ЖАСАНДЫ КІРПІК жалғауда мына ҚИЫНДЫҚТАРҒА дайынсыз ба?

0
513

Сұлулығыңыз үшін қандай қолайсыздықтарға дайынсыз? Кірпік жабыстырып, көзіңізді жуудан бас тарта алар ма едіңіз?


ЖАСАНДЫ КІРПІК жалғауда мына ҚИЫНДЫҚТАРҒА дайынсыз ба?

Келісті мүсін, қарлығаш қас, қайырылған қалың кірпік... Бұл - әр арудың қиялындағы мінсіздік. Жасандылыққа жаны құмар нәзік жандылардың күн санап қарасы артып келе жатқандығы рас. Десек те, сұлулықтың әлемді құтқаратынын еске алсақ, бұл жағдайға да көз жұма қарауға бола ма?


Жасанды кірпікті көшедегі екі арудың бірінен байқаймыз. Сырт көзге әдемі көрініп тұрғанымен, қабаққа желімделген кірпіктің адамға қаншалықты қолайсыздық туғызатынынан бейхабармыз. Сондықтан да, біз бүгін кірпік жабыстырғандардың қандай тәуекелдерге баратындықтарын зерттеп, назарларыңызға ұсынамыз.


1.Көзіңізді мүлдем жумауға дайынсыз ба?

Бірнеше жыл бұрын жасанды кірпікке тәуелді болған Айнұр есімді арумен сұлулық салонында кезіктік. Ол көзін мүлдем жумайды екен тек, сумен көз маңайын айналып өтемін, дейді. Себебі, желіммен бекітілген кірпік талының су тиген сәтте түсіп қалуы мүмкін екен.


2. Моншадан да бас тартуға тура келеді

Ыстық бу, ағын су - жасанды кірпіктің жауы десек те болады. Ең сапалы жалғанған кірпік талшығының өзі де монша буына шыдай алмайды. Ағынды суға түссеңіз де кірпігіңіз түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан да, Моншаға баруды жоспарыңыздан сызып тастауға тура келеді.


3. Кірпіктегі бит туралы бұрын-соңды естуіңіз бар ма?

Найзадай кірпіктер де биттейді екен. Шаштың биттейтінін білеміз, ал, кірпіктің де биттеп кететінін көпшілік аңғармайды. Бұл туралы орыс биологтары арнайы зерттеу жүргізген. Олардың деректеріне сүйенсек, кірпіктегі биттер көбіне әйел адамдарда кездеседі. Сондықтан да мамандар бұл микроағзаның кірпікке жағылатын бояғыш пен жасанды кірпікті жалғауға арналған желімнің әсерінен болады деп топшылайды.


4. Кірпікті де тарап тұрасыз...

Қайырылған қалың кірпік ерекше күтімді қажет етеді. Қыздарың келбетін сұлуландыруға септігін тигізіп жүрген маман, шебер, Әлия ханым осылай дейді. Тізілген жасанды кірпіктер адам оқыс қозғалғанда немесе көзді ашып-жұмғанда орнынан қозғалып кетуі мүмкін. Ал, күтілмеген кірпіктің бірін-біріне айқасып тұруы оның жасандылығын одан сайын айшықтай түседі. Сондықтан да, арнайы тарақшамен жиі әрі еппен ғана тарап тұруға кеңесін берді, Әлия ханым.


5. Көзіңізді уқалауға да болмайды

Егер, қуыршақтың кірпігіндей болғанын қаласаңыз, абайсызда қолыңыз көзіңізге жетіп қалғанда сап тыйылуды үйренуіңіз керек. Олай болмаған жағдайда, әдемілігіңізге зиян келтіріп аласыз.


6. Тек шалқаңыздан ғана жатып ұйықтайсыз

Кірпікті қыздардың көпшілігі тек шалқасынан жататын көрінеді. Оған себеп те талшықтардың абайсызда орнынан қозғалып кетпеуін қамтамасыз ету.


Бір рет жасанды кірпік желімдеген қыздар екінші рет бас тарта алмайтын көрінеді. Мұның себебін олар, "кірпігіміз жоқ кезде ұсқынсыз көрініп қаламыз" деп түсіндірді.


Бұдан бөлек, жасанды кірпіктің көзіңізге қауіп, өзіңізге қолайсыздық туғызатын мәселелері болуы мүмкін-ақ. Біздің сұрап-білгеніміз осылар. Ол өте нәзік, артық қимылды ұнатпайтын жасандылық.

Жоғарыдағы қолайсыздықтарға көніп, шадамдылық танытамын десеңіз, сұлулық салонына бара берсеңіз болады.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет