Қызылордада бір үйдің ЕКІ ҚЫЗЫ бірге ұзатылды (видео)

0
9 159

Бір-ақ күнде қуантып ата-ананы бір үйдің ҚОС ҚЫЗЫ бір күнде ұзатылды...


Қызылордада бір үйдің ЕКІ ҚЫЗЫ бірге ұзатылды (видео)

Бір күнде екі келін түсіргенді естіген боларсыз, қос ұлдың үйлену тойын бірге қосып жасағанды да көрген шығарсыз. Ал, қос қызын бірге ұзатқанды ше, көргенсіз бе?

Кеше Қызылордада Шапағат және Қанағат есімді егіз қыздардың ұзату тойы бір күнде өтті. Иә, бір тойханада, бір уақытта. Оның бірі Шымкентке, екіншісі Алматыға ұзатылды.

Шапағатты Шымкент қаласынан келген ұлы жүздің баласы Асхан, ал егіздің сыңары Қанағатты Алматы қаласынан келген Әлихан есімді жігіт қолына қондырды.

Егіз қыздардың ұзату тойдағы видеосын Қызылорда қаласындағы «Сырғалым» той орталығының директоры Ақбаян Бектұрғанова (@bayan_bekturganova__) инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Оқырмандар бір үйдің екі қызына бақыт тілеп, ақ ниетке толы пікірлерін қалдырды. Сонымен қатар, бұл той қыз өсіріп отырған ата-аналарға жақсы ой да тастаған сияқты.

«Жақсы идея екен, ата-ана бір-ақ рет шығындалатын...», "Қос қызды бір күнде ұзатып, екеуінің құдалығын бір күнде жасауға да болады екен", "Менің де екі қызым бар, арасы бір жас. Екеуінің ұзату тойын бірге жасасам болады екен ғой" деп пікір білдірген ата-аналар көп.

Құрметті оқырман, сіз неше қыз өсіріп отырсыз? Екі қызыңыздың ұзату тойын бірге жасар ма едіңіз? Бұл "вариантқа" қалай қарайсыз?

Фото мен видео: @bayan_bekturganova__

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Тойды "елдің алды" болып өткізуді қалайтындарға КӨҢІЛДІ БЕС ФИЛЬМ (ВИДЕО)

Тойда ойын ойнаған әйел құлап қалды

Жас келінді кілемшемен көтеріп шығарғандар жұрттан сын естіді