​Ерлі-зайыптының қарым-қатынасы баланың жетістігіне әсер етеді

0
3 921

Өзіңіздің қарым-қатынасыңыздың қай түрге жататынын анықтаған болсаңыз, онда басты мәселені жойып, келешекте қателік жібермеуге тырысасыз.


​Ерлі-зайыптының  қарым-қатынасы баланың жетістігіне әсер етеді

Кейде жаныңа ең жақын жандар ашулануға, көңіл толмауға себеп болып жатады. Ондай жағдайда өмір сүру кімге болса да қиын тиеді. Отбасындағы қарым-қатынас тек ерлі-зайыптылардың жан дүниесіне ғана әсер етіп қоймайды. Сонымен бірге балалардың жүйкесінің дамуы, өмір жолындағы жетістіктері де отбасындағы жағдайға байланысты.


Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас үлгілері және одан не күтуге болады?

Өзіңіздің қарым-қатынасыңыздың қай түрге жататынын анықтаған болсаңыз, онда басты мәселені жойып, келешекте қателік жібермеуге тырысасыз.


Дәстүрлі

Жайлы отбасы. Қарым-қатынастың бұл түрін мінсіз деп санауға болады. Отбасындағы жандар бір-бірін құрметтеп, қолдап, түсінуге тырысады. Махаббат жыл өткен сайын берік бола түседі. Әрине ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ ерлі-зайыптылар бәрін мәдениетті түрде шешуге тырысады. Олардың мақсаты, өмірге, бала тәрбиесіне деген көзқарастары бір. Мұндай қарым-қатынастағы отбасы мәңгілік және берік, түсіністіктен құралған. Балалар да өз ойларын ашық, мәдениетті түрде жеткізе біледі.

Мұндай қарым-қатынсты ары қарай берік және дамытуға көмектеседі:

  • Мәселені сабырлы және ашық талқылау;
  • Ерлі-зайыптылардың өздерін үздіксіз дамытып отыруы;
  • Үйдегі міндеттерді дұрыс бөлу;

Ата-ананың арасындағы жайлы қарым-қатынас – балалар жүйкесінің саулығының кепілі. Сондықтан ең алдымен өзіңнен бастап, дұрыс үлгі көрсету керек. Алайда тәрбие тәсілін де таңдау маңызды. Дәстүрлі отбасында ешқандай зорлық-зомбылыққа жол берілмейді және балаларға да қысым көрсетілмейді.


Ортақ тәуелділік

Мұндай отбасында барлығы бір ауру жанға бағынады. Есірткіге немесе ішімдікке тәуелді, ойынқұмар жан. Барлығы үнемі соның мәселесін шешуге тырысады, сол жанның ыңғайына қарай әркет жасайды. Бұл отбасындағы жандар үнемі қорқынышта өмір сүреді. Әрине соның ішінде балалар да бар. Мұндай отбасы жолдасының түзелуінен үмітін үзген кезде күйрейді.


Тиранмен қарым-қатынас

Мұнда басты жан – тиран адам. Отбасының өзге мүшелері соның дегенімен өмір сүреді. Олардың қызығушылығы, арманы, пікірі есепке алынбайды. Тиранның билігі қатал. Сондықтан қарым-қатынас өте қиын, үнемі қорқынышпен өмір сүруге тура келеді. Психологиялық және физикалық күш көрсету жиі орын алады. Мұндайжағдайда өскен балалар қатал, агрессияға берілгіш немесе тым тұйық, өзіне сенімсіз болады. Қарым-қатынас зәбір көрген жан кетуге шешім қабылдаған кезде тоқтайды. Жәбір көрген жанның ары қарай дұрыс өмір сүруге мүмкіндігі туындайды.


Бытыраңқы қарым-қатынас

Бұл отбасының мүшелері әрқайссы өз білгенімен өмір сүреді. Ешқандай ортақ мақсаттары жоқ. Ата-ана қарым-қатынасы бытыраңқы болса, балалар өздерін керексіз сезінеді. Неке ерлі-зайыптылар бұлай өмір сүруге болмайтынын түсінген кезде тоқтайды.


Нақты мақсаты жоқ қарым-қатынас

Мұндай отбасылар да сирек болса да кездесіп жатады. Ерлі-зайыптылар былай қарағанда аға-қарындас секілді өмір сүреді. Бәрі жақсы, достық қарым-қатынастағы одақ. Алайда бұл одақ ұзаққа бармайды. Себебі ерлі-зайыптылардың бірі өзінің тек жаны ғана емес, тәні де қалайтын жанды ертелі-кеш кездестіреді.


Қопарып тастайтын қарым-қатынас

Итальяндық неке. Қызба ерлі-зайыптылар көбіне қарым-қатынастарын көпшілік алдында, балалардың көзінше шешіп жатады. Бір-біріне неше түрлі сөздерді айтып, айқайлай салудан ыңғайсызданбайды. Баларардың ата-анадан үлгі алатынын ескерсек, бұл жағдай оның өмірінде де қайталануы мүмкін. Мұндай отбасы бақытты өмір сүруі мүмкін. Тек ерлі-зайыптылардың бірі дау-жанжалдан шаршаған кезде неке бұзылады.


Бала – ата-ана

Бұл жанұяда ерлі-зайыптылардың бірінің жасы үлкен және ол қамқор «ата-ана» секілді әрекет жасайды. Ал бала секілді екінші жары ештеңе істегісі келмей қыңырлыққа салынады. Ерте ме кеш пе ерлі-зайыптылардың бірі мұндай қарым-қатынастан шаршайды.

Қандай қарым-қатынас болса да, мықты отбасы болу үшін бастысы – махаббат пен сыйластық екенін ұмытпау керек.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Баланың дарынды болуы туабітті қасиет пе әлде тәрбие нәтижесі ме?