СЕКПІЛ көркімді бұзады деп ойласаңыз МЫНА әдістер көмектеседі

0
2 743

Дақтарды кетіруге де болады...


СЕКПІЛ көркімді бұзады деп ойласаңыз МЫНА әдістер көмектеседі

Секпіл кейбір бойжеткендердің көркін ашып тұратыны бар. Ал, кейбірі мұны денсаулықтың бір ақауы немесе бет терісіндегі «нұқсан» деп қабылдайды. Бірақ сіз ойлағандай бетіңізде секпіл бар болса, бұл денсаулықтың ақауы емес.

Табиғи жаратылысыңызға қарсы шықпағаныңыз да дұрыс. Алайда, осы секпілдің әсерінен өзімді сенімсіз сезінемін десеңіз, одан арылуды көздеп жүрген болсаңыз, онда сізге МЫНА тәсілдер көмекке келеді.


АЙРАН

Әуелі бетіңіздегі секпіл көзге қораш көрініп, оны аз да болса сейілткіңіз келсе, айран жағуды ұсынамыз.

Ол үшін таза дәкені кез келген айран немесе дүкеннен сатып алынған кефирге батырып, секпіліңіз көп шоғырланған жерге қойыңыз.

10-15 минуттан соң, сумен жумастан, құрғақ дәкемен немесе жұмсақ орамалмен (сүлгі) сүртіп тастаңыз.

Бұл әдісті күніне 2 рет, таңертең және кешке бір апта бойы жалғастыру қажет.

Егер бір апта өткеннен кейін де нәтиже байқалмаса, онда бұл әдіс сізге көмектеспейді деген сөз. Сіз басқа тәсілді қолданып көруіңіз керек.




ЛИМОН сөлі+ СУТЕК асқын тотығы

Тазартылған бет терісіне 3 пайыздық сутек асқын тотығын (перекис водорода) немесе лимонның сөліне батырылған мақтамен сүртіңіз.

Көзіңізге тигізіп алудан абай болыңыз!

Соңынан қаймақ немесе бет күтіміне арналған крем жағып қойыңыз.




ҚИЯР

Сонымен қатар, қиярды үккіштен өткізіп, осы қоймалжыңды бетіңізге жағу арқылы да секпілден құтыла аласыз. Қияр қоймалжыңын тазартылған бет терісіне жұқалап жағып, 25-30 минуттан соң жуып тастасаңыз болады.

Мұның барлығын да секпілдің көбейетін мезгілінде жасағаныңыз дұрыс. Көктем шығып, күн нұры молынан түсетін шақтан бастап, қара суық түскенше секпілдің «көбеюі» орын алады. Осы тәсілдер арқылы жазғы мезгілде секпілдің көзге айқын түспеуін, көбеюінің алдын алуға болады.

Егер бұлардың ешқайсысы да сізге көмектесе алмаса, демек, дәрігерге көріну қажет деген сөз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЖАЗ -2020: Ерінге арналған ДАЛАПтың ең сәнді түстері


АСҮЙден табылатын азық-түліктен КЕРЕМЕТ МАСКА жасауға болады