмаңыз. Қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпаңыз. Аромотерапевтер лаванда эфир майын ішуге кеңес бермейді, өйткені бұл асқазанның шырышты қабығын қатты тітіркендіруі мүмкін.


6.Жалбыз

Жалбыз-ежелгі емдік өсімдіктердің бірі. Ол шығыс және батыс медицинасында белсенді қолданылды. Жалбыз эфирі жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Сіз оны бас ауруы кезінде қолдана аласыз жалбыз майы ауырсынуды жеңілдетеді.


7.Шырша

Шырша әр жаңа жылды ерекше атмосфераға енгізуімен қатар, бұл ағаштың майы да емдік қасиеттерге ие. Шыршаның хош иісі депрессияны жеңілдетеді, тыныштандырады, мазасыздануды жояды және шиеленісті жеңілдетеді. Шырша эфир майы ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ көңіл-күй сыйлайды.


Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


«ТРАКТОР табан» етіктерді қандай киіммен үйлестіруге болады?


Мойындағы «ВЕНЕРА сақинасын» кетіруге БОЛАДЫ