WhatsApp арқылы ҰРЫСАТЫН ерлі-зайыптылар тез ТАТУЛАСАДЫ

0
2 847

Мессенжер қайта зерделеп шығуға, өз қателіктерін көруге көмектеседі.


WhatsApp арқылы ҰРЫСАТЫН ерлі-зайыптылар тез ТАТУЛАСАДЫ

Ерлі-зайыптылардың ұрысы әр отбасының ажырамас бөлігі іспеттес. Ұрыс әр түрлі себептен орын алады – екітүрлі көзқарас, түсініспеушілік, реніш, қызғаныш тағы басқа. Отбасындағы шешілмеген мәселе қарым-қатынасқа зардап тигізуі, тіпті ажырасуға алып келеді.


Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік желіге кіруі, телефон ұстауына қатысты қарама-қайшы кеңестер өте көп. Кейбір сарапшылар ерлі-зайыптылардың телефонды аз қолданғаны дұрыс деп санайды. Ал енді бірі ұялы телефонның күні бойы бір-бірімен байланыста болуы үшін қажеттілігі жоғары дейді. Қалай болғанда да мессенджер пайда болғалы ерлі-зайыптылардың өз мәселелерін жеңіл және тиімді шешуге мүмкіндігі көп.


Мессенджер ерлі-зайыптылардың кез-келген уақытта, қай жерде болса да сөйлесуіне мүмкіндік береді. Бұл әсіресе көп уақытын жұмыста өткізетін жандар үшін маңызды. Мессенджер көмегімен ерлі-зайыптылар сезімдерін білдіріп, уақыт күттірмейтін мәселелерін айтып, шешімін бірге қабылдай алады.


Сондай-ақ мессенджер мәселені жазба, мәтін түрінде айтуға мүмкіндік береді. Бұл қиын мәселе, ашу кезінде эмоцияны көрсетуден сақтайды. Әрбір ерлі-зайыпты жолдасының жазбасын оқып жауабын асықпай, ойланып барып бере алады.


Мессенджердің тағы бір пайдалы тұсы – ондағы барлық әңгіме мен даулы сөздеріңіз сақталып тұрады. Бұл ерлі-зайыптыларға алдыңғы талқыланған әңгімелерді толық қайта зерделеп шығуға, өз қателіктерін көруге көмектеседі. Сонымен бірге мессенджерде қажетті ақпаратпен бөлісуге, маңызды күндерді еске салуға, тіпті уақытты бірге өткізуді жоспарлауға көмектеседі.


Жанжалдың себебін біліңіз

Жанжалдың негізгі себептерінің бірі – күткен, болжаған нәрсенің сәйкессіздігі. Әр жан қарым-қатынастан өзінше үміт етеді. Ал егер бәрі өз ойлағанындай, күткеніндей болмаса, онда арада түсініспеушілік, көңілдің толмауы орын алады. Мәселен, әйел адам қамқорлықты, көбірек көңіл бөлуді қаласа, ер азаматыеркіндік пен дербестікті керек етуі мүмкін.

Жанжалдың тағы бір себебі – қарым-қатынастың, байланыстың жеткіліксіздігі. Егер ерлі зайыптылар өзара ашық және шынайы қарым-қатынаста болмаса, онда олардың арасында болмашы нәрседен сенімсіздік, жаңсақ түсінікорын алады.Екеуара байланыстың жақсы болуы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Сондықтан бір-біріңізді ести білу, сезіміңізді, қажеттілігіңізді жеткізе білу, келісімге келу жолын іздеу керек.

Үшінші негізгі себеп – құндылықтар мен наным, сенімдегі айырмашылық. Әрбір жанның құндылығы, сенімі өзгеше. Егер ондағы айырмашылық үлкен болса, бұл ерлі-зайыптылар арасында келіспеушілік пен дауласуды тудырады. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бірі дәстүрлі құндылықтарды ұстанатын, екіншісі заманауи. Мұндай кезде бір-біріңіздің көзқарасыңызды құрметтеп, ымыраға келу керек.

Жанжалдың тағы бір себебі – бірін-бірі түсінудің жетіспеушілігі. Егер ерлі-зайыптылар өзін бір-бірінің орнына қойып көре алмаса, оның қажеттілігін, сезімін түсінбесе, онда түсініспеушілік және көңіл толмау орын алады.

Жанжалдың себебін түсіну, мәселенің шешімін тез табуға көмектеседі. Ашық сөйлесіңіз, ортақ шешім табуға тырысыңыздар. Тек сонда ғана отбасында жайлы қарым-қатынас орнатуға болады.


Мессенджердің қарым-қатынасты жақсартудағы көмегі

Мессенджер хабарламамен алмасудың түрлі жолдарын ұсынады. Видео, аудио жазбалар, фото, видео, файл жіберу. Осы мүмкіндіктердің арқасында мессенджер ерлі-зайыптыларға бір-бірімен, достарымен, ата-анасымен, әріптестерімен ара қашықтық пен уақытқа қарамай байланысып тұруға көмектеседі.

Мессенджердің негізгі артықшылықтарының бірі – қолжетімділігі. Ол түрлі платформада – компьютер, смартфон, планшетте жұмыс істей береді. Бұл мессенджерді кез келген жерде, кез келген уақытта пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мессенджер хабарламалардың құпия және қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Бұл өзіңізді сенімді ұстауға, сезіміңізді, ойыңызды еркін жеткізуге мүмкіндік береді.

Толықтай алғанда мессенджерлер қазіргі қоғамда байланыстың сенімді, ыңғайлы тәсілі.


Хабарлама арқылы эмоцияны шығару

Көңіліңіз қалып ашу қысқан кезде бетпе-бет тұрған жолдасыңызға өз жай-күйіңізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмайтын кездер болады. Сондай кезде хабарлама ойыңыз бен сезіміңізді толық жеткізудің құнды құралы болуы мүмкін. Бұл агрессиядан, артық сөз айтып жағдайды қиындатудан сақтайды.

Сонымен қатар хабарламаны қайта-қайта оқу жазған адамның қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Алайда хабарлама арқылы ойды жеткізу, бетпе-бет сөйлесудің орнын алмастырмауы керек. Ол мәселені шешуде қосымша құрал ретінде ғана пайдаланылғаны дұрыс.


Мессенджер көмегімен мәселені алыста жүріп шешуге болады

Иә, отбасылық мәселені мессенджерде жазып-ақ бір-біріңізді көрмей, алыста (вахта, іссапар) жүріп те шешуге болады. Тек, мұндай жағдайда өте үлкен төзім мен түсіністікті қажет ететінін ұмытпаған дұрыс. Сондықтан әр сөзіңізді ойланып барып жазыңыз, айтыңыз. Жағдайды ушықтырмау үшін дауыс екпініне де мән берген дұрыс.

Бір сөзбен айтқанда мессенджер арқылы ойды ашық айтуға, сезімді толық жеткізуге, түсінуге мүмкіндік мол.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.