4 мыңнан астам түркістандық тұрақты жұмыс орындарына жолданған

0
538

150 тұрғын бизнес жоспарын сәтті қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болған.


4 мыңнан астам түркістандық тұрақты жұмыс орындарына жолданған

Түркістанда «Еңбек» бағдарламасымен 7 мыңнан астам азамат жұмыс орындарына жолданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде баспасөз жиынын өткізген қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков айтып берді. Әкімнің сөзіне сүйенсек, 11 айда «Еңбек» бағдарламасымен 7 мыңнан астам азамат, оның ішінде 4 мыңнан аса тұрғын тұрақты жұмыс орнына жолданған. 629 жас маман «Жастар практикасымен», 118 жас «Алғашқы жұмыс орны» және 175 азамат «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. Ал кәсіп бастауға ниеттенген 150 тұрғын бизнес жоспарын сәтті қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болса, 39 азамат жеңілдетілген шағын несиеге қол жеткізген.


«Қала аумағында биыл 73 ауқымды мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде «Түрленген, гүлденген Түркістан» атты ақындар айтысы, Түркістан облысының 5 жылдығына және қала күніне арналған мерекелік концерттерді атап өтуге болады. Сонымен қатар былтыр жалпы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын, 500 орынға лайықталған мәдениет үйінің құрылысы басталған. Былтыр 52,1 млн. теңгесі игерілсе, 2023 жылға 400 млн. теңге қаралған. Ал спорт саласында қазан айында жалпы құны 767,4 млн. теңгені құрайтын 2050 орынды стадион ашылды. Сондай-ақ, қаладағы 42 240 абоненттің 41 775-і сапалы ауызсумен қамтылған. Бұл тұрғыда биыл 4 нысанның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін сумен қамту көрсеткіші 99,5 пайызға жеткізілмек. Тағы бір нысанның құрылысы келер жылы аяқталады. Ал орталықтандырылған кәріз жүйесімен 13 601 абонент қана қамтылған. Осы орайда қаланы сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 18 жобаны іске асыру көзделген. Қазіргі таңда 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатса, 3 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 5 нысан жобасы республикалық бюджеткеқаржыландыруға ұсынылса, 2 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағын сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткіші 95 пайызға жеткізілетін болады. Бүгінгі күні 38 032 абонент немесе қала тұрғындардың98 пайызы көгілдір отын пайдаланып отыр. Газ құбырына қосылмаған 798 абонент бойынша мердігер мекемелергге бөліп төлеу бойынша ұсыныстар жолданса, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды табиғи газ желісіне қосу үшін демеушілер ұйымдастырылып жатыр. Одан бөлек «Отырар» мөлтек ауданындағы 5 қабатты 36 тұрғын үйді газбен қамтамсыз ету мақсатында биыл республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге қарастырылып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 42 240 электр абонентінің 36 669-ы сапалы электр қуатымен қамтылған. 2022-2023 жылдары 7 нысанның құрылысы жүргізіліп, 4 нысан пайдалануға тапсырылды. Ал 2 нысанның құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталса, бір нысан 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде қосымша 13 500-ден астам абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 347 нысан орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 14 қазандыққа қосылған. Оның 199-ы көпқабатты тұрғын үй, 148-і әлеуметтік нысан болса, қалғаны жеке және заңды тұлғалар. Тозығы жеткен құбырлар кезең-кезеңімен ауыстырылып, жылу құбырларының тозу деңгейі шамамен 79 пайыздан 30 пайызға төмендеді. Тағы бір 3,7 шақырымдық жобаны іске асырып, тозу деңгейін 10 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз», - деді қала әкімі баспасөз жиынында.