АРЫС: 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды

0
1 173

​Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын.


АРЫС: 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды

Арыс қаласын қалпына келтіруде 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1-сектор.

Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ, Атырау облысы мен Жетісай ауданы әкімдігінің қызметкерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сектор аумағында тұратын арыстық жергілікті тұрғындарға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.

Айта кетерлігі, №1-сектор Көктем шағын ауданында орналасқан. Аумаққа қарасты 571 үйдің 468-і жөндеуден өткен. Оның ішінде 55 үй толықтай басынан тұрғызылып отыр. Бұдан бөлек, 11 кәсіпкерлік нысан жөнделген. Құрылысты барлығы 13 мердігер компания жүргізді. Жалпы құрылысқа 700-ге жуық құрылысшы мен 12 техника жұмылдырылған.

Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі