Жас келінді кілемшемен көтеріп шығарғандар жұрттан сын естіді

0
3 509

Оқырман: "Жүре алатын келінге жаман ырым шақырғаны несі?".


Жас келінді кілемшемен көтеріп шығарғандар жұрттан сын естіді

Әлеуметтік желіде жас келінді кілемшемен көтеріп залдан шығарғандар жұртқа жақпай қалды. Бейнежазбаны жариялаған парақша "Бұл қай өңірдің дәстүрі?" деген сауал жолдап, өзінің де бұл салттан хабарсыз екенін аңғартқан.



Ал бұл бейнежазбаны көрген желі оқырмандарының көбі бұл салттан хабарсыз екендерін айтып, "жақсы дәстүр емес" деген пікірлерін жарыса жазуда. Өйткені аяғы бар жас келін мен оның жеңгелерін бірге кілемге салып, сүйреу мәдениетсіздік деп баға берді.

Фото желіден алынды.

ERNUR.KZ

Бөлісу