​ҚАРБЫЗдың ҚАБЫҒЫН малға беруге асықпаңыз

0
5 176

Егер осылай демделген сусынды 1 ай бойына күніне 3 мезгілден шай орнына ішсеңіз, теріңіз жасарып, әжімдеріңіздің орны жоғала бастайды.


​ҚАРБЫЗдың ҚАБЫҒЫН малға беруге асықпаңыз

Қарбыз құрамында басқа жеміс-жидектерге қарағанда молынан кездесетін фолий қышқылымен мәлім. Сонымен қатар, қарбыз клетчатка және дәрумендерге бай өнім саналады. Бұдан бөлек, қарбыз теріні ылғалдандыратын және нәрлендіретін қасиетке ие.


ҚҰРҒАҚ ТЕРІ үшін

Бір дана жұмыртқаның сарыуызын 1 ас қасық балғын қарбыздың шырынымен араластырып, бетіңізге жағыңыз. Мұны 20 минут бойы ұстаған соң, салқын сумен шайып тастаңыз.

Жарты стакан қарбыз шырынын бірдей мөлшердегі сүтпен араластырыңыз. Соңынан таза дәкені алып қоспаға батырып алыңыз да 15-20 минутқа бетіңізге қойыңыз. Дәке құрғай бастаса, қоспаға тағы да малып алып, бетіңізге қоя беріңіз.


МАЙЛЫ ТЕРІ үшін

Бір дана жұмыртқаның ақуызын жақсылап көпіртіп алыңыз да 1 ас қасық майсыздандырылған қаймаққа араластырыңыз. Біртекті массаға айналуы керек. Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз.

Бұл масканы қаймақсыз да қолдануыңызға болады.




ҚАЛЫПТЫ ТЕРІ үшін

2 шай қасық қарбыз етін 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған масканы бетіңізге жағып, 15 минуттан соң жуып тастаңыз.


ӘЖІМге ҚАРСЫ

Үккіштен өткізілген азғантай мөлшердегі қарбызды бетіңізге жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен соң жуып тастауыңызға болады. Бұл маска теріңізді жасартуға қабілетті. Керемет нәтиже береді.




ҚАРБЫЗдың ҚАБЫҒЫ да қажетіңізге жарайды

Ол үшін 2 ас қасық ұсақтап туралған қарбыздың қабығына 1 стакан қайнаған су құйып, 30 минуттай бұқтырып қойыңыз.

Егер осылай демделген сусынды 1 ай бойына күніне 3 мезгілден шай орнына ішсеңіз, теріңіз жасарып, әжімдеріңіздің орны жоғала бастайды.


АҒАРТАТЫН лосьон

Егер бетіңізде түрлі әсерлерден пайда болған пигметті дақтар бар болса немесе жүзіңіздің аппақ болғанын қаласаңыз, қарбыз бен қиярдың шырынын теңдей мөлшерде алып араластырыңыз. Дайын болған лосьонмен күн сайын таңертең және жатар орынға бетіңізді сүртіңіз.


ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:

Осындай маскаларды дайындау үшін қарбыздың мейлінше табиғи өскенін таңдаңыз. Яғни, әртүрлі химикаттармен, дәрімен өспеген қарбыз нәтиже береді.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


СЕКПІЛ көркімді бұзады деп ойласаңыз МЫНА әдістер көмектеседі


ЖАЗ -2020: Ерінге арналған ДАЛАПтың ең сәнді түстері