​2021-2022 ҚЫС маусымында НЕ КИЮ КЕРЕК?

0
46 581

Қалай үйлесімді киінуге болады?


​2021-2022 ҚЫС маусымында НЕ КИЮ КЕРЕК?

Жыл сайын сән әлемі таңғажайыптармен таңдандырудан жалыққан емес. Егер сіз талғампаз және талапшыл ару болсаңыз, «көше стиліндегі» бұл сән түрі сізге ұнайтыны сөзсіз.


Көше стиліндегі қыс көрінісін қалай дұрыс таңдауға және сауатты киінуге болады?

Осы қысқы маусымдағы ең танымал материалдар мен текстуралардың ішінде мыналар ерекшеленеді:

* Тері

* Латекс

* Твид

* Жібек

* Атлас

* Трикотаж

* Кашемир

* Шілтер

Street style-дің жаңа сәнді бағыты түрлі-түсті, экстравагантты, ерекше киімдерде көрініс тапқан. Сондықтан биылғы сән ерекше, әртүрлі сән техникалары мен токтарының үйлесімін қамтиды. Бір қарағанда, яғни жеке-жеке алып қарағанда киімдер бір-бірімен үйлеспейтін секілді көрінеді, дегенмен, «көше стилі» деп атауымыз да бекер емес, ол батыл жинақтарды жасауға мүмкіндік береді.

фото: ledysoveti.ru

Іскерлік, классикалық костюм мен крассовкалардың немесе әйелдің өте нәзік көрінетін атлас көйлектері мен өрескел, дөрекі көрінетін етіктердің үйлесімін көруге болады. Немесе ыңғайлы трикотаж киімдер мен шаруашылық үшін резеңке етіктер де сәннен қалмайды.

Әсіресе танымал киім стилі, латекс пен терінің тандемі, экзотикалық өрнектер («зебра», «бұзау терісі») болады. Сондай-ақ, қауырсындар, шашақтар және жасанды терілер түрінде сәнді декордың болуына назар аударыңыз.

Жарқын заттарды, ерекше силуэттерді, батыл және ерекше принтерді таңдаудан қорықпаңыз!



ҚЫС 2021-2022 СЫРТҚЫ КИІМНІҢ ЖОҒАРҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


ЖЫЛЫ КҮРТЕ

Сыртқы киімдердің негізгі қызметі аяздан, желден және кез-келген құбылмалы ауа-райынан қорғау және жылыту. Дегенмен, оның да сәнді түрін таңдап, денеңізге қонымды, ыңғайлысын сатып алу әр адамның өз талғамында. Егер көбірек жаяу жүретін болсаңыз, мейлінше жылы әрі жеңіл пиджак пен ұзын курткалар.

Ал түсіне келетін болсақ, біртекті және көзге айрықша түспейтін-ақ, сүт түсті, кілегей түсті, қара және қоңыр түстер басты орында.


ТОН

Соңғы уақытта кеңінен танымал болған тондар биыл біршама жеңілдеді. Яғни, жануарлардың өмірін сақтау және жасанды аң терісін пайдалану қолға алына бастады. Бюджетке де айтарлықтай зиян болмайтындай, сәнді эко-пальтоға қол жеткізе аласыздар.


фото: ladywomans.ru

ПАЛЬТО

Стритстайл (Street style) сәнді әйелдер пальтосын ұсынады. Матасы жұмсақ (мамық) пальто, ұзартылған немесе қысқа түрінде болуы мүмкін. Сонымен қатар классикалық әйелдер пальтосы сәнде. Күз бен қыстың сүйіктісі-ретро дизайндағы екі қабатты пальто.

Сұр, графит, сүт түсті, қоңыр түстегі монохромды модельдер өте маңызды болады.

Клетчатка пальтолар да биылғы трендте.


СВИТЕР

Қандай күзгі-қысқы көріністі жемпірсіз елестете аламыз? Жылы жемпірдің 2021-2022 жылы ең сәнді және сұранысқа ие түрі көп әрине. Бірнеше моделімен танысайық.

Көлемді жемпірлер, үлкен өлшемді, иықтың кеңейтілген сызығы бар, ұзартылған, логотиптермен, үлпілдек және тоқылған өрнектермен өте керемет көрінеді. Көше стиліндегі күзгі-қысқы жемпірдің ең сәнді түстерінің бірі күлгін және сирень түсті болмақ.


КӨШЕ СТИЛІНДЕГІ КӨЙЛЕКТЕР

Суық күзгі-қысқы кезеңде тоқылған көйлектер сәнді болады. Сондай-ақ, танымалдылық шыңында әр түрлі бәсекелестіктен тыс болатын әртүрлі ерекшеліктері бар көйлектер болады. Бұл тоқылған және атласты көйлектерге де қатысты. Олардың бел тұсы, көйлектің алдыңғы немесе артқы жағында сәнді қиықтармен (отрез) сипатталады.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«ТЕЙП» деген не? Бұл техникамен едәуір жасарасыз


БЬЮТИ-ТРЕНДте «БАЙ ӘЙЕЛдің» бет-бейнесін жасау