​АНТИСЕПТИК құрамындағы заттар ӘЖІМДІ кетіреді

0
3 873

Денсаулығыңызға көңіл бөлумен қатар, салбырай бастаған бастаған теріңізді қалпына келтіріп, әжімдерден арылыңыз!


​АНТИСЕПТИК құрамындағы заттар ӘЖІМДІ кетіреді

Антисептикті кез келген инфекция мен вирустан қорғайтын құрал ретінде дәл қазіргі сәтте әлемді алаңдатып отырған тәжвирустан сақтану шарасы ретінде қолданамыз. Оны кез келген адам үй жағдайында жасап алуына болатын жайында да көптеген ақпараттар бар. Ендеше бүгін антисептиктің құрамындағы ингредиенттердің теріге айтарлықтай пайдасы бар екендігін айтпақпыз.

Еліміздің көптеген қалаларында карантин жариялануына байланысты үйде отырған сәтіңізді үреймен емес, сақтық шараларын қолдана отырып, өзіңізге пайдалы іспен айналысыңыз.

Соның бірі - тері күтімі. Көңіл-күйіңізді түсірмеу үшін, үрей мен қорқынышқа бой алдырмау үшін әркім әрқалай жолды таңдайды.


Сізге кеңесіміз - уақытыңызды тиімді пайдаланып, денсаулығыңызға көңіл бөлумен қатар, салбырап серпімділігін жоғалта бастаған теріңізді қалпына келтіріп, әжімдерден арылыңыз!


Ол үшін антисептик жасауға қажетті ингредиенттердің барлығы да жүзіңіздегі әжім іздерін жоюға қауқарлы екендігін біле жүргеніңіз абзал.

Антисептиктің құрамына кіретін сутегі асқын тотығы (перекись водорода), глицерин, кез келген эфир майы немесе алоэ вера гелінің қай-қайсысы болмасын жекелей пайдалансаңыз да беттегі әжімдерді азайтуға септігін тигізеді.

Егер осы ингредиенттердің барлығы бар болса, барлығынан бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырып, маска орнына пайдалансаңыз болады. Немесе әрқайсысын жеке қолданыңыз.

Сутегі асқын тотығы

Сутегі асқын тотығын бетті тазартушы құрал ретінде аптасына 1 рет мақта дискісін батырып, бетіңізді сүртіңіз.

Тек қана бір ескертетін жайт сутегі асқын тотығының әлсіз (3 пайыздық) мөлшерін бетті тазартуға пайдаланыңыз. Немесе азғантай мөлшерде сумен араластырып, пайдалансаңыз да болады.

Бұл бет терісін тазартады, терідегі өлі жасушалардан арылтады.

Егер бетіңізде безеуден жарақаттанулар орын алса, қанның тоқтауына және ашық жара бетіне инфекция түсуіне жол бермейді.


Ескеретін жайт

Аптасына бір реттен артық пайдаланбаңыз. Өйткені, ол терідегі зиянды бактериялармен қоса, пайдалы бактерияларды да жойып жібере алады.


Глицерин мен Е дәрумені

Глицерин мен Е дәруменінің қосындысы бет терісін нәрлендіреді. Егер бетіңіздің терісі майлы болса, глицеринді аз мөлшерде, Е дәруменінің 2:1 қатынасында араластырыңыз.

Е дәрумені шаршаңқы бет терісіне сергектік сыйлайды, әжімдердің тартылуына үлес қосады. Бет терісіндегі түрлі «проблемалармен» күреседі.

Глицерин терінің құрғауының алдын алады. Серпімділігін арттырады. Соның арқасында әжімдердің тегістелуіне жол ашады.

Е дәруменінің 10 капсуласына 25-30 мл глицеринді араластырып, маска жасаймыз. Дайын болған масканы тазартылған бет терісіне жағып, кемінде 40-60 минут, артығымен 1,5-2 сағатқа дейін ұстауыңыз керек. Бетіңізге масканы жағып болған соң, үй шаруасымен айналыса беруіңізге болады.

Уақыт өткеннен кейін жылы сумен жуып тастаңыз.


АЛОЭ ВЕРА гелі

Алоэ вера гелінің дайын нұсқасын сатып алсаңыз да болады немесе үйіңізде алоэ гүлін өсіретін болсаңыз, сөлін сығып алып пайдалана аласыз. Тазартылып жуылған 1-2 дана алоэ гүлінің жапырағын аршып, ортасындағы жұмсақ қабатын, яғни, жұмсақ етін бөліп алып, блендермен езіп алыңыз. Оның үстіне 1 дана жұмыртқаның ақуызын салып, араластырып жіберіңіз.

Бұл майлы, проблемалы теріге өте жақсы көмектеседі.

Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көз айналасындағы ӘЖІМДІ КАРТОП кетіреді


Шаш майланып кетсе, МЫНАДАЙ дәрумендер жетіспейді