Келіндер ресторанда ҚАМЫР ЖАЙЫП жарысты (видео)

0
24 008

Көпшілік мұны қажетті шара деп санайды.


Келіндер ресторанда ҚАМЫР ЖАЙЫП жарысты (видео)

Қазақтың келіндері салтанат сарайында қамыр жаюдан жарысты.

Бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісінде бейнежазба жарияланып, тарап кетті.

Оқырмандардың көпшілігіне бұл сайыс ұнаған секілді. Көбінің пікірінше, тойларда мәнсіз-мағынасы ойындар ойнатқанша осындай тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастыру керек деп санайды.

Сонымен қатар, оқырман пікірлеріне сәйкес бұл сайыс арнайы ұйымдастырылып, ол ресторанда өткен. Көпшілік оқырман осындай сайыстар ұйымдастырылып жатса, қатысуға ниеті бар екендіктерін де пікір арқылы жеткізіп отыр.

Айта кетейік, қамыр жаюдан өткен сайыс қай жерле өткені белгісіз. Көпшілік пікір арасынан Маңғыстау атауы жиі жазылған.