30-дан астам адам жұмысқа тұрғанын білмейді: Жетісайда сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды

0
510

Қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.


30-дан астам адам жұмысқа тұрғанын білмейді: Жетісайда сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды

Түркістан облысының прокурорлары жұмысқа орналастыру саласында бюджет қаражатын жымқыру жағдайын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы, Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында құны 24 млн. теңгеден асатын жымқыру схемасын анықтады.


Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмысқа жалған тартып отырған.


Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.


Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы:


"Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын "Қазпошта" АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған. Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан. Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды",
- деп мәлімдеді.