ӘКЕСІНЕН ҚОРҚЫП өскен ҚЫЗ күйеуіне еркелей алмайды

0
3 116

Психологтардың пайымдауынша, қыз баланың әкесіне не анасына деген ренішінің болашағына кері әсері көп.


ӘКЕСІНЕН ҚОРҚЫП өскен ҚЫЗ күйеуіне еркелей алмайды

Психологтардың пайымдауынша, қыз баланың анасына деген саналы немесе өзі де байыбына бармаған реніші оны мынадай нәтижелерге апарады:

  • Жүрек чакрасының (қақпасының) жабылуы. Бұл жағдайда оның сезімі селқос, махаббатын білдіре алмайды, жақынына жүрегін аша алмайды. Өзін ешкімге керексіз, қадір-сыйсыз, қабілетсіз, жәбірленуші, бақытсыз жан сезінеді.
  • Өзінің әйел болмысын қабылдамайды. Әйелге тән қылығы, тіпті бет-бейнесінен де айрылып қалуы мүмкін. Яғни, іс-әрекет, сөзі, жүріс-тұрысы, сырт бейнесінің өзі нәзік қалпын жоғалтады.
  • Әйел өзінің әйелдік болмысын қабылдай алмаған кезде ерімен жақын қарым-қатынаста тән ләззатын да сезінбейді. Мұның соңы бірнеше ауруға апарып соқтыруы мүмкін екені аян.
  • Өзінің кім екенін, бұл дүниеге не үшін келгенін түсінбейді. Өмірге келді, келген соң оны сүру керек, уақыты келгенде кетеді – осы сценарийді ғана біледі.
  • Жанының жасырын жарасын күйеуге тәуелділікпен жазғысы келеді. Яғни, ол үшін бар жақсыны, бар қалауын күйеуі жасауға міндетті деп қабылдайды. Бар өмірін сол бір адаммен ғана байланыстырып қояды.
  • Өз қызымен ара қатынасында қиындықтар болады. Оның бойынан өз балалығын немесе керісінше, өз балалығында жетіспей қалған нәрселерді көреді. Бұл оның ашуына тиеді де, «Таз ашуын тырнадан алады»-ның керін келтіреді.
  • Кейін анасына деген ашуын қызынан алғанына өкініп, өзін күстаналаумен болатыны – өз алдына бір мәселе.


Кез келген бұрынғы бала, қазіргі ересек адам мынаны түсінуі керек: қай ана болмасын баламен қарым-қатынаста ерте ме, кеш пе әйтеуір қателік жасайды. Ол бір емес, бірнешеу болуы әбден ықтимал. Көңіл-күйі болмаса балаға ұрсып беру, ұру, өзінің шамасы келмеген, қолы жетпеген жетістіктерді баласынан талап ету сияқты қателіктерді бір де бір рер жасамадым дейтін ана жоқ шығар. Егер осыған баланың бәрі ренжіп, ол өкпеге ұласып, өзімен бірге өсіп, қара қазандай бола берсе не болғаны? Ол кезде барлық ана мен баланың арасында байланыс үзіліп, ешкім де бақытты болмас еді.

Сондықтан, анам менің тарапыма қатысты осындай қателік жіберді деп оны өмір бойы арадағы кедергі етіп ұстаудың өзі – үлкен қателік.

Ес білген шақтан бастап қыз баланың реніші – өзінің ғана мәселесі, өзінің ғана жарасы екенін түсінгені маңызды. Осыны түсінсе, ол өкпе-ренішті жойып, орнын жақсылықпен толықтыруға тырысады. Түсінбесе, тазармаса, өзін өзі бақытсыз етіп күн кешеді.


Ал,әкеге деген реніштің салдары...

Егер сіздің ер-азаматтармен сөзіңіз жараспайтын болса, олардың арасынан өз теңіңізді табу қиынға түссе, күйеуіңіз көңіліңізден шықпаса, арада ұрыс-керіс жиі орын алса, себебін бірінші кезекте өзіңізден іздеңіз. Бәрінің бастауы – әкеңізге деген саналы не бейсаналы өкпе-реніш болуы әбден мүмкін.

Әдетте, қыз балалар болашақ жарын таңдағанда өзінің әкесіне ұқсайтынын іздейді деп жатады. Бірақ, мұндағы әкеге ұқсау критерийлері – сырт келбет не мінез ғана емес. Қыз бала әкесінің қасында өзін қалай сезінеді, жанында жүргенде сол сезімді сезіндірген жігіттің етегінен ұстайтын көрінеді.

  • Әкесінен қорқып өссе, кейін күйеуінен де қорқатын болады.

  • Әкесінің махаббатын сезінбей өссе, күйеуінің де махаббатына бөлене алмайды.

  • Әкесі қасында бар бола тұра өзін қорғансыз, жалғыз сезінсе, күйеуіне де арқа сүйеп, қалқаны етпейді. Сөйте тұра, әкесі бермеген нәрселерді күйеуден алуға ұмтылады.

  • Ата-анасы айырылысқан, әкесі тастап кеткен қыздар күйеуінің әрбір түймедей қателігін түйедей көріп, оны өзін сатып кеткендей, тастап кеткендей көреді.

  • Бұл жай ғана уақытылы қоңырау шалмағаны, жағдайын сұрамағаны, өтінішін орындауды ұмытып кеткені, достарына ескертпей кеткені болуы мүмкін.

Осының бәрі оның отбасылық өміріне ойран алып келуі әбден мүмкін.

Ата-анаға деген болмашы реніштің кесірінен өз отбасының бақытына, балаларының болшағына балта шаппас үшін КЕШІРУ керек. ӨКПЕНІ жүректен де, мидан да ӨШІРУ . Өзіңізге өмір сыйлаған жандарды жақсы көресіз ғой. Ендеше, неге жамандыққа қиясыз? Өзіңізді де, өзгені де неге қинайсыз? Өкпені өшіріп, ренішті кешіріңіз де, тазарған, жаңарған, жеңілдеген көңілмен бақытты күн кешіңіз. Шындаса, бұл соншалықты қиын емес.

Ал өз кезегіңізде ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ҚАЯУ ТҮСІРМЕУГЕ тырысыңыз.

Жазып алған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Бала ТІЛАЛҒЫШ болуы үшін НЕ ІСТЕУ керек?


Бір үйдің балалары бір-бірімен ТІЛ ТАБЫСА алмаса, АТА-АНАСЫ кінәлі