​В6 ДӘРУМЕНінің ШАШқа керемет әсері

0
4 241

Бұл маска шашты СҰЛУ етеді...


​В6 ДӘРУМЕНінің ШАШқа керемет әсері

иридоксин, яғни, В6 дәрумені ағзадағы ақуыздың алмасуына, қан айналымын қалыпқа келтіруге, көру қабілетінің артуына және шаштың өсуіне жауап береді.

В6 дәруменіне бай азық-түліктерді тұтыну денсаулыққа өте пайдалы. Ал бүгін біз шаштың өсуіне және оның саулығына әсер ететін пиридоксиннің қасиеті жайлы айтпақпыз.


Шашқа арналған Пиридоксин (В6 дәрумені)

Пиридоксиннен жасалған маска шаштың күйіне жағымды әсер етеді. Сынғыш және жұқарып кеткен, өсуі баяулаған, жалпы күйі кеткен шашты қалпына келтіріп, күтім жасау үшін таптырмас мүмкіндік. Пиридоксин (адермин) В тобы дәрумендеріне жатады.

Шашты өсіруге, нығайтуға кіріскен болсаңыз, сізге шаш үшін керемет маска жасау жолдарын таныстырмақпыз.

Ол үшін бізге ампуладағы пиридоксин қажет. Қолданар алдында бұл өнімге кері реакцияңыздың бар-жоғын тексеріп алыңыз. Теріңізге аллергия тудырмас үшін оны тексеріп көру барысында алдымен қолыңыздың сыртқы терісіне пиридоксиннің бірнеше тамшысын тамызып көріңіз.

Ешқандай қызару, қышу, ашыту секілді жағымсыз әсерлері болмаса қорықпастан қолдана беруіңізге болады.


ПИРИДОКСИНнің ҚАСИЕТТЕРІ:

1. Шаштың түбін нығайтады;

2. Шаштың түсуін азайтады және емдейді;

3. Шаштың өсуін жылдамдатады;

4. Шашқа жылтыр өң береді;

5. Пиридоксин бас терісі арқылы тіндерге еніп, шаш фолликулаларына жетеді және оларды дәрумендермен қанықтырады.

6. Қайызғақтың алдын алады;

7. Қышуды, құрғақтықты, бас терісінің тітіркенуін басады;

8. Мырышпен бірге шашқа арналған супер стимулятор ретінде қызмет етеді;

9. В6 дәрумені жетіспеген кезде шаштың түсі өзгеріп, өңсізденеді, түсе бастайды және себорея (тері ауруы) пайда болуы мүмкін;


ПИРИДОКСИНмен ШАШқа арналған МАСКА

Маска жасау үшін 1 ас қасық түйежапырақ пен осындай мөлшерде (1 ас қасық) кастор майының қоспасына пиридоксиннің екі-үш ампуласын қосыңыз. Оның үстінен А және Е дәрумендерінің бірнеше тамшысын тамызып, барлығын мұқият араластырыңыз.

Дайын болған масканы шашыңыздың түбінен бастап жағып 1 сағатқа орап қойыңыз. Егер әсері күштірек болсын десеңіз, қоспаны жылытып алуыңызға да болады.

Неғұрлым жылылықтың әсері болған сайын шашыңызға да масканың әсері нәтижелі болмақ. Сондықтан, мейлінше басыңызды жылы орап қойғаныңыз жөн.

Бір сағат өткеннен кейін шашыңызды әдеттегідей сусабынмен жуып, соңынан бальзаммен шайсаңыз да болады. Тек қана шашыңызды феннің көмегінсіз, табиғи құрғатыңыз. Масканы жуып тастағаннан кейін бас терісіне массаж жасап, уқаласаңыз шашыңыз жібектей жұмсақ, сусымалы, жылтыр бола түседі.


НЫҒАЙТАТЫН МАСКА

1 шай қасық кастор майы мен 1 шай қасық түйежапырақ майы, 2 шай қасық лимон шырыны, 3 шай қасық пиридоксин ампуласы, әрқайсысынан 1 шай қасықтан А, Е, Д дәрумендерін алып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны шаш түбінен бастап, ұзындығын бойлай жағып шығыңыз. Масканы жағып болған соң, алдымен пленкамен немесе целлофан қалтасымен орап, сыртынан жылы болып тұратындай етіп орамалмен орап қойыңыз.

Бір сағаттан кейін басыңызды алдымен жылы суға, содан кейін салқын сумен жуыңыз. Бұл масканы аптасына екі рет, бірнеше ай бойы жасаңыз.


1 айда +3; +7 см ҰЗЫН ШАШ ...

КЕРЕМЕТ!.. Сау шашты армандайтын әрбір әйел осындай маска жасауы керек. Ол үшін сізге В6 дәрумені ампуласы (пиридоксин), В12 витаминінің ампуласы, 1гр. С дәрумені (дәріханада сатылады), 2 ас қасық кастор немесе түйежапырақ майы, 2 ас қасық су моншасында қыздырылған бал, 2 ас қасық кез-келген шашқа арналған бальзам қажет.

Барлығын жақсылап араластырыңыз. Дайын болған масканы шашыңыздың түбінен бастап жағып, содан кейін ұзындығына қарай біркелкі етіп таратып шығыңыз. Сыртынан пленкамен орап, қалың қалпақ немесе сүлгімен орап қойыңыз.

Бір сағаттан соң әдеттегідей жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска оңай жуылады, себебі шашқа арналған бальзам маска құрамына кіретіндіктен оңай жуылады.


Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БЕТ терісіне ГЛИЦЕРИН жағуға бола ма?


Кеудеңізге сәйкес ТӨСТАРТҚЫШты дұрыс таңдай аласыз ба?