Соңғы уақытта ТРЕНДТЕ болған шаш үлгілері

0
5 657

Биылғы ерекшеліктерді қаперіңізге сақтай жүріңіз, трендке сүйеніп шаш үлгісін жасасаңыз ең сәнді ханшайым атанасыз.


Соңғы уақытта ТРЕНДТЕ болған шаш үлгілері

Шаш әйелдің көркі екені белгілі. Оны сәнді етіп жинау немесе қидыру әйелдің көркін одан сайын аша түседі.

Ал әр жылы әртүрлі шаш үлгісі сәнде болатынын және трендке сай болып жүруді құптайтын қыз-келіншектер көбейіп келеді. Егер биылғы шаш үлгісінің қай түрі трендте екенін білсеңіз, өзіңіз де соған сай әрекет етіп жүрген шығарсыз. Егер білмеген болсаңыз бірден есіңізге сақтап алыңыз немесе жазып алыңыз, керек болады.

Себебі, биылғы шаш үлгісі бұрынғыдан өзгерек. Той-жиындарға, мерекелік кештерге баратын болсаңыз, міндетті түрде шашыңызды сәндейтініңіз анық. Ал шашты сәндеуді өзіңіз жасайсыз ба немесе сән салондарына барып, арнайы маманның көмегіне жүгінесіз бе өз еркіңізде. Қолыңыздан келіп жатса, әрине шығынды үнемдеп, өзіңіз жасап алуыңызға да болады. Бұл қиын емес, себебі кез келген жасқа, өз шашының табиғилығын сақтай отыра жасалынады. Барынша жеңіл, әрі сәнді болмақ.

Биылғы ерекшеліктерді қаперіңізге сақтай жүріңіз, трендке сүйеніп шаш үлгісін жасасаңыз ең сәнді ханшайым атанасыз.


Толқынды бұйра салу

Бұл шаш үлгісі бұрын өзінің көлемділігі мен сәнді болса, биыл барынша қарапайым түрде. Бірақ, кез-келген арудың сәнін келтіретіні сөзсіз!


Жинақы шаш үлгісі

Бұл жаны нәзік аруларымыздың сәнін аша түспек.Толқынды шашының ұқыпты жиналуы, жинақылықты көрсетеді. Әсіресе, ұзын шашты аруларға арналған.




Түйілген шаш үлгісі

Бұрын жасанды шаш қосу арқылы түйілсе, енді мұның қажеті жоқ. Өзіңіздің табиғи шашыңыздың көлемін айқындайтын уақыт. Түйілген шаш арасына нәзік аксессуар тағу- бұл сұлулығыңызды арттыра түседі. Кез-келген кештің сәні боласыз!




Өрілген шаш үлгісі

Барынша бос өрілген шаш күнделікті имиджіңіздің сәнін аша түседі. Әсіресе, орамалмен сәндесеңіз. Кез-келген жанның есінде өзіңізді сәнді ару қалпында қалдырғыңыз келсе, күнделікті осы шаш үлгісін түрлендіріп жасап жүруді әдетке айналдырыңыз.
Аталған кез-келген шаш үлгісін өзіңіз қалағаныңыздай жасата аласыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


2021-2022 ҚЫС маусымында НЕ КИЮ КЕРЕК?


«ТЕЙП» деген не? Бұл техникамен едәуір жасарасыз