СҰЛУ болғыңыз келсе, ЛИМОН маскасын жасаңыз

0
5 579

Егер сізді үй жағдайында лимон МАСКАсын жасау қызықтарса, толығырақ қарастырайық...


СҰЛУ болғыңыз келсе, ЛИМОН маскасын жасаңыз

Лимонның пайдасы ұшан-теңіз екені баршамызға аян. Адамның денсаулығына айтарлықтай пайдасын тигізіп, иммундық жүйені күшейтетін лимонның сұлулық үшін де пайдасы бар.


Лимонды бет күтімі үшін ғана емес, бүкіл дене терісі үшін пайдалануға болады.

Ол сыртқы күтімге арналған тиімді косметикалы ингредиент бола алады. Лимонның құрамында С дәрумен мен микро, макроэлементтер, клетчатка, пектиндер мен ақуыздар, көмірсулар мен органикалық қышқылдар бар.

Органикалық қышқылдар тері жасушаларын жаңартады, тері қабатын тазартып, бет терісінің түсін жақсартады.

Пектиндер - қабынуды жояды, жарақаттарды емдейді, зақымданудың алды алады.


Ашытқы қосылған лимон маскасы

Үй жағдайында маска жасау үшін лимонның сөлінен 1 ас қасығы мен 30 гр, шамамен 1 шай қасық ашытқы қажет. Екеуін жақсылап араластырып, 5 минутқа қалдырып қойыңыз. Одан кейін үстіне 1 ас қасық сүт құйып, араластырыңыз.

Дайын болған масканы бетіңізге жағып, жарты сағат күтіңіз. Межелі уақыт аяқталғанна кейін құбыр суына (ағып тұрған) жуып тастаңыз.

Бұл маска беттегі сепкілдердің азаюына, терінің жарқырауына үлес қосады.


Қант қосылған лимон маскасы

Бір ыдысқа жарты лимонның шырынын сығып алып, 1 шай қасық қант, 1дана жұмыртқаның ақуызы және аздаған мөлшерде су құйып барлығын көпіршігенше жақсылап араластырыңыз. Шанышқымен қозғасаңыз жеңілірек.

Дайын болған маскаға мақта дискісін немесе дәкені (бинт) батырып, бетіңізге жапсырып қойыңыз. Бетіңізде ашық жер қалмауы үшін дәріхана дәкесін (марля) алсаңыз жақсы.

Осылай бетіңізге жапсырып қойған соң, 20-25 минуттай күтіңіз. Одан соң, бетіңіздегі дәкені алып тастап, соңынан жылы сумен жуып тастаңыз.

Процедураны аптасына 2-3 рет жасауыңызға болады. Бұл маска бет терісінің ұсақ тесіктеріндегі қара дақтарды, пигментацияны жояды.


Бетті лимонмен сүртуге де болады

Таңертең лимон қосылған су немесе шай ішетін болсаңыз, лимон сөлін сығып алған соң, қалдығын тастамаңыз. Лимонның бұл тіліктерімен бетіңізді сүртіп шығыңыз.

Бұлай жасау бетіңіздің тонусы мен түсін жақсартады.


ҚҰРҒАҚ тері үшін...


1-рецепт

Тек қана лимон сөлі қажет. 15 минутқа бетіңізге жағып, соңынан жылы сумен жуып тастаңыз. Сонда бетіңіздіылғалдандырады, нәрлендіреді, ағартады және жасартады.


2-рецепт

1 ас қасық сұлы ұлпасына жарты лимонның сөлін қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен жуып тастаңыз.


3-рецепт

1 шай қасық глицерин, 1 шай қасық майлылығы жоғары қаймақ, 1 дана жұмыртқаның сарыуызы және 1 шай қасық лимон сөлін араластырып, бетіңізге жағып қойыңыз. Масканы 20 минут бойы ұстау керек. Соңынан жылы сумен жуып тастайсыз.


Қалыпты тері үшін...

1 дана лимон мен 1 дана лаймның қабығын ұсақтап, 1 ас қасығын ыдысқа өлшеп салыңыз. Үстіне1 шай қасық сұлы ұлпасын, 1 шай қасық лимон сөлін қосып жақсылап араластырыңыз. Бұл маска теріні нәрлендіріп, ағартады, сергітеді. Дәрумендермен, минералды заттармен толықтырады.


Майлы тері үшін...

1-рецепт

1 дана жұмыртқаның сарыуызын бөліп алып, лимонның 5 тамшы сөлін қосыңыз. Жақсылап араластырып, осы қоспаны бетке жағыңыз. 15 минут бойы ұстау қажет. Уақыт аяқталғаннан кейін алдымен жылы сумен, соңынан салқын сумен шайып тастаңыз. Бұл маска әжімдерді тегістейді.


2-рецепт

10 гр ашытқы, жарты лимонның сөлін сығып алып екеуін араластырыңыз. 15 минутқа бетіңізге жағып, алдымен жылы, соңынан салқын сумен жуып тастаңыз.

Маска теріні аздап ағартады, нәрлендіреді, ылғалдандырады.


3-рецепт

1 дана жұмыртқаның ақуызына 1 дана лимонның сөлін түгелдей қосып, араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 15-20 минуттан соң, жылы сумен жуып тастаңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

АНТИСЕПТИК құрамындағы заттар ӘЖІМДІ кетіреді


Көз айналасындағы ӘЖІМДІ КАРТОП кетіреді