Целлюлитті кетіруге зәйтүн майы көмектеседі

0
5 946

Шаштың түсуі, тері мен тырнақтың беріктігіне зәйтүн майы қалай көмектесетінін төменнен оқыңыз!


Целлюлитті кетіруге зәйтүн майы көмектеседі

Шашыңыздың түсіп, бет пен қолыңыздың терісі қабыршықтанып жүретін болса неше түрлі нәрлендіретін кремдер мен қоспалар пайда бермеуі мүмкін. Бірақ табиғи зәйтүн майының әсері болары анық.

Зәйтүн косметикалық май ретінде де жиі қолданылады. Оны кремдер мен жуынуға арналған гелдьдерден, тіпті иіссудың да құрамынан таба аласыз.

Бүгін сіздер үшін ERNUR.KZ зәйтүн майының шаш пен теріге қандай пайда беретіні туралы айтады.

Бөртпелер пен қара дақтарға қарсы әсер етеді. Егер сізді ұзақ уақыттан бері терідегі дақтар мен бөртпелер мазалап жүрсе, зәйтүн майын жағып көріңіз. Бірақ оның өзін ғана пайдаланбағаныңыз дұрыс. Бетке арналған маскамен бірге қолдансаңыз әсері жақсы.

Шаштың түсуін тежейді. Шашыңыз өте көп түсетін болса, сусабынға зәйтүн майын қосып жуыңыз. Әр шашыңызды жуған сайын осы әдісті пайдалансаңыз, көп ұзамай шашыңыз түсуін тоқтады.

Бет терісінің жұмсаруына көмектеседі. Әр күні қолданатын нәрлендіргіш креміңізге аздаған тамшы эфир майын қосып қолданыңыз. Ол бетті тазартып қана қоймай, беттің формасын да мінсіз қалыпқа жақындаты. Терінің созылуына қарсы әсер ететін қасиеті де бар.

Целлюлитке қарсы көмектеседі. Сіздің бұған сенбеуіңіз мүмкін, бірақ шынымен оның пайдасы бар екен. Целлюлитке қарсы кремдерге зәйтүн майының жеміс иісі қосылғандарын араластырып бірге қолданып көріңіз.

Теріні күннен қорғайды. Ыстық күндері қолданатын иісмайлардың құрамында зәйтүн майының болуына назар салыңыз. Ол күнге күюден қорғайды және нәрлендіреді.


Фото: lady.tochka.ne

Автор: @karashash_esenbaу

ERNUR.KZ