Сізге ЖАЗҒЫ ҚАЛПАҚтың қандай ТҮРІ жарасады?

0
2 816

Ыстық ауа райында шаш пен теріні күннен қорғау маңызды. Сондықтан жаздық бас киімге немқұрайлы қарамаған абзал.


Сізге ЖАЗҒЫ ҚАЛПАҚтың қандай ТҮРІ жарасады?


Ыстық ауа райында шаш пен теріні күннен қорғау маңызды. Сондықтан жаздық бас киімге немқұрайлы қарамаған абзал.

Бір жылдары қолданыстан шығып қалған шляпалар соңғы уақыттары қайта сәнге енді. Ендеше әрі сәнді, әрі пайдалы киіммен гардеробты неге толтырмасқа? Таңдау жасаудан қиналсаңыз, кеңестеріміз кәдеңізге жарайды.

Жазғы қалпақ таңдауда түр-түсінен бұрын мән беру керек нәрсе – пішінінің бет формасына сәйкес келуі. Сондықтан таңдау барысында бетіңіздің формасын ескеруді естен шығармаңыз.


Сопа жүзді


Сопақша бет иелері – көбіне жолы болғыштар. Оларға кез келген пішін үйлеседі. Шляпаға қатысты да солай. Сондықтан, пішінмен іздемей-ақ, көңілі қалаған шляпаны киіп көріп таңдай берсе болады.


Дөңгелек жүзді


Ақ жүзі толған айдай болып тұратын арулар дөп-дөңгелек, қатты жиекті шляпадан аулақ жүргені абзал. Сондай-ақ, төбесі аласа түрлер де олар үшін емес. Сәйкесінше, төбесі биік, орташа жалпақтықтағы ирек жиекті және жіңішке жиекті жазғы қалпақтар жараса кетеді. Айтпақшы, ковбой шляпасын да қарай жүрген артық болмайды. Мұндай баскиімдер бет пішінін сопақша етіп көрсетеді.

Дөңгелек жүзділерге сабан қалпақ (канотье) та жараса қоймайды. Қажет болған жағдайда сабан қалпақтың да төбесі биік, жиегі жіңішке, шағын үлгілерін іздегені жөн.


Шаршы бет


Иек, бет пен жақ жалпақтығы шамалас болып келетін шаршы пішінді аруларға жалпақ жиекті шляпаларға назар аударуға кеңес береміз. Олар беттің біршама бөлігін жасыру арқылы иекке акцент түсіреді. Егер иекті ерекшелегісі келмесе, жиегі аздап жіңішелеу шляпаларды да байқап көруге болады. Тағы бір ескерер нәрсе – баскиім төбесінің де, жиектерінің де қатты пішін ұстамай, бостау, иректеу болып келгені дұрыс.


Жүрек немесе үшбұрыш пішінді


Жүрек не үшбұрыш пішін иелері де баскиім таңдауда қатты бас қатырмаса болады. Оларға кез келген пішін, көлем үйлесе кетеді. Оған қоса, ассиметрия да жақсы жарасады. Сондықтан шляпаны бір жағына қарай қисайтып киіп ерекшелену арқылы ұтымды образ жасай алады. Сабан қалпақтар мінсіз үйлесім табатын бет пішіні деп осыларды айтуға болады.


Атжақты арулар


Бет пішіні сопақшадан ұзан болып келетін атжақты аруларға биік төбелі баскиімдер кимеуге кеңес береміз. Жалпақ жиек те жараса қоймайды. Сондықтан жіңішке және оратылған жиекті шляпаларға көбірек назар аударғаны дұрыс.

Аударған: А. Мейірхан,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚЫТАЙдан келетін киімнен ВИРУС жұғу қаупі бар ма?

КАРАНТИН кімге не ҮЙРЕТТІ? Белгі иелерін қалай ӨЗГЕРТТІ?