​ЖАЗ -2020: Ерінге арналған ДАЛАПтың ең сәнді түстері

0
4 111

Жазғы маусымда өзіңіздің қалауыңыз бойынша қызыл ерін далабын кремді немесе күңгірттеу түсі әлде жылтыр түс қосатын түрлерін өзіңіз таңдай аласыз.


​ЖАЗ -2020: Ерінге арналған ДАЛАПтың ең сәнді түстері

Жаздың ыстық күндерінде жеңіл боянуға тырысатын бикештердің ішінде ерін далабын қолданбай көшеге шығатындары сирек шығар.

Сондықтан, биылғы тренде болатын ерін далабының түрлерін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.


2020 жылы қандай түстер сәнде?

Ерін далабы - макияждың ең маңызды бөлшегі. Оның көмегімен толық акцент жасауға болады. Яғни, тек кірпігіңізді ғана бояп немесе қасыңызды әдемі пішінге келтірген соң ерніңізге жағылған өзіңізге ұнайтын түстегі далап көркіңізді ашып қана қоймай, өзіңізге деген сенімділігіңізді арттырады.



ҚЫЗЫЛ түс

NYX Professional Makeup-тен Matte Lipstick сызғышынан Perfect Red реңкі бүгінге дейін маңыздылығын жоғалта қойған жоқ. Классикалық қызыл түсті далап сән әлемінде жетекші орынды сақтап қала алды.

Dolce & Gabbana, Badgley Mischka, Moschino, Prabal Gurung секілді бьюти-брендтер 2020 жылдың үздік трендтеріне айналды.

Жазғы маусымда өзіңіздің қалауыңыз бойынша қызыл ерін далабын кремді немесе күңгірттеу түсі әлде жылтыр түс қосатын түрлерін өзіңіз таңдайсыз.




КҮРЕҢ түс

Бұл трендті классикадан «қол үзуге» дайын болсаңыз ғана қолдана аласыз. L ' Oréal Paris, Color Riche Matte Addiction брендінің шарап түстес реңктерін күзгі және қысқы маусымда жиі қолданатын бикештерге жақсы жаңалық, бұл жолы бұл түс жазда да өзектілігін жоғалтқан жоқ.



«АЛТЫН» түс

«Сұйық алтын» мен металлдың әсері бар ерін далабы сәнқой қыздарға арналады. Егер сіз эксперимент жасап көруден қорықпасаңыз және өзіңіздің үйреншікті жағдайыңыздан, қоршап алған шеңберіңізден шығуға дайын болсаңыз, алтындай жылтыр түс сіз үшін.

Мұның кәдуілгі құтыдағы ерін далабынан (қатты түрінен) гөрі сұйық форматында көбірек кездеседі.

Бірақ, мұны күндізгі макияж түріне қолданбағаныңыз абзал. Жазғы кештерде өзіңізді сынап көрсеңіз болады.

Тағы бір айта кетерлігі жылтыр (блеск), сұйық ерін далабы сәнге кірді. Мұны түстерін сәйкестендіріп, далаптың үстінен жаға аласыз.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


АСҮЙден табылатын азық-түліктен КЕРЕМЕТ МАСКА жасауға болады


БОТОКСке ақша жұмсағанша қолдан МАСКА жасаңыз