​КУШОНның ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

0
8 447

Кушонды да қолданудың ережесі бар.


​КУШОНның ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ

Бүгінде сұлулар үшін кеңінен қолданысқа ие болған кушон жайлы аз-кем ақпарат білуге талпынамыз. Сұлулық үшін ең тиімді косметика түрлерінің қатарына КУШОН енді.

Кушон-сұйық косметикаға малынған асептикалық жастықша (губка). Оңтүстік Кореяның өнімі ретінде танылды. Оның құрамы крем, опа және ВВ кремдерінің қосындысынан тұратын тоналды косметика түрі болғандықтан, әйелдер үшін өте тиімді, уақыт пен қаражатты үнемдей алады.

Бастапқыда кушон жастықтары тональды өнімдермен танымал болды, кейінірек әртүрлі өсімдік сығындылары мен дәрумендер, күннің тікелей сәулесінен қорғаушы факторлары бар және басқа да компоненттер қосылған ВВ және СС кремдерінің жиынтығына айналды.


Ағылшын тілінен аударғанда «cushion» - «жастық» дегенді білдіреді. Яғни теріні мамық жастықтай етсе де, немесе ішіндегі «жастықшасына» байланысты атау берілсе де алғашқы кушондар 2008 жылы Оңтүстік Кореяда шығарылған. Теріңіздің мамықтай жұмсақ және бет терісіндегі «кемшіліктерді» жасырып тұратын қасиетке ие.


Артықшылықтары:

+Көлемі шағын болғандықтан, үнемі өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы.

+Кейбір кушондардың ішінде айнасы және мамық жастықшасы бар.

+Құрылымы кремге ұқсас болғандықтан, бетке оңай әрі біртегіс жағылады.

+Тері жылтыр, сергек, күтімді көрінеді.

+Оның көмегімен макияжыңызды оп-оңай түзетуге болады.

+Бет терісін нәрлендіреді және күннен қорғау қасиеті бар.

+Кез-келген жастағы әйел затына арналған.

+Теріден оңай тазартылады.


Кемшіліктері:

-Тез түгесіледі.

-Кейбір кушондар бетті ерекше жылтыратып жіберуі мүмкін, бұл бет терісін майлы етіп көрсетеді.

-Қалыпты және майлы тері үшін алдымен сынамадан өткізілуі тиіс.

-Кушонның көмегімен безеу және пигментация сияқты проблемаларды жасыру қиын.


(Суреттер ашық дереккөзден алынды)


ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?
Кушонды таңдағанда терінің түрі мен түсін, сонымен қатар қолданылатын мезгілі мен құрамын ескеру қажет. Сатып алмас бұрын оның белсенді компоненттеріне назар аударғаныңыз жөн.

Күзде және қыста майлармен және өсімдік сығындыларымен байытылған өнімдерді, ал жазғы макияж үшін кем дегенде 20 SPF сүзгісі бар ылғалдандырушы өнімді пайдаланғаныңыз жөн.


ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

* Кушонды қолданар алдында теріңіздің тазалығына мән беріңіз және тері құрғақ болса ылғалдандырыңыз (бетке арналған крем жағыңыз).

* Кушон жастығын аздап басу арқылы өнімді сіңіріп, бетіңізге жұмсақ қимылмен жағып шығыңыз.

*Қажет болса, қайталауыңызға болады.

Кушонның құрамының 30 пайызы судан тұрады. Сондықтан, олар басқа косметика секілді тез құрғап кетпейді. Тональды кушонды пайдаланғаннан соң теріде әрдайым ылғалдылық сақталады.

Егер сізге кушонның ылғалдылығы ұнамаса, бетіңізге кушон жаққаннан соң соңынан аздап құрғақ опа жағып қойсаңыз да болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Суық мезгілде теріні күтудің 5 ЕРЕЖЕсі

Кішкентай КӨЗДІ қалай ҮЛКЕЙТУГЕ болады?