Ол үшін сіз төмендегі 7 түрлі "трюкті" меңгеріп алғаныңыз жөн. Қиын емес...
Қарақаттай көз, найзадай кірпік хас сұлудың бейнесіне енгісі келмейтін нәзікжанды жоқ шығар?!
Дегенмен, табиғи жаратылыс әркімге әртүрлі сұлулық берсе де, сымбатына көңілі толмайтын арулар да көп. Барынша табиғилықты сақтай отырып, сұлулықты арттыра түсудің де талай құпиялары бар. Солардың бірі көзді «ҮЛКЕЙТУ».
1. Түсті үлкейтетін линзаларды қолданыңыз
Бұл әдісті көбінесе корей қыздары көп қолданады. Көздің үлкенірек көрінуі үшін олар «қарашығы» үлкейтілген линзаларды киеді.
Қуыршақтың көзіндей көрінетін, қарашығы14-15 мм болатын линзалар көзді үлкен етіп көрсетеді.
Әдетте табиғи көздің қарашығының диаметрі шамамен есептейтін болсақ, 11-13мм шамасында болады. Үлкейтетін линзалардың әсері тез және өте жарқын.
Бірақ оларды қолданар алдында міндетті түрде офтальмологпен (көз дәрігері) кеңескен дұрыс. Кейбір адамдарда тіпті қысқа мерзімді линзаларды қолдану да тітіркенуді тудырады.
2. Қабақты айқындау
Яғни, көздің бұрыштары мен қастың астындағы жерлерді сәйкестендіріп бояу қажет. Өйткені көз бояуының да көзді үлкейтіп көрсетуде атқаратын маңызы зор.
Түс заңдарына сәйкес, қара немесе күңгірт реңктер, жабық түстер бәрін кішірейтіп көрсетеді, ал жеңіл реңктер ұлғайтады. Яғни, көзді бірыңғай қара түспен боямағаныңыз абзал. Көзді үлкенірек ету үшін қабақтың ішкі бұрыштары мен қастың астындағы бөлікті «бөлектеуді» ұмытпаңыз.
Ол үшін теньнің ашық күңгірт түсін немесе жарықтандырғыш түсін пайдаланыңыз. Көздің бұрыштарында жеңіл түстерді қолдануға болады. Інжу түсті бояулар макияжға көлем береді және көзді көрнекі етеді.
3. Көз қиығын дұрыс сызыңыз
Макияж жасаудағы өрескел қателіктердің бірі - көзді қара түспен көмкере бояп тастау. Өйткені мұндай көрініс сізді сұлу ете қоймайды, керісінше, «қорқынышты» етіп көрсетуі мүмкін. Көз айналасын түгелдей қара сызықпен көмкеріп тастасаңыз, көз қарашығы кіп-кішкентай саңылауға айналады.
Көзді үлкейту үшін қарындаш техникасын қолдануыңызға да болады. Жоғарғы қабақтың кірпік шетін қарындашпен сызыңыз, ішкі бұрышқа неғұрлым жақын болса, сызық соғұрлым жұқа болуы керек.
4. Көз астын жеңіл бояңыз
Төменгі қабақтың шырышты қабығына қолданылатын бозғылт, қызғылт немесе кілегей түсті жұмсақ бояу көзді көрнекі түрде «үлкейтіп» қана қоймайды, сонымен қатар шаршау іздерін де жасыра алады.
5. Көк, күлгін немесе көгілдір лайнерді қолданып көріңіз
Бұл суық, қаныққан түстер макияжды жарқын етеді, ал көздің көлемін үлкейтіп көрсететін болады.
Қара түстің орнына көк немесе күлгін қарындашпен қабағыңыздың үстінен жұқа етіп сызып өтсеңіз де көз айқындала түседі.
(Суреттер ашық дереккөзден алынды )
6. Қабақтың қатпарын табиғи сызықтан жоғары қойыңыз
Егер сіз қабақтың табиғи сызығынан сәл жоғары, 1-2 мм жылжытып бояйтын болсаңыз да көзіңіз үлкенірек көрінеді.
7. Кірпік те көлем береді
Қалың және ұзын кірпікті көп қыздар армандайды. Егер кірпігіңіз мұндай болмаса кірпік көлемін ұлғайту үшін тушь қолданыңыз.
Немесе қазір жасанды кірпікке де үйрендік. Мұның да кірпіктің саулығына айтарлықтай зияны болғандықтан, арасында осындай тәсілдерді де қолданып тұрғаныңыз жөн.
Тушьпен кірпігіңізді бояғанда алдымен бет пудрасымен аздап сүртіп алыңыз. Сонда кірпіктеріңіз қою көрінеді.
Есте сақтайтын жайт: кірпіктің үстіңгі қабатын екі қайтара бояу тиімді нәтиже береді. Ал астыңғы кірпікті боямаймын десеңіз де өз еркіңіз, бояғыңыз келсе бір қабат етіп жағыңыз.
НҰР Әлем,
Тағы оқыңыз: