ТЕСТ: Теріңіздің типін өзіңіз анықтаңыз!

0
6 133

Адамның терісі бірнеше типке бөлініп, әр қайсысы ерекше күтімді қажет етеді


ТЕСТ: Теріңіздің типін өзіңіз анықтаңыз!

Біздің терілеріміз майлы, құрғақ, қалыпты және біріктірілген (комбинированный) болып бірнеше түрге бөлінеді. Әрбір тип өзіндік жеке күтімді қалайды.

Бірақ біздің көбіміз теріміздің типін маманның көмегінсіз анықтай алмаймыз. Дегенмен бүгін біз ұсынатын бірнеше әдіс арқылы өз теріңіздің қай типке жататынын косметологтың көмегінсіз анықтауға болады.

Қарапайым тәсіл

Бетіңізді арнайы бет жууға арналған қоспалар арқылы тазартыңыз. Одан кейін құрғақ майлықпен сүртіп, 30 минутқа дейін бетіңізге ештеңе жақпаңыз және ұстамаңыз. Жарты сағат өткен соң маңдайыңыз бен мұрныңыздың, иегіңіздің үстіне қараңызшы, жылтырап тұр ма?

Жоғарыда айтылған нүктелердің жылтылдағанын байқасаңыз, тағы да 30 минут күтіңіз. Осыдан кейін әлі де жылтыр байқала ма, әлде құрғақ болып тұр ма? Егер бетіңізді жиырылып тұрған сияқты сезінсеңіз ҚҰРҒАҚ тері деп есептей беріңіз.

Жылтыр мұрын мен маңдайдан ғана байқалса ҚАЛЫПТЫ немесе БІРІКТІРІЛГЕН типке жатады. Ал жылтыл Т-зонамен қатар, бетіңізден де байқалса терінің МАЙЛЫ түрі болып есептеледі.

Құрғақ майлық арқылы анықтау

Құрғақ майлықтар арқылы бет терісінің типін оңай анықтауға болады. Ол үшін бетіңізді тазалап жуған соң 30 секунд күтіңіз. Одан кейін майлық қағазбен жүзіңіздің әр бөлігін (бет, мұрын, маңдай, жақ) жекелей сүртіңіз. Қағаздың қаншалықты майланғанына мән беріңіз. Егер қағаздан май байқалмаса, болмаса минималды майлылық көрсеңіз ҚҰРҒАҚ тері болғаны. Жылтыр мұрын мен маңдайдан шықса ҚАЛЫПТЫ немесе БІРІКТІРІЛГЕН типке жатқызуға болады, ал бет пен жақ тұсынан да май байқасаңыз МАЙЛЫ терінің белгісі.


Қандай айырмашылықтары бар?

Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, күні бойы бетіңіз жиырылып тұрғандай әсерде жүруіңіз мүмкін. Терінің бұлай қалыптан бұзылуына гармондар немесе дұрыс тамақтанбаудың салдары әсер етеді. Ал майлы бет терісі - терлеуге бейім және үнемі майлылығы білініп, жылтырап тұрады. Әсіресе ыстық күнде теріден май көп бөлінеді.

Майлы теріні әжім, қыбыршықтану, бөрту, безеу деген сияқты мәселелер көп туындайды.

Ал қалыпты тері қиындықтар тудырмайды. Дегенмен әр тері типіне арнайы жеке күтім жасалса ешқандай қиындық мазаламайды.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ