​Күзде ҚАРА КИІМ сәннен қалып барады

0
2 847

Суық мезгілге арналған СӘНДІ киімдер қандай?


​Күзде ҚАРА КИІМ сәннен қалып барады

фото: catalog-obuvi.ru

Жаз бойы ашық, жарқын түсті киімдерді киіп үйренгендіктен, қара түсті киімдерге бірден ауысу кішкене қиындау соғуы мүмкін. Ендеше, биылғы күзде қиналудың қажеті жоқ, өйткені, сән әлемінде қара түс маңыздылығынан айырылып барады.

Күзде қара киім киюдің қажеті жоқ. Олай болса...


Күзге арналған гардеробта не болуы керек?

Көлемді блейзер, қысқа белдемше сәнге еніп келеді. Сонымен қатар, суық мезгілге сай сырт киімдердің бірнеше жиынтығын жинаңыз. Мысалы: сәнді, оверсайз пішіндегі үлкен пальто, былғары пиджак, жылы күртеше немесе шапан. Негізгі сырт киімдермен қоса, кең джинсы кеушеше мен шалбар, көлемді күртеше, макси белдемше, былғары шалбар, жемпір, классикалық және жалпақ (оверсайз) көйлек.


фото: uz.wildberries.ru

Ыңғайлы аяқ киім

Өткен жылы да сәннен түспеген аяқ киімдер биыл да өзектілігінен айырылған жоқ. Мысалы: өте ыңғайлы аяқ киімдер қатарына лоферлер, кроссовкалар кіреді. Егер күн ашық әрі жылы болса, бос үлгідегі, яғни кең киімдерді кие аласыз. Сыртқы көріністің үстіңгі жағына көлем қосатын күртешелер қатқыл көрініспен қатар, еліктіріп әкете алады.


Блейзер

Блейзер өте сәнді көрінетін әрі күз мезгілінің жылы ауа-райында киюге арналған сырт киімнің түрі. Блейзердің ішінен ақ футболка немесе қысқа жеңді көйлек киіңіз.

Белдемшенің тым көлемді емес, шағын болғаны дұрыс. Романтикалық декоры бар немесе былғарыдан, джинсыдан, атластан, жұқа жүннен жасалған жасалған А-силуэт моделі бар преппи стиліндегі белдемшелер жақсы көрінеді.


МИНИМАЛИЗМ басты назарда

Мамандардың айтуынша, алдағы маусымда талғампаз модельдер мен минимализм басты назарда. Ыңғайлылық кез-келген көріністің негізінде жатыр, мысалы, көлемді күртеше мен стильді және бүктелген шағын белдемше. Былғары күртеше мен макси белдемше де осы күзде көптеген дизайнерлердің назарында.Макси ұзындықтағы белдемшелерге айрықша басымдылық берді. Мұндай модельдер практикалық, ыңғайлы және салқын ауа-райынды керемет жылытады.


фото: lychee-magazine.ru

2023 жылдың күзінде қандай сыртқы киім кию керек?

Суық мезгілге арналған сәнді сыртқы киім: үлкен көлемді пиджак-пальто, ашық қоңыр немесе сұр реңктегі көлемді пальто, А-силуэтті қара «көрпе пиджак», қысқа немесе ұзын қой терісінен жасалған күртеше, ашық түсті күртеше.

Ашық сұр түсті шалбар, шалбарға сәйкес келетін пальто күртеше. Киімді кішкентай қара әмиянмен, сопақ пішінді күннен қорғайтын көзілдірікпен, сырғалармен біріктіріңіз. Ақ және сұр кроссовкалар тамаша аяқ киім бола алады.

Әлем дизайнерлері тамаша күзгі көріністі ұсынады: ақшыл былғары бөлшектері бар сары- жез түсті мақта-матадан жасалған пальто; сары түсті көйлек; ақшыл, күдері шұлық етік. Металл ілгегі бар ашық түсті былғары белбеу белді ерекше көрсетеді.

Бұл киімге сәйкес келетін сәнді «ШЕЛЕК» сөмкесі өте қолайлы. 2023 жылдың күзіне арналған киімдер қарапайым және талғампаз. Босаңсыған көрініс үшін көлемді жемпір мен блейзерді белдемшелермен және кең джинсымен біріктіріңіз. Талғампаз көрініс үлкен пальто, былғары шалбар немесе миди ұзындықтағы көйлектермен үйлеседі.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СҰЙЫҚ әлде ҚҰРҒАҚ? "Румянаның" қайсысы дұрыс?


Күз мезгілінде шаш күтіміне арналған 4 ЛАЙФХАК