ГЛИЦЕРИН мен Е дәрумені теріге қалай әсер етеді?
Глицерин - бұл сұйық, сәл ғана майлы, иіссіз, мөлдір түсті уытты емес зат (гидрат). Ол құрамындағы пайдалы заттардың терінің терең қабаттарына енуіне ықпал етеді. Тері қабатына терең сіңгендіктен, қоректік заттардың әсерін күшейтеді, ауадан су молекулаларын сіңіре бастайды, нәзік, жұқа пленка түзеді, жанасуға жағымды және тегіс болады. Бұл глицериннің басты ерекшелігі болып табылатын гигроскопия.
Алайда бұл кейде мүмкіндік өте зиянды болуы мүмкін. Мәселе мынада, төмен ылғалдылық жағдайында құрал молекулаларды ауадан «тартудың» орнына оларды теріден шығара бастайды, осылайша оны одан әрі құрғатады.
Сондықтан косметологтар глицеринді таза түрінде қолдануға кеңес бермейді, оны косметикалық компоненттердің құрамында қолданған дұрыс.
Глицеринді қолданған кезде бір ережені есте ұстаған жөн: Теріні жеткілікті ылғалдандыру үшін өнімді алдымен сұйылту керек.
Олай етпесеңіз, таза өнімді қолдану терінің әртүрлі ауруларын тудыруы мүмкін, аллергиялық реакциядан бастап ауыр дерматитке дейін.
Глицеринді дұрыс қолдану бет терісіне нәтижелі әсер етеді
Глицеринді дұрыс қолдану сыртқы көріністің көптеген кемшіліктерінен арылуға мүмкіндік береді. Оның пайдасын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені ол:
* үйде дайындалған косметика үшін тұрақтандырғыш ретінде әрекет етеді;
* эпидермистің жоғарғы қабаттарындағы зат алмасу процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді, осылайша терідегі ұсақ тесіктерді тазартуға, кір мен токсиндерді кетіруге мүмкіндік береді;
* теріні қарқынды ылғалдандырады, құрғақтық пен өлі теріден арылтады;
* ұсақ және мимикалық әжімдерді жояды;
* терінің күйін жақсартады, оны серпімді және тегіс етеді;
* бетке қорғаныс кедергісін қалыптастырады;
* шынтақ пен тізедегі қатқыл теріні жұмсартып, терінің «жарықтарын» емдейді.
ЗИЯН келтіруі де МҮМКІН
Глицерин теріге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, егер ол дұрыс қолданылмаса немесе керекті мөлшерден асырып, дозасын сақтамаса.
Өнімді пайдалану кезінде естіңізде сақтайтын ең бірінші нәрсе оны жоғары ылғалдылықта қолдану. Яғни, глицеринді қолыңызға немесе бетіңізге жағатын болсаңыз, ванна немесе моншадан шыққаннан кейін бірден қолданыңыз. Олай етуге мүмкіндік болмаған жағдайда қолыңызды жылы сумен, сабындап жуып алғаннан кейін, жатар орынға жағып қойсаңыз, таңертең ұйқыңыздан оянғанда терінің күйі жақсарып қалғанын байқайсыз.
Сонымен қатар, кез-келген басқа препарат сияқты, глицеринге аллергиялық реакция немесе жеке төзбеушілік пайда болуы мүмкін. Сондықтан кез-келген қауіпті азайту үшін өнімді қолданар алдында білекке аз мөлшерде зат жағып, дененің реакциясын күтіп, сезімталдықты тексеру ұсынылады.
Сіз білесіз бе? "Глицерин "сөзі латын тілінен"тәтті" деп аударылған. Оны нан өнімдерін пісіруде де қолданады.
БЕТ терісіне ГЛИЦЕРИНді қалай қолданады?
Косметологияда глицеринді қолдану аясы өте кең және жан-жақты. Сондықтан ол көптеген кемшіліктерден құтылу үшін қолданылады. Қыз-келіншектер мұны әжім, құрғақ тері, көз астындағы «қалташалар» мен безеулерді, қара дақтарды кетіру үшін қолданады. Әрине теріні жас, сау және жарқын етеді.
Ол үшін глицериннің жалғыз өзін емес, міндетті түрде қоспалармен бірге қолдану керек. Е дәруменімен бірге, ол табылмаған жағдайда жай ғана ауызсу да жарайды. Ең бастысы, глицеринді сұйылтып барып қолданған тиімді. Теріңізге зиян келтіріп алмау үшін.
Е ДӘРУМЕНІМЕН бірге
Е дәруменімен бірге үй жағдайындағы масканы жасау үшін теріңіз өте құрғақ, қабыршақты болса ғана тәуекел етіңіз.
Масканы дайындау үшін дәріханада сатылатын Е дәруменінің 10 ампуласын алып, 50 мл гидратпен, яғни глицеринмен араластырыңыз.
Бұл қоспаны аптасына бірнеше рет, ұйқыдан алдын 1,5-2 сағат алдын тазартылған теріге жағып жатыңыз.
Егер бөлмеде ылғалдылық аз болса, бұл маскаға аздаған су қосыңыз. Жасалу жолдары қарапайым ғана Е дәруменімен мұндай комбинация терінің құрғауы мен өлі теріні жойып қана қоймайды, сонымен қатар әжімдерді азайтады. Бір айдан кейін бет айтарлықтай жасарады.
Г. Жұмаділдаева,
Тағы оқыңыз:
Кеудеңізге сәйкес ТӨСТАРТҚЫШты дұрыс таңдай аласыз ба?