​Күйеуін бірінші орынға қоятын әйелдердің балаға ықыласы аз бола ма?

0
1 687

Оклендс университетінің зерттеушілері отбасында ер азаматтың билігі жүруі керек деп санайтын ерлі-зайыптылардың балаға ықыласы аз ата-ана болатынын анықтаған.


​Күйеуін бірінші орынға қоятын әйелдердің балаға ықыласы аз бола ма?


Оклендс университетінің зерттеушілері отбасында ер азаматтың билігі жүруі керек деп санайтын ерлі-зайыптылардың балаға ықыласы аз ата-ана болатынын анықтаған. Зерттеушілер отбасында бар билікті өзі ұстайтын ер азаматтардың балаға аса жылы қабақ таныта қоймағанын және қатаң бақылауда ұстайтынын анықтаған. Сондай-ақ зертеулер мұндай отбасындағы аналардың да бала тәрбиесіне ықыласы аз екенін көрсеткен. Бұл шет елдегі жағдай.


Бізде қалай? Шет елде сәнге айналған «үй шаруасындағы әйел» бізде бұрыннан бар, қалыптасқан жағдай. Бақытты отбасы болу үшін өз қалауынан бас тарта алатын қыз-келіншектер әлде де көп. Дегенмен олардың бала тәрбиесіне ықыласы аз деуге болмас. Жолдасына қарсы сөз айтпақ түгілі киімінен аттап өтпейтін аналарымыз небір азаматтарды тәрбиелеп өсірді.


Қазіргі үйдегі аналарымыз өте жан-жақты. Олар тек бала тәрбиелеп, үй жинап, әдемі болып жүріп қоймайды, үйде отырса да жұмысын қатар алып жүреді. Үйде отырып та жолдасымен қатар табыс таба алады. Солай бола тұра күйеуінен бір саты төмен тұруды жөн көреді. Бұл біздің ежелден келе жатқан, аналарымыздың құлаққа құйған тәрбиесі болса керек. Дегенмен ер азаматтың билігі үстем отбасының да өзінің оң және кемшілік тұстары бар екен.

Ер адамның билігі жүретін отбасында жанұя мүшелерінің әр қайсысының рөлі анық және қандай да бір мәселеде шешім қабылдау жылдам, жеңіл болады. Отбасындағы материалдық жайлылық пен маңызды шешімдерді қабылдау жауапкершілігі ер азаматтың мойнында.


Ер адам билік ететін отбасындағы артықшылық

Күштік құрылым

Отбасын ер азамат басқару керектігінің негізгі дәлелі, оның табиғат берген физикалық және психологиялық мінезімен байланысты. Ер адам қажеттілік болғанда отбасын қорғай білетін күшке ие.


Шешім қабылдау

Ер адам отбасылық қиын немесе маңызды мәселе кезінде көмектесетін ерекше ұтымды ойлау қабілетіне ие. Ол бәрін саралап, таразылап, өмірлік тәжірибеге негіздеп барып қабылдайды.


Қаржылық тәуелсіздік

Әдетте ер азамат отбасының негізгі асыраушысы және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл өмір сүру деңгейінің жақсы болуына, армандардың жүзеге асуына, қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жауапкершілік және басшылық

Ер азамат отбасының жайлы өмір сүруі мен ондағы бар жауапкершілікті өзіне алады. Ол отбасындағы жандар үшін басшы және үлгі болады. Бұл отбасылық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі.

Отбасын ер азаматтың басқаруының, жүйелі және табысты отбасылық өмір құруға көмектесетін өзіндік ерекшелігі бар. Отбасында туындаған мәселені тиімді және сәтті шешуге көмектеседі, өзара сенім мен сыйластық орнайды.


Отбасындағы ер мен әйелдің рөлдерінің өзгерісі

Жоғарыда жазып кеткендей қазір көптеген жанұя отбасын басқарудың қалыптасқан үлгісінен бас тартып, ер мен әйелдің тең дәрежелі болуына көңіл бөлуде. Мұндай отбасында ер мен әйелдің жауапкершілік, міндеттері бірдей бөлінеді. Бұл ерлі-зайыптылардың өздерін еркін және тәуелсіз сезінуге, сонымен бірге бір-бірінің қызығушылығы, қажеттілігімен санасуға мүмкін береді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы қарам-қатынастағы басты нәрсе – өзара түсінісу, сыйластық және махаббат екенін түсінеді.


Ер азаматтың бала тәрбиесіндегі рөлі

Бала тәрбиесінде ер азамат маңызды, негізгі рөл атқарады. Ол баланың жауапты, мықты, төзімді, еңбекқор болып өсуіне үлгі болады. Отағасының әйеліне, балаларына деген қарым-қатынасы, сондай-ақ көпшілік ортадағы әрекеті бала бойында адами құндылықтың қалыптасуына өте күшті ықпал етеді.

Ер азамат балаларға өмір сүруге қажетті, пайдалы дағдыларды егуге қабілетті. Ер адамның тәрбиесі балаға өз бетінше дамуға, сенімді, мықты болуға жәрдемдеседі. Сондай-ақ әділ, қамқор және айналасын сыйлауға үйретеді.

Әрине қазіргі заманда әке мен ана рөлдері араласып кетіп жатады. Ер азаматтың берген тәрбиесін анасы да бере алады дейтіндер көбейген. Дегенмен әкенің бала тәрбиесіндегі рөлінің маңыздылығын мойындау керек. Бірақ ер азамат та отбасының басшысы болған соң, табыс тауып, отағасы екенін міндет етпей, үйдегі бар шаруа мен бала тәрбиесін әйелге ысырып қоймай өзі де белсенді болуы керек.


Отбасы билігінің ер азаматта болуының кемшілігі

Ал кемшілік тұсы - ер мен әйел арасындағы теңсіздік. Қазір көптеген қыз-келіншектер отбасында ер азаматтың би болатын болса онда өзінің пікірі мен қажеттіліктері шектеледі деп санайды. Сондай-ақ мұндай отбасында әйелдер қаржы жағынан ер азаматына тәуелді болатынын жоққа шығармау керек.

Қорыта келе, отбасын ер мен әйелдің бірлескен одағы сақтайды. Яғни, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығы, түсіне білуі және жалқауланбай іс қылуы.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Ерлі-зайыптының қарым-қатынасы баланың жетістігіне әсер етеді.