Шаш күтіміндегі үнді қыздарының құпиясы

0
3 361

Оның шешімі оп-оңай екен әрі осы әдіс арқылы 30 күнде шашыңыз жауһардай жылтырайды. Ол үшін бар болғаны шашыңызды брахми майымен жуу керек.


Шаш күтіміндегі үнді қыздарының құпиясы

Үнді киноларына ғашық болып өскен буынның өкілі ретінде олардың жібектей шашына көңіл бөлмеуіңіз мүмкін емес. Ал оның құпиясын ашуға талпынып көрдіңіз бе?

Оның шешімі оп-оңай екен әрі осы әдіс арқылы 30 күнде шашыңыз жауһардай жылтырайды. Ол үшін бар болғаны шашыңызды брахми майымен жуу керек.


Брахми- пайдалы өсімдіктердің бірі, оны көп жылдар бойы медицинада пайдаланып келеді. Әсіресе есте сақтау қабілетін арттыруға жақсы. Соңғы жылдары ғалымдар оның майы мен ұнтағын шашты қалыпқа келтіру үшін қолдануға болатынын дәлелдеген.

Брахми майын қолдану үшін оны бар болғаны шашыңызға массаж жасағандай етіп жағу қажет. Түні бойы солай ұйықтауға да болады, өйткені оның ешқандай зияны жоқ.

Кез келген дүкеннен сатып алуға болатын брахми майы шаштың түсуін, зақымдануын тежейді.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ