​Негізгі 20 ӘДЕТ: сұлулығыңызды ҰЗАҚ сақтап қала аласыз

0
560

Өзін-өзі күту қағидаларын әрбір әйел өзінше қалыптастырады.


​Негізгі 20 ӘДЕТ: сұлулығыңызды ҰЗАҚ сақтап қала аласыз

фото: massaget.kz

Әйгілі визажист мамандарының кеңесіне құлақ түрсек, оны әдетке айналдырсақ, кез келген нәзікжанды сұлу қалпын сақтап қала алады.

Өсіп келе жатқан қыз баласы өзіне қалай күтім жасау керек? Неден бастау керек?

Әрине, жалқаулықты доғару қажет ең алдымен. Күнделікті жоспар құрып, оны жүйелі түрде орындау керек.


1.«Т», «С» және «Ы» алтын ережесін ұстаныңыз (тазарту, сергіту және ылғалдандыру)

Бет терісіне қалай күтім жасау керек? Теріге күтім жасау 5 кезеңді қамтуы керек, оның 3-еуі міндетті түрде орындалуы тиіс.

Бірінші кезең – алдын ала тазалауға дайындық, екіншісі – жуу (тазалау). Үшінші кезең - сергіту, төртінші - ылғалдандыру, бесінші - қорғаныс. Сонымен қатар, жуудан кейін аптасына екі рет теріні терең тазартуға уақыт бөлу керек. Терең тазарту үшін скрабтардың көмегіне жүгініңіз.


фото: posudaguide.ru

2. Бетіңізді қалай күтсеңіз, денеңізді де солай күтіңіз

Дене күтіміне не кіреді? Дене терісі, бет сияқты үнемі тазалауды, қабыршақтанудан арылтуды, ылғалдандыруды қажет етеді. Әсіресе суық мезгілдерде, өйткені көбірек бөлме ішінде болғандықтан, ауа құрғақ болады. Сондай-ақ қорғаныш кремдері де қажет.


3. Барлық макияж қылшықтары (щеткалары) мен губкаларды мұқият тазалаңыз.

Макияжды қолдануға арналған барлық щеткалар мен губкаларды жиі тазартып, жуыңыз. Осылайша осы құралдар және косметика ұзаққа жарамды болады және тері проблемалары, әсіресе бөртпелердің пайда болу ықтималдығы төмендейді.


4. Суды көбірек ішу керек

Стандарт бойынша салмақ өлшеміңіздің әр килограмы 30 грамм суды құрайды. Егер сіз нормаға жетпей жатқаныңызды түсінсеңіз, алдымен күніне қанша су ішетініңізді өлшеңіз, содан кейін көрсеткіштерді біртіндеп арттырыңыз.

Неліктен мұны мұқият жасау керек? Егер сіз бірден су ішуді көбейтсеңіз, мұндай жүктемеге дайын болмаған денеге ауырлық түсуі мүмкін, бұл сіздің әл-ауқатыңызға әсер етеді.


5. Косметикалық сөмкеңізді үнемі тексеріп отырыңыз

Косметикалық сөмкеңіздегі нашар, сынған және мерзімі өткен өнімдерді қоқысқа тастаңыз. Өзіңіз қолданбайтын өнімдеріңізді құрбыңызға, сіңліңізге пайдасына асыру үшін сыйлай аласыз, ал ұзақ уақыт бойы қолданылмай, кеуіп кеткен тушьты қоқыс жәшігіне тастаңыз. Сұлулық өнімдерінің арасында бұзылған немесе мерзімі өткен ештеңе болмауы керек.


6. Күнделікті қол мен тырнақ кремін қолданыңыз

Жақсы күтім көрген, ылғалдылығы қалыпты қол - бұл әйелдің визиттік картасы. Маникюрге баруды ғана емес, сонымен қатар күнделікті қол мен тырнақ кремін қолдануды ұмытпаңыз. Ең дұрысы, жатар орынға қолыңызға крем жағыңыз. Өйткені, күні бойы қолыңызды суға көп салуға тура келетін жағдайлар болады.


7. Ерніңізге гигиеналық далап жағып ұйықтаңыз

Ерніңізді де құрғап кетуден сақтаңыз, ол үшін әр түні ұйқыға жатар алдында гигиеналық далап қолданыңыз.


8. Қас пен кірпікті нәрлендіру үшін мезгіл-мезгіл арнайы май қолданыңыз

Қас пен кірпікке де күтім қажет. Нәрлендіретін май шаш фолликулаларындағы метаболикалық және регенеративті процестерді ынталандырады, мұны қолданғаннан кейін қастың бетінде тосқауыл пленкасы пайда болады. Нәтижесінде - қалың, тығыз, жылтыр қас пен кірпіктің иесі атанасыз.


9. SPF кремін үздіксіз қолданыңыз

Ультракүлгін сәулелер жаз мезгілінде ғана емес, тіпті қыста да теріге әсер ететінін еске салудың қажеті жоқ шығар, сондықтан SPF тері күтімі өнімдерінің міндетті компоненті болып табылады.


фото: clinica-opora.ru

10. Мойын терісіне күтім жасауды ұмытпаңыз

Мойындағы «Венера сақиналары» жас ұлғайғандықтың белгісі емес, бұл сызықтар жас кезде пайда болуы да мүмкін - физиологиялық сипаттамаларға байланысты. Мойын терісі қол терісі сияқты әйелдің жасын көрсетеді, сондықтан оған күтім жасауға ерекше назар аудару керек.


11. Шашты қатты байлаудан аулақ болыңыз

Тығыз, серпімді резеңкелерді үнемі пайдалану шашыңыздың құрылымын бұзады, шашты зақымдайды. Шашты қыспайтын немесе шаш түптерін ауыртпайтын резеңке таңдаған дұрыс.


12. Күн сайын смартфоныңызды бактерияға қарсы майлықтармен сүртіңіз

Бұл бактерияларды бет терісіне таратпау үшін жасалуы керек.


13. Жіп

Жіппен тазалау тіс жегісінің қаупін азайтады. Оның көмегімен тістердің арасындағы бос орындардағы бактериялық шөгінділердің қалдықтарынан құтылуға болады.


14. Телефонды көз деңгейінде ұстаңыз

Бұл сізге мезгілінен бұрын салбырап тұрған иек пен мойындағы әжімдердің алдын алуға көмектеседі.


15. Жаттығуларды орындаңыз

Таңертеңгілік жаттығулар сізге күні бойы қуат береді, оятуға көмектеседі және ұйқышылдықты жеңілдетеді.


16. Бетіңізді тым ыстық сумен жууға болмайды

Бетіңізді тым ыстық сумен жусаңыз не болады? Тамырлар кеңейеді, бұл терінің қызаруына, ал ұзақ мерзімді перспективада - оның салбырауына әкеледі.


17. Бетіңізді қолыңызбен ұстамаңыз

Неліктен бетіңізді қолыңызбен ұстауға болмайды? Өйткені бұлай ету арқылы сіз әртүрлі аурулардың ала аласыз. Мысалы, вирустық немесе ішек инфекциялары немесе көзге әсер ететіндер.


18. СПА ұйымдастырыңыз

Бірнеше аптада бір рет өзіңізді «емдеңіз». SPA процедуралары көңіл-күйді, әл-ауқатты жақсартады, метаболизмді және қан айналымын жылдамдатады. Оның көмегімен сіз организмдегі токсиндер мен қалдықтардан арыласыз.


19. Тістерді гигиенистке кәсіби түрде тазалауды ұмытпаңыз

Кәсіби тіс тазалау эксклюзивті процедура емес, әдеттегі процедура болуы керек.

Стоматологтар мұны алты айда бір рет жасауды ұсынады. Ал тәтті мен кофені жақсы көретіндер гигиенистке жиі бару керек, төрт-бес айда бір рет.


20. Өзіңіздің ішкі, сыртқы көрінісіңізді жақсы көріңіз

Сіздің өміріңіздегі басты адам - өзіңіз, сондықтан өзіңізді және «айнадағы көрінісіңізді» жақсы көру үшін бәрін жасаңыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күзде ҚАРА КИІМ сәннен қалып барады



СҰЙЫҚ әлде ҚҰРҒАҚ? "Румянаның" қайсысы дұрыс?