Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз

0
2 507

Балаға ақыл айтып, құрғақ сөзбен оның санасына сыймайтындай сөздерді тықпалағаннан гөрі, балаңыздан талап еткіңіз келген істі ізіңізден ертіп жүріп, көзімен көрсетіп, қолымен ұстатып үйретіп берсеңіз, балаға тез сіңеді. Бір жағынан, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.


Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз

фото: ашық дереккөзден

Бала үшін ата-анасынан артық жан жоқ. Ұл балаға әке идеал болса, қыз бала үшін анасынан артық сұлу, анадан артық дана адам жоқ. Әке қорған, күшті адам. Балалар осы екеуінен үлгі алады, өмірдегі жолын ата-анасының жүрген жолына, басқан ізіне қарап өз соқпағына түседі.

«Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген мақал да бар халқымызда. Егер де сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңгі күнге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, алдымен өзіңізді дұрыс тұтыңыз. «Тәрбиеге көнбеген» баланы кінәлап қажеті жоқ. Өйткені, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін» балаңыздың бойына осы қасиеттерді сіңірген басқа емес, алдымен сіздің өзіңіз.

Балаға ақыл айтып, құрғақ сөзбен оның санасына сыймайтындай сөздерді тықпалағаннан гөрі, балаңыздан талап еткіңіз келген істі ізіңізден ертіп жүріп, көзімен көрсетіп, қолымен ұстатып үйретіп берсеңіз, балаға тез сіңеді. Бір жағынан, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.

Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Сондықтан бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

  • Сіздің балаңыз бен отбасыңыз - өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
  • Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз.
  • Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кеше дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз.
  • Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол, сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін, сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
  • Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
  • Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз.
  • Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас барынша жиі болуын қамтамасыз етіңіз.
  • Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз.
  • Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз.
  • Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз.
  • Егер де қолыңыз босай қалса, оның достарымен танысып, араласуға тырысыңыз.
  • Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз.
  • Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
  • Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындалмаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады.
  • Балаңызды үйге жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл - әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатырған ӘКЕ мен ШЕШЕ. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
  • Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз.
  • Ол сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне деген сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
  • Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз!

Абайдың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Және өзі өспейді, қуат таппайды.

Біреуі- білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткенге қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.

Мұның бәрі - жан құмары, "білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» дейді.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта, қоғам, мектептің де ықпалы өте қажет.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева

ERNUR.KZ