«Аппақ киім киген қыз асылып тұр екен»: Ержан Серікбаевтың ұлы мен әріптесі суицид жасаған қызды құтқарып қалды (видео)

0
632

Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіргенде әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.


«Аппақ киім киген қыз асылып тұр екен»: Ержан Серікбаевтың ұлы мен әріптесі суицид жасаған қызды құтқарып қалды (видео)

Павлодардан түскен қоңырау Түркістан облысында өзін қол жұмсамақ болған қызды құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы үйлердің бірінде өзіне қол жұмсамақ болған қызды екі тәртіп сақшысы аман алып қалды. Нақтырақ айтсақ, түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өзіне-өзі зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлаған. Мұны естіген полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев бірден қыздың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, сол жерге жетеді.


Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпадан асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіргенде әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.


Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын анықтайды.


Олар үйдің барлық жерін аралай бастағанымен, қызды таппайды. Содан соң, Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне шығатын баспалдақты байқап, онымен жоғары көтерілгенде арқанға асылып тұрған қызды табады. Осылайша, екі полицей қызды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, суицид жасамақ болған тұрғынды аман алып қалған.


«Сатымен жоғары көтеріліп, жарықты жаққанда аппақ киім киіп, жіпкке асылып тұрған қызды көрдім. Бірден оны көтердім де, әріптесім жіпті қиды. Қызды ептеп жерге түсіріп, дәрігерлердің айтуымен алғашқы медициналық көмек көрсеттік», - дейді Бейбарыс Серікбаев.


Ал, дәрігерлер екі тәртіп сақшысы өз қызметтерін өте сапалы атқарғандығын және дұрыс әрекет етпегенде қайғылы жағдай орын алуы мүмкін болғанын айтады.