Шымкенттік ​СКУЛЬПТОР МАМАН: Әжімді кетіріп, омыртқаны түзейміз. Балалардың аяғын түзу басуына көмектесеміз

0
3 209

Шымқалалық орталықтың филиалы Дубай қаласынан ашылды


Шымкенттік ​СКУЛЬПТОР МАМАН: Әжімді кетіріп, омыртқаны түзейміз. Балалардың аяғын түзу басуына көмектесеміз

Әдемілікті әрлеу тек бет-әлпетті бояу немесе әдемі киім киюмен ғана шектелмейді. Сұлулықтың ауқымы өте кең, «ішкі дүниең сұлу болса, сыртың да сұлу болады» деген сөздерді есту де үйреншікті жағдайға айналса да, кейде әртүрлі жағдайларға байланысты эстетикалық көріністі жоғалтып, сыртқы бейнеге сызат түсетін жағдайларда не істеу керек?

Мұның да шешімін табу қазіргі таңда аса қиын емес. Өйткені, бұл саланың мамандары көмек сұрап келген әрбір жанға қол ұшын беруге даяр. Сондықтан, өзіңізге деген сенімділікті арттыру үшін сыртқы бейненің де маңыздылығын ұмытпағаныңыз жөн. Ал біз еліміздің бірқатар аймақтарында жұмысын жандандырып, елге пайдасын тигізіп жүрген Шымкент қаласында орналасқан «Скульптор by Aray Kairkanova» орталығының бас маманы БАБАЕВА Роза Абдазимқызымен тілдескен едік.


- Қайырлы күн, Роза Абдазимқызы! «Скульптор by Aray Kairkanova» орталығының елімізге танымал болып келе жатқанына сіздер секілді өз ісінің мамандары үлкен үлес қосты деп сеніммен айтуға болатын шығар? Өйткені, әлбетте қазіргі кезде сіздердің көмектеріңізге жүгінетіндер саны жетерлік. Сіздің орталықтың айналысатын қызметімен толығырақ таныстырып өтсеңіз?

- Әрине, өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын, сыртқы көрініс ішкі күйдің көрінісі екендігін жақсы түсінетін әрбір адам жолын іздейді. Біздің Скульптор орталығының айналысатын қызметін, мақсатын түсіндіріп кетейін.

Біздің орталық бет және денені инъекциялық жолсыз қалыпқа келтіреді. Яғни, ешқандай дәрі-дәрмек қолданбаймыз, массаж тәсілдері арқылы, адам денесіндегі немесе бетіндегі ақаулықтарды жоюға атсалысамыз. Мысалы, бет массажына - жас ұлғая келе терінің серпімділігі азайып, әжім түсуі де заңдылық, дегенмен, қазір барлығы дамыған дәуірде мұның да шешімі бар. Мейлінше қарттықты тежеуге, көз айналасындағы әжімдер, қабақтың түсуі, маңдай бөлігіндегі әжім, екінші иектің пайда болуы, беттегі ассиметриямен жұмыс жасаймыз. Эстетикалық тұрғыда әдемі көрінгісі келетін әйелдермен қоса, бізге келетін тұтынушыларымыз денсаулық жағдайындағы кейбір ақаулармен де шағымын айтып жатады.

Қазіргі таңда адамдар бір орында ұзақ отырып жұмыс жасайды, компьютерде дұрыс отырмаудан көпшілігінде омыртқа қисайған, өркеш (холка) бар, қанайналым өз жұмысын дұрыс атқармайды. Мұның барлығы да денсаулықтың мәселелері. Көптеген кеңселерде, тіпті жеке үйлерде ауа салқындатқыштың (кондиционер) әсерінен, басқа да жағдайлардан пайда болған неврит диагнозымен де келіп, көмек алып жатады. Біз әрине бар біліктілігімізді салып, тұтынушының алғысын алғанымызға қуанамыз.


Біздің «Скульптор by Aray Kairkanova» орталығы Шымкент қаласында 2020 жылы ашылған. Жалпы, еліміздің 6 ірі қалаларында осы орталық жұмыс істейді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қаласы. Тағы бір қуанышты жаңалығымыз, жақында Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі әрі ең сәулетті қаласы Дубайда тағы бір орталығымыз ашылды!


- Құтты болсын! Келесі сұрағым, дене мүшелерінің қисаюы немесе қызметінің бұзылуын қалыпқа келтіру үшін массаж немесе арнайы аппарат қолданасыздар ма, әлде басқа да әдістер арқылы түзетесіздер ме?

- Жалпы денедегі бұзылыстардың бәрін массаждың көмегімен қалыпқа келтіреміз, ешқандай аппараттың көмегінсіз, қолмен жасаймыз. Біздің массаждың ерекшелігі де сонда. Тікелей бұлшықетпен жұмыс жасаймыз. Денедегі спазм және спайкаларды алып тастаған соң, қанайналым және судың айналымы жақсарады, ағзаға керекті заттар жеткілікті мөлшерде сіңе бастайды, яғни ағзаға қажетті дәрумендер, минерал, коллаген т.б. керекті заттар еш кедергісіз барады.

Егер бір орында ұзақ отырып жұмыс істегеннен, қимыл-қозғалысы аз жұмыстан соң, бас ауыратын болса, біздің массаждан соң, миға оттегі жеткілікті мөлшерде баратын болады.

Массаждан кейін денедегі тұрып қалған керексіз заттар,токсиндер шығады. Тері жаңарады, беттің түсі, дененің түсі өзгереді.


- Сіздің қызметіңізге көбінесе кімдер жиі жүгінеді?

- Біздің орталықтың қызметіне ең көп жүгінетіндер 30 жастан асқан қыз-келіншектер, әйелдер қауымы. Көбінесе емдік мақсатта емес, жалпы профилактика ретінде келуге болады. Алғашқы әжім іздерін байқасаңыз, уақытты созбай, біздің орталыққа келуге кеңес беремін. Сол кезде іс жеңіл болады. 23-25 жастан бастап келуге болады айына 1 реттен келіп тұрсаңыз жеткілікті болады.

Массажға 6 жастан бастап қабылдаймыз, емделіп жүрген балалар өте көп. Курстан кейін балаларда болған өзгерістерді айта кетсем:

* Омыртқасы түзелген;

* Іш кебу мәселесі жойылған;

* Тамаққа тәбеті ашылған;

* Өз ойын еркін айта алатын, яғни сенімділігі оянған;

* Аяғын түзу баса бастайды.

Жас балаларда нәтиже де жылдам көріне бастайды. Ал, жасөспірімдерге келсек (14-18жас аралығы) көп жағдайда омыртқа қисаюымен келеді.

20 жастан жоғары-беттегі ассиметрия, әжім, аяқты дұрыс баспайды, омыртқасы қисайған, желке тұстағы «өркеш» (холка), неврит, денедегі, беттегі ісіктер шағымымен жиі келеді.

Тіпті өте қиын жағдайдағы, мәселесі күрделі тұтынушыларымызды айта кетуге болады.

1. Жол апатынан кейінгі өзгерістер ота жасалған, беті тігілген, мұндай жағдаймен де көмек сұрап келетін науқастарымыз бар, қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз.

2. Мүгедек топқа жататын науқастар да емделуге келеді.

3. Неврит-беттегі нерв талшықтарының суықтауының әсерінен беттің ассимметриясы бұзылады. Яғни, адамның беті қисайып, бір жақ бөлігі жансызданып қалады. Мұндай науқастар бізде ұзақ емделеді. Өйткені нерв талшықтарын ояту, жан кіргізу ұзақ уақытты талап етеді. Нәтижесі кейбір науқастарда жылдам, кейбірінде баяу көрініс береді. Дегенмен, міндетті түрде бастапқы кездегіден анағұрлым жоғары өзгеріс болады.


- Нәтижесі көңіл қуантарлықтай болуы үшін тұтынушы (пациент) қанша сеанс қабылдауы шарт? Ары қарай қандай күтім қажет екенін де айтып, кеңес бересіздер ме?

- Курс тағайындаймыз, 1 курсқа 10 сеанс кіреді. Барлығы жеке жұмыс жасау барысында белгілі болады, себебі әр пациенттің жағдайы әртүрлі. Сол себепті нақты осынша процедурада результат шығады деп кепілмен айтпаймыз.

Қосымша дұрыс тамақтануға, спорт, йога, пилатеспен айналысуға кеңес береміз.


- Сіздерге келіп денсаулығын түзеп, нәтижеге қол жеткізгендер көп болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан: Гүльвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ДӨҢГЕЛЕК жүзділерге МЫНА ҚҰПИЯЛАРды білген жөн


БЕТ терісі МАЙЛЫ болса, күнделікті күтімді ДҰРЫС жасау керек