Жасарғыңыз келсе күріш пен куркумадан маска дайындаңыз

0
12 209


Жасарғыңыз келсе күріш пен куркумадан маска дайындаңыз

Азиялық қыздардың сұлулық құпиялары талайларды тамсандырып келеді. Корей косметикалары бүкіл әлемдік сұранысқа ие болып отырса, Жапон халқы жыл сайын түрлі жаңалықтар ашып косметика әлемін толықтырып келеді. Бүгін біз сіздер үшін азиялық қыздардың құпияларын ашамыз.

Акупунктура бұл - тіс-жақ маңындағы нүктелерді инемен емдеу. Бұл әдісті әсіресе қытайлықтардың дәстүрлі медицинасында кең қолданады. Оның нәтижесінде дерттенген ағза жақсарып, тері де қалыпқа келеді. Тіпті ұсақ тыртықтар мен тері ауруларынан қалған дақтарды да жояды екен.

Көк шәй

Қытайлықтардың шәйді көп ішетіні белгілі, бұл тұрғыда біз де олардан қалыспайтынымыз хақ. Дәстүрлі медицинада терінің аурулары үшін түрлі шөптердің қоспалары жиі қолданылады. Ал олардың ішінде ең жиі қолдыланытын қарапайым көк шәй екен. Бірнеше кесе көк шәйді күн сайын ішіп жүрсеңіз теріңіздің нәрленгенін, жақсарғанын байқайсыз.

Куркума

Ас үйде жиі пайдаланылатын дәмдеуішті ас үй ханшайымдарына сұлулық үшінде пайдалануға болады екен. Қытай әйелдері куркуманы тек тамаққа ғана емес, бетке арналаған маскаларға қосқан деседі. Ол қан айналымын дұрыстап, бет терісіне жаңа өң береді.

Куркумадан дайындалатын маска: Жарты шәй қасық куркумаға 2 ас қасық ұн мен 2 ас қасық сүтті араластырып қоспа дайындайсыз. Оны бетке жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастау керек.

Күріш суы

Күріштің суын шығыс әйелдері теріні ағарту үшін жиі пайдаланады. Құрамы Е дәруменіне бай күріш суы қартаюды тежеп, беттегі әжімдерді азайтады. Одан дайындалған маска бетті күннің кері әсерінен де қорғайды.

Күріш суынан дайындалатын маска: 3 ас қасық күрішті қайнатып, суын жеке бөліп алу керек. Ол суға бал мен сүт қосып бетке жағасыз. Толық кепкенше күтесіз де, артынан күріштің суымен шайып тастауға болады.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ