СӘНҚОЙ әрі ТАЛҒАМЫ ЖОҒАРЫ болу КӨП АҚША қажет емес

0
3 900

Сіз бұл туралы біліп пе едіңіз?


СӘНҚОЙ әрі ТАЛҒАМЫ ЖОҒАРЫ болу КӨП АҚША қажет емес

фото: modamix.net

Қаражаты жеткілікті болса да талғамсыз киінетін қыздар бар, ол ешкімге жасырын емес. Қымбат киім алады, қымбат косметика пайдаланады, бірақ неге екенін, олар келбетті әрі әдемі көріне алмай жатады. Барлығы емес, айналаңызда осындай қыз-келіншектерді кездестіргенсіз бе? Әр ортада болады мұндай.

Ал, киімі тым қымбат емес, косметиканы да көп пайдаланбайтын кейбір әйелдер болады. Тартымды көрінетін. Олар тек қана тартымды көріне білудің жолдарын жақсы түсінген жандар.

Сіз де осылай болғыңыз келеді ғой, қалтаңыздан көп қаржы шығарып, шығындалмай-ақ ерекше әрі сұлу болудың жолдарын меңгеріңіз. Ол үшін не істеу керектігін айқындап, соларды орындай алсаңыз болғаны.

Әрбір әйел өзін нағыз ханшайым, ханым секілді сезінуге толықтай хақысы бар. Тартымды көріну үшін сыртқы бейнеңізді тұтастай ескеру қажет. Ал сіздің сыртқы бейнеңіз бұл ішкі бейнеңіздің көрінісі екендігін ұмытпаңыз. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді көтеріңкі ұстап, үнемі күлімсіреп жүруге дағдыланыңыз.


Егер сізде қомақты қаражат болмаса, бірақ өзіңіздің сырт бейнеңізбен жақсы әсер қалдырғыңыз келсе, ең алдымен табиғилықты жоғалтып алмаңыз. Ұстану керек маңызды ой осы, өйткені әдемі көйлекпен арзан әшекей немесе керісінше арзан көйлекпен баттастыра бояну мұндай кезде ұсқыныңызды қашыруы да ғажап емес.


фото: o-tendencii.com

Жай ғана өз бойыңыздың, киіміңіз бен шаш-тырнағыңыздың тазалығына мән беріңіз, тазалықты қатаң ұстаныңыз, себебі ол өзгелерге жағымды әсер сыйлайды. Сонымен қатар, сыртқы келбетіңізге жеке-жеке назар аударатын болсаңыз, бір-бірімен үйлесімдігін қадағалаңыз.


Макияж. Қымбат көрсететін макияж казіргі трендттік «макияжсыз макияж» болып табылады. Барлығы барынша табиғилыққа жол тартуда. Тіпті мерекелік кештерде акцентті не көзге, не ерінге түсіру керек. Екеуін де түрлі түсті қылып бояп алу үлкен қателік.

Шаш. Қазір байқасаңыз, жас қыздар, бойжеткендер «шашым ұзын болса екен» деп, шаштарын өсіріп жүреді. Мұнда да ескеретін дүние бар, егер шашыңыз табиғатынан селдір жұқа болса, ұзын шаш әдемі көрінбейді. Шаштың көркін келтіретін және жалпы образды қымбат көрсететін ол күтім көрген, сау, дұрыс жарасатын ұзындықтағы және жарасымды көлем беретін шаш. Тіпті қазіргі кезде мерекелік кештерде де шашты сәндеу барынша жеңіл болуы керек. Әдемі түйіліп жиналған, 1 литр лак себілмеген, ешқандай артық жылтырақтар мен әшекейлері жоқ немесе жай ғана бос жіберілген таза, біртегіс шаш көркіңізді аша түседі.

Кірпік. Қалың әрі ұзын кірпіктер сәнде болды, қазір де оны жақсы көретін қыздар аз емес. Соған қарамастан, жасанды кірпіктер біртіндеп сәннен кетіп барады. Қазіргі кезде ол образды арзан көрсетеді, әсіресе күнделікті өмірде солай жүретін болса.

Ал қымбат көрінгіңіз келсе, барынша өз кірпіктеріңізді сақтаңыз. Қысқа, сынғыш кірпікті емдетіп, жәй ғана тушь жағып жүріңіз немесе ламинирование жасатыңыз. Әлемдік модельдердің бәрі де солай жасайды.

Маникюр. Тырнақтың тап-тұйнақтай, айналасы жұп-жұмыр болғаны әдемі. Өзі айналдырған он тырнаққа жапсырма (наклейка) да, неше түрлі дизайн да, түрлі түстің бәрін бір мезетте жасау өте үлкен қателік. Ұзын тырнаққа жасаса тіпті оғаш көрініс. Минимализм стилін ұстаныңыз. Дизайн жасатсаңыз да оны шектен шықпай жасатқан дұрыс.

Қас. Бұл жерде енді әркім өзіне жарасатындығына қарау керек. Қазіргі заманауи тренд қасты тарап қойыңыз дейді. Бірақ ол барлық қыздарға жасаса бермейді ғой. Сондықтан, қасыңыз жұқа болса да, қалың болса да, бастысы сізге жарасымды болғанына мән беріңіз.


Киім мен аяқ киім. Классикаға жақын стильге артықшылық беру ұсынылады. Гардеробыңыздағы негізгі заттар бір-бірімен жақсы үйлесуі керек. Белсенді жаңарту үшін қаржылық мүмкіндік болмаған жағдайда, барлық параметрлер бойынша сізге толығымен сәйкес келетін жоғары сапалы заттардан базаны жасаған дұрыс. Біріншіден, олар ұзаққа созылады және сыртқы түрін сақтайды. Екіншіден, жақсы маталардан жасалған бұйымнан алатын сезіміңіз арзан дүкендердегі бір реттік заттардан мүлдем өзгеше.Басқалар үшін де, өзіңіз үшін де. Әрине, бүкіл шкафты жоғары сапалы заттармен толтыру қиын болар, сіздің қалтаңызға өте қымбат шығар, дегенмен негіз өте жақсы болуы керек. Бұл әсіресе аяқ киімге қатысты, оны үнемдемеуге тырысыңыз.


Сөмке, аксессуарлар мен әшекейлер-бұл кез-келген идеяны жеңе алатын және оның қабылдауын танымастай өзгерте алатын қасиеті бар. Мұнда сіз белгілі бір қиялды көрсете аласыз. Сондықтан олар негізгі стильге түс акцентін енгізуге көмектеседі. Есіңізде болсын, ұстамдылық пен мейірімділік әйелді ажарландырады.


Парфюмерия. Сіздің соңғы нотаңыз ерекше әсерді ұқтырып қана қоймай, есте қалуыңызға себепші болады. Сізбен бірге болатын хош иіске көп ақша жұмсамауға тырысыңыз. Бір немесе екі түрлі хош иісті парфюм болғаны жақсы, бірақ шынымен лайықты. Бұл парфюм талғампаздық пен қымбатшылық сезімін қалдыруы керек. Содан кейін сіздің күтіміңізде күмән жоқ.

Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, әрбір қыз таңдануға лайықты бейнені жасай алады!

Дайындаған: Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетіңізді СҮТпен ЖУЫП көрдіңіз бе?


КОЛЛАГЕНге бай САРЫСУды үйде жасауға болады