СУҒА ШОМЫЛҒАНДА «ағып кетпейтін» МАКИЯЖДЫҢ 4 қағидасы

0
2 038

Боянбасаңыз жүре алмайсыз ба? Онда бұл кеңес Сіз үшін...


СУҒА ШОМЫЛҒАНДА «ағып кетпейтін» МАКИЯЖДЫҢ 4 қағидасы

Рас, әйелдер арасында боянбаса мүлде жүре алмайтын қыз-келіншектер көп кездеседі. Әрине, табиғи сұлулыққа жетер ештеңе жоқ. Бірақ боянуды жақсы көретініміз де жасырын емес. Әсіресе, бұл мәселе жаздың күндері шомылу маусымында жағажайға аттанатын қыз-келіншектерді біраз әбігерге салады.

Әдеттегі макияж су мен ыстық күннің салдарынан болатын термен «ағып» кетіп, сұлулықтың орнына ыңғайсыздық тудырып жатады. Осы бір мәселені болдырмаудың қарапайым ғана қағидаларын сақтаса, жағажайда сұлу да әдемі келбетіңізді сақтап, ол туралы ойланбай рахаттана демаласыз.


Табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейді

Жаз мезгілі – ең бір демалатын уақыт. Әсіресе, бет терісінің ауыр бояулардан тынығатын кезі. Сондықтан, бет теріңіз әдемі болса, онда теңіз немесе көлге, арнайы бассейндерге барғанда боянып та қажеті жоқ. Тек күннен қорғайтын құралдар жақсаңыз, жеткілікті болмақ.

Ал бояусыз өзіңізді ыңғайсыз сезінетін болсаңыз, онда төмендегі кеңестерге назар салыңыз.


Жағажайға боянып бару КЕРЕК ПЕ?

Бұл енді әркімге әрқалай, талқыға түсетін сұрақ.

Бір жағынан әдемі шомылу киімімен бет-жүздің де ажары ашыла түскенін кім жек көрсін?! Ал екінші жағынан кірпік бояуы оңып, суға түскен соң бет терісінің сызығында ғана қалатын тоналды кремнің жұғыны торланып тұрса да жақсы емес. Сондықтан бірнеше кеңесті қаперге ала жүрген дұрыс, арғы жағынан өзіңізге ыңғайлысын жасап аласыз.


  • Бет терісін тегістейтін құралдың жағажайға қажеті жоқ. Крем мен опаның қабатттал жағылуы алғашқы суға түскен сәтте-ақ шын «бейнесін» білдіріп қояды. Суға араласып, ондағы микроб бөлшектерін желімдей «іліп алып», ол теріде бөртпе пайда болуына әкелуі мүмкін.

  • Ал «стрелка» мен қанық түсті далаптардан бас тартпасаңыз да болады. Сонымен қатар, кірпік пен көз бояуының да мәселесін шешуге болады.



Шомылуға арналған макияждың 4 қағидасы


1. Тоналды кремдерден бас тартыңыз. Егер бетіңізде бөртпеден қалған шұңқырша немесе табиғатынан тегіс емес болса, онда суға төзімді әрі бет-жүзіңізді аша түсетін арнайы праймер немесе SPF кремдері де көмектесе алады. Әрі күннен де қорғайды бұл құралдар. Әсіресе, бетке арналған +50 түрі тоналды кремдей болмаса да, біршама реңк беріп, ағартып тұрады.


2. Бет-жүзіңіз күтімсіз көрінбес үшін қасқа мән беру керек. Ол үшін майлы қарындашпен жеңіл ғана боясаңыз, ол суға түскенде оңып кетпейді. Сүртіп тастамасаңыз, ұзақ уақыт ажарыңызды ашып тұрады. Мұндай қарындаштардың жуып тастамасаңыз, 3 күн бойы тұратын түрлері бар. Ондай қарындаштармен тіпті, аздап бет терісіне де реңк беруге болады. Әсіресе, +50 SPF кремінен соң беттің ұшына аздап жағып үйкелеп жіберсе, түсті опаның (румяна) да қызметін атқарады.


3. Кірпікке арналған суға төзімді бояулар бар. Кірпігіңізді қайқита бояп барғыңыз келсе де, шешімі табылады. Қазір кірпікке арналған бояулардың, оның астынан жағатын құралдардың суға төзімді түрлері жеткілікті. Оны да жаққанда кірпік түбінен емес, тек ұшына ғана қайыра жаққан әдемі көрінеді.


4. Көз бояуыныңда шешімі бар. Қазіргі сәндегі «стрелка» жасайтын сүрмелер де суға төзімді. Тіпті, оның да арнайы оңып кетпейтін түрін де таба аласыз. Ал қарапайым күңгірттеуші тендер су тисе оңу былай тұрсын, түсін де өзгертіп жіберіп, өңіңізді бұзуы мүмкін.

Оны сүргенде кірпік түбіне жақындата, сыртқа аса шығармай жақса да болады.

дереккөз: makeup.ru

Дайындаған: Айна ХАН,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Сұлулығыңызды сақтайтын КОСМЕТИКАЛЫҚ МҰЗДЫҢ 6 түрі


ҚАРБЫЗдың ҚАБЫҒЫН малға беруге асықпаңыз