​Шығыс әйелдерінің ӘДЕМІ болудағы 7 құпиясы

0
3 016

Мұны тырнақ пен шашты, тіпті, денені, яғни, терінің бір бөлігіне әсемдік беру үшін де бояуға қолданады.


​Шығыс әйелдерінің ӘДЕМІ болудағы 7 құпиясы

Шығыс әйелдеріне тән сырлылық, сұлулықтың лебі де шығысқа тән соғып тұрғандай әсерде болады. Еуропалық бикештер мен шығыс сұлуларының күтім жасауында да айырмашылықтар бар.

Шығыс аруларының мейлінше табиғи сұлулыққа немесе сұлулық үшін қолданатын құралдардың да табиғи болғанын маңызды санайтыны белгілі.

Табиғи өнім әрине, әйелдің ажарын ашып қана қоймай, пайдалы тұстарымен де сұранысқа ие.


Сүрме

Сүрме - бойжеткендер үшін табиғи бояу. Бұл бояуды қас пен көзді айқындау үшін қолданады. Қыздар үшін мұның тиімді тұсы - қасты немесе көз айналасын бояу кезінде немесе бояп болғаннан кейін ол айналасына жағылып кетпейді. Сонымен қатар, ұйқыға жатар алдын оны міндетті түрде жуып тастау қажет емес. Өйткені, сүрме табиғи өнім болғандықтан, ағзаға ешқандай кері әсері жоқ.


Қына

Бұл - сыртқы көрінісіне қарай, қандай да бір өсімдіктің ұсақталған түрі секілді. Мұны тырнақ пен шашты, тіпті, денені, яғни, терінің бір бөлігіне әсемдік беру үшін де бояуға қолданады. Қазіргі сатылымда табиғи қына екендігіне кепіл жоқ. Өйткені, оның құрамына әртүрлді қоспалар қосылып, өңделіп шығарылған. Ал, табиғи қынаның түсі қызғылт-қоңыр болады. Табиғи қынамен шашыңызды боясаңыз, шаш құрамына ешқандай кері әсері тимейді, шашыңызды күйдірмейді.


Су

Осыдан мыңдаған жылдар бұрын шөлейт жерді мекендеп, сусыздықтан зардап шеккен арабтың сахара шөлінде өмір сүрген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) сумен жиі-жиі жуынып тұру қажеттілігі жөнінде айтқан. Шығыс әйелдерінің де тек қана тазалық үшін ғана емес, бет терісін жақсартып, нұрландыра түскені үшін қолданған.


Зәйтүн майы

Зәйтүн майының пайдасы жайлы білмейтін жан кемде-кем шығар. Зәйтүн шығыс әйелдерінің өмірінде ең маңызды орын алады. Зәйтүннің майы ғана емес, оның жемісі МАСКА жасау үшін таптырмас өнім. Зәйтүн майын шашқа, теріге жағып, олардың ахуалын жақсарту, сонымен қатар, түрлі тағамдарға қосып, ішке қабылдау да ағзаның саулығына, және әдемі көрінісіне кепілдік беретінін дәлелдеудің де қажеттілігі жоқ шығар.

Тырнақты қатайтуда, шашты жібектей жұмсақ етуге, теріні жасартуда таптырмас мүмкіндік екенін білген әрбір қыз-келіншектің ас үйінде міндетті түрде зәйтүн майы болғаны дұрыс.


Мисуак

Таяу Шығыста өсетін «Арақ» ағашы бұтағынан ғасырлар бойы тіс щеткасының орнына пайдаланып келген. Мисуак деп аталатын бұл бұтақпен тісті тазалау және тынысты, ауыздан шығатыниісті (демді) тазартуға пайдаланған. Қазіргі күні түрлі-түрлі тіс пастасы мен сапасы мықты тіс щеткаларының барына қарамастан, көптеген шығыс әйелдері осы табиғи өсімдік-мисуакты пайдалануды тоқтатқан жоқ.

Пайдасы сол, мисуак тіс эмаліне кері әсерін тигізбей, ағарту қасиетіне ие. Кәдімгі тіс пастасы мен мисуактың тісті тазарту процесін салыстыра келе, қызыл иектің босауының алдын алатынын, ауыз қуысына түскен зиянды микроптардан қорғайтынын, тісті ағартуда күшті нәтиже көрсеткенін байқауға болады.


Жұпар иіс

Құрамында спирті жоқ, табиғи өнімдерден алынған майлы иіссу ұзақ уақыт бойы хош иісін жоғалтпай тұрады. Шығыс әйелдері ерінің жүрегіне жол табу, оның назарын өзіне аудару үшін жұпар иісті пайдаланған.


Салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану

Шығыс сұлулары сыртқы көрінісіне «салқынын тигізбейтін» дұрыс тамақтануға баса назар аударады. Спирттік ішімдіктер, темекі тағы да басқа сол секілді ағзаға ғана емес, сыртқы сұлулыққа үлкен залал келтіретінін білгендіктен, бір сәттік құмарлыққа емес, мәңгілік сұлулыққа ден қояды.


Шығыс әйелдерінің тағы бір ұстанымы

Шынайы бақытқа бөленгісі келген, анасынан жақсы тәрбие алған әйел ешқашан жылтыраққа құмар болып, киім-кешекке өш болмайды. Ол үшін өмірдің өткінші қызығы емес, жүректің тыныштығы, көңілдің орнығуы басты орында.

Бұл өз кезегінде әйел үшін ішкі сұлулықты сыйлық ретінде көрсетеді. Уақытша дене сұлулығын ғана емес, өмір бойы сарқылмайтын, бұзылмайтын сұлулық, яғни, жүректің сұлулығына жол ашады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ПЕДИКЮРді өзіңіз-ақ жасай аласыз!


Голливудтық косметологтың сұлулық сақтаудағы 8 КЕҢЕСІ