Өтпелі кезең: Баланың жағдайы қиын екенін МЫНАДАН білуге болады

0
7 148

Ұсақ-түйек саналатын іс-әрекеттер арқылы өтпелі кезеңде жүрген балаңыздың басында қандай да бір мәселе бар екенін білуге болады.


Өтпелі кезең: Баланың жағдайы қиын екенін МЫНАДАН білуге болады

Кейде барлығы жеткілікті, тәрбиелі, толыққанды отбасынан шыққан балалардың өзі қалыптасқан шекараны бұзып, теріс жолға қарай бұрылып кетіп жатады. Мұндай жағдайға көп ретте ата-ана кінәлі. Себебі ата-аналардың көпшілігі жұмыс, шаруа деп жүріп өтпелі шақта жүрген баласының қандай мәселелері бар екенін, не мазалап жүргенін байқамайды. Баланың бойындағы, мінезіндегі өзгеше қылықтарға мән бермейді. Дәл осы шақта ата-анасынан қолдау таппаған бала түрлі әрекетке баруы мүмкін.


Егер балаңыздың іс-әрекетінен төмендегі қылықтардың бірін байқасаңыз, тез арада онымен сөйлесіп қиындықтан шығуына көмектесіңіз.


Өзіне зиян келтіру

Бір қарағанға қарапайым, тырнағын тістелеу, ауырған жерлерін шұқылау секілді қарапайым әдеттер, іс жүзінде үлкен бір мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұған ата-ана бірден назар аударғаны жөн. Психолог мамандардың пікірінше бала ішіндегі қиналысын жасыру үшін өзін физикалық тұрғыдан қинап көреді. Сондай-ақ баланың спорттың жарақат көп алатын түріне қызығуы да тегін болмауы мүмкін.


Зиянды әдеттердің пайда болуы

Тағы бір қауіпті дабылдың бірі – баланың зиянды әдеттері. Егер бала темекі немесе алкаголь сынды зиянды нәрселерді жиі тұтына бастаса, демек ол әдейі, саналы түрде өз ағзасын улағысы келеді. Бала сол улану арқылы өзін мазалаған мәселелерден арылғысы келеді.


Хоббиінің болмауы

Өтпелі кезеңнің маңызды ерекшеліктерінің бірі баланың хоббиінің болуы. Егер баланың сағаттап уақытын алатын өзінің қызықты ісі болмаса, онда ата-ананың бұған көңіл бөлгені жөн. Өтпелі кезеңдегі балалардың күш-қуаты тасып тұрады. Сондықтан егер баланың ештеңеге қызығушылығы болмаса, демек онда қандай да бір мазасын алған мәселе бар болғаны.


Оқу үлгерімінің нашарлауы

Баланың үлгерімінің нашарлығы кез-келген ата-ананы бірден алаңдатуы керек. Кейде ақылды, оқымысты балалардың өзі ата-ана назарын өзіне аудару үшін әдейі үлгерімін нашарлатады. Кейде балалар ата-ананың немқұрайылығынан гөрі ұрысқанын, ақыл айтқанын дұрыс көреді. Егер жасөспірімнің сабағы аяқ астынан нашарлап кетсе, оны не мазалап жүргені турасында сөйлесу қажет.


Жалғыздық

Достарының болмауы – бұл да дабыл қағуға тұрарлық себеп. Егер жасөспірімнің достары болмаса немесе ешкіммен араласқысы келмесе, өзгелер ортасына қоспаса, онда себепті сырттан, өзгелерден емес баланың бойынан іздеу керек.


Жанашырлықтың болмауы

Егер жасөспірім қатарластарына дөрекі сөйлей бастаса, үйдегі жан-жануарларға қатыгездік танытса, демек баланың жүйкесі шаршай бастаған. Мамандар баланың мұндай әркетке баруы көп ретте шизофрения ауруының бастамасы болуы мүмкін деп топшылайды.


Енжарлық

Жасөспірім шақта балалар өздерін ерекше көрсетіп қалуға тырысады. Егер баланың бойында енжарлық пайда болып, айналасына бей-жай қарайтын болса, демек мұның үлкен себебі бар. Ол себепті ата-ана баламен бірге отырып шешуі керек. Бала тек тірлік істеуде ғана емес, киіміне де, тамағына да мән беріп қарамайтын болады. Сондықтан мұндай кезде ата-ана баламен сөйлесіп, мәселені анықтап шешкені дұрыс.


Көңіл-күйінің бірден құбылуы

Бірден айғайлап кету немесе себепсіз ыржың, күлкі, өзін –өзі ұстай алмауы, дөрекілік – мұның бәрі көптеген жасөспірімдерге тән дүние. Психолог мамандардың пікірінше көңіл күйдің бірден құбылуы дұрыс емес. Сондықтан жасөспірімнің мұндай жағдайын байқаған ата-ана онымен міндетті түрде сөйлескені жөн.


Дұрыс тамақтанбау

Егер бала бірден тамақ ішуді азайтса немесе кеісінше алына келгеннің барлығын жей берсе, тіпті қосымша тамақ сұрайтындай болса, онда ата-ана бұған назар аударғаны дұрыс. Бұған кез-келген жағдай немесе болмашы сөз себеп болуы мүмкін. Мысалы «сен тым толықсың» деген сөзді құрбыларынан естіген жасөспірім қыз тамақты мүлде және бірден азайтып асқазан ауруына ұшырауы мүмкін.


Ұйқысының дұрыс болмауы

Ата-ананы баланың ұйқысының бұзылғаны ойландыруы тиіс. Егер бала күндіз себепсіз ашуланып жүрсе, оны таңертең ерте тұрғызу мүмкін болмаса немесе күніз үнемі шаршаңқы кейіпте жүрсе, мұның барлығы ұйқының бұзылуынан орын алады. Ал ұйқысыздыққа себеп болатын физиологиялық өзгеріс немесе күйзеліс, сондай –ақ жүйке жүйесі ауруының бастамасы болуы ықтимал.


Қандай жас өтпелі кезең деп саналады?

7 жас. Өтпелі кезең негізінен бірінші сыныпқа баратын кезден басталады. Дәл осы жаста миидың осы уақытқа дейін уйқыда жатқан кейбір құрылымдары оянып, жаймен жыныстық гормон өндіре бастайды. Ал ол өз кезегінде дененің және көңіл күйдің өзгерісіне әсер етеді.

15-17 жас – ең қиын кезең. Бұл кезеңнен сабырлы өтіп кету қиын. Ең үлкен қауіп – суицидке бару. Әрине алып-ұшып өмірі енді ғана басталған шақта өзін-өзі өлідмге қию қиын. Мұндай қадамға бару үшін үлкен себеп болуы керек және ол себеп кеше бүгін пайда болмайды. Ол жылдар ішінде ішке жиналып жатады. Сондықтан әрбір-ата ана бұл кезеңде балаға мұқият болғаны дұрыс.

21 жас. Балам 18-ге толды, өтпелі кезең артта қалды деп еркінсуге болмайды. Мамандардың пікірінше өтпелі кезеңнің соңы 21 жас. Бұл жаста адамның ойы толығып, өз-өзін тоқтата алатындай дәрежеге жетеді екен.

Өтпелі кезеңді бірден өткізіп тастау мүмкін емес. Оны еңсеру ата-анаға да балаға да оңай түпейтіні анық. Сондықтан ата-ана балаға үнемі жақын болу керек, өтпелі кезеңдегі кез-келген ұсақ-түйек іс-әрекет пен мінезіндегі өзгерістерге мән бере қараған дұрыс.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Қандай ӘЙЕЛ күйеуіне ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАЙДЫ


Ұқсас мақалалар: Қандай БАЛА ата-анасын ҚАРТАЙҒАНДА ТАСТАП КЕТУІ мүмкін