2000-нан астам түркістандық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

0
709

Сондай-ақ, көгілдер отынмен қамту жұмыстары да жүргізіліп жатыр.


2000-нан астам түркістандық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады

Сарыағаш ауданында «ауыл-ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының елді мекендерін дамыту бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округіндегі 11 көшенің 23,3 шақырымына, ал Қабланбек елді мекеніндегі 16 көшенің 18,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, аудан орталығы Сарыағаш қаласындағы 3,7 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен аудандағы 5 көшенің 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, ауданды ауыз сумен қамту бойынша бүгінде Атамекен елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтаған уақытта 210 абонент, яғни 2122 тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, аймақты көгілдер отынмен қамту жұмыстарына келсек, Атамекен елді мекенінде "Тоболино" АГТС газ қуаттылығын арттыратын станцияның құрылысы басталған. АГТС-тің өткізгіштік қуаты - 20000 нм3/сағ. Газ құбыры жүйесінің ұзындығы - 4,73 шақырым. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, бірнеше елді мекен газбен қамтылатын болады.